12 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қазақ жалқау" деген - Кеңестік билік ойлап тапқан жалған стереотип

12 май 2020, 12:40
"Қазақ жалқау" деген - Кеңестік билік ойлап тапқан жалған стереотип
Бәрі қарапайым қазаққа ақыл айтқыш әйтеуір. "Қазақ жалқау", "қазақ еріншек" дейді. Әнші мен әртістен сұхбат ала беретіндерді түсінбеймін. Не айтады бұлар? Көбінің соңғы оқыған кітабы "Әліппе". Солардан қандай кемеңгер ой, ғылыми тұжырым күтесіңдер...білмедім.

Жалпы қазақ жалқау ма? Жалпы "жаман ұлт болмайды, жаман адам болады" деген сияқты, "жалқау ұлт болмайды, жалқау адам болады". Ресей империясы артынша Кеңестік билік қасақана ойлап тауып, қоғамға тастаған бірнеше жалған стереотип бар. Қазақты жалқау, еріншек, білімсіз ұлт ретінде суреттеп, ұлттық рухты түсіруге барын салды. "Қазаққа білім керек емес, ол қой бақса жетеді" деді. Бәрі де жалған, өтірік, қасақана ойлап табылған саяси әдіс болатын. Жә, қойшы сол бір шірік кезеңді. Қазір КСРО емес, басқа дәуір. Бірақ сол көзқараспен әлі өмір сүріп жатқан жандар бар. Көбісі қазақтар. Миын шаю мүмкін емес болып қалған.

Ей, қазақты жалқау дейтіндер! Сендер өзі кітап оқисыңдар ма? Шетел тарихшыларының не жазып жатқанын қарасаңдаршы. Бәрі қақаған қыста, аптап ыстықта көшпенділер қалай күн кешкеніне таңданыс білдіреді. Қамалдан шықпай қамалып отырғандар ондай өмірде болса, бір күн шыдамай өліп қалатынын жазады. Сол көшпендінің бірі мына біз едік. Қырық градус аязда ат үстінде мал бағып, ел қорғап, төрт мезгіл жүздеген шақырым көшіп күн кешетін дәуірде - жалқаулар бірінші арам қатады.

"Өткен дәуір ғой ол" дейтін шығарсың. Жақсы, қазіргі уақытқа оралайын. Терезеңді аш. Не көріп тұрсың? Көліктер зулап жатыр. Барлығы өз жұмысымен жүр. Бірі жүк тасып, енді бірі құм тасуда. Бәрі қазақтар. Салынып жатқан құрылысты қара. Қаптаған құрылысшы. Көбі қазақтар. Ауланы сыпырып жүрген кімдер, базарда сауда жасап жатқандар ше, зауыттар мен кен орындарындағылары ше, мал бағып, егін еккендер ше, компаниялар мен фабрикаларда кімдер жүр, мектептер мен ауруханаларда кімдер сабақ беріп, емдеуде, 12187 шақырымды кім күзетіп тұр? Бәрі қазақтар. Оның бәрі жұмыс.

Қазақ жалқау болса, көктем шыға сала бақша еге ма? 250 мың тонна орамжапырақты жалқаулар өсірді ма? Жоқ, еңбекқор қазақтар өсірді. Шіріп кетуі, өтпей қалуы қарапайым қазақтың емес, нашар мемлекеттік менеджменттің және тосыннан келген індеттің кесірі.

Қазақ жалқау болса мыңдағаны Оңтүстік Кореяда айға бата беріп жүр ма? Жоқ, қиналып қаржы тауып жүр. Жалқау болса Сеул аспай, алма піс, аузыма түс деп жата берер еді-ау ауылында.
Айта берсе мысал көп.

Елге ақыл айтқыш әншілер мен әртістер қара жұмыс істеп көрмей ма, сосын терең пәлсапа айта берсін. Ауыздарын екі-ақ рет жазылған запиське жыбырлатып, әр тойдан миллион алатын адам нағыз еңбек пен қара тер жайлы ой толғамаса да болады жалпы. Өйткені түсінбейді.

Бір ұлттың атынан оның табиғатына сипаттама бере салатындар көбейді. Мынау жалқау, анау еңбекқор дейді. Айналайындар, әр ұлттың арасында еңбекті сүйетіндер де, жатып ішерлер де болады. Өмір ғой. Бұл әлемде шыбық басын сындырмайтын жапон да бар, күріш екпейтін қытай да бар, еңбек етпейтін ағылшын да бар, әріп танымайтын еврей де бар. Бірақ олар ешқашан "еврей еріншек", "жапон жалқау" демейтін шығар. Мүмкін әншісымақтары деп те жатқан болар.

Айтпағым жалқау деген түсінік ұлтқа емес, жеке адамға қатысты. "Мен жалқаумын" деп айта бер, бірақ "менің ұлтым жалқау" деп айтпа. Бұ қазақ айлығы шайлығына жетпей бірнеше жұмыста қатар жүрген халық.

"Қазақ жалқау" деп қазақ айтып тұрса, анталаған жауға табалауға себеп, мазақ етуге мүмкіндік бермей ма? Соны неге ойламайсыңдар.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 566

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 980 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 667 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 166 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 201 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 573 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 815 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 847 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 179 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 859 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 890 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 098 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 872 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 006 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 636 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 531 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 755 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 507 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 905 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 699 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 515 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 357 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 202 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 571 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 445 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 936 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 362 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 264 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 501 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 188 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 332 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 262 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 505 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031