26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бос жұмыс орындары көп, жұмыс іздеушілер аз

Бос жұмыс орындары көп, жұмыс іздеушілер аз
Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) enbek.kz мамыр айының басында Қазақстан бойынша жұмыс берушілерден 125,4 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Ал, жұмыс іздеушілердің түйіндемесі екі есе аз, яғни 75,7 мыңды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшыларының айтуынша, бос жұмыс орындары мен түйіндемелер санының күрт төмендеуі наурыз айында тіркелген. Мәселен, бос орындар саны 2019 жылдың соңында 68,9 мыңнан 2020 жылдың наурыз айында 34,2 мыңға дейін азайды. Түйіндеме саны ағымдағы жылдың ақпан айында 29 мың болса, наурыз айында 20,1 мыңға дейін төмендеген.

Бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің күрт төмендеуі елде енгізілген төтенше жағдай режимімен тікелей байланысты. Алайда, карантиндік шектеулер алынып, нарыққа жан бітіп, кәсіпорындар жұмысын қайта бастады және олар кадрларға мұқтаж, - деп түсіндірді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті Балжан Шаменова.

Түйіндемелер саны бойынша сұранысқа ие кәсіптің бірінші үштігіне 2,6 мың - автокөлік жүргізушісі, 2,3 мың – медицина (медбике) қызметкерлері және 2,2 мың – заңгер кірді. Алайда, жұмыс берушілер үшін қажет мамандардың үштігіне - патрульдеу инспекторы, күзетші және медициналық қызметкерлер енді. Ең аз сұранысқа ие мамандықтар (түйіндемелер мен бос орындар арақатынасы бойынша) - заңгер, іс жүргізуші және дене шынықтыру мұғалімі.

Жалпы, жұмыс берушілер тарапына ең үлкен сұранысқа ие мамандар: кәсіби мамандар - 36,6 мың, қызмет көрсету және сату саласының қызметкері – 21,2 мың, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас сала жұмысшылары – 19,5 мың бос жұмыс орны бар.

Өңірлер бойынша 2020 жылдың І-ші тоқсанының қорытындысы бойынша ең көп бос жұмыс орындары Қостанай облысында – 17,7 мың. Екінші орында Нұр-сұлтан – 15,8 мың, үшінші Қарағанды облысы – 10,9 мың. Төртінші орында Алматы – 10,6 мың бос жұмыс орнын ұсынған.

Ең аз бос орындар саны Маңғыстау облысында – 3,1 мың, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – әрқайсында 3,6 мың бос орындар. Бірқатар облыстарда жұмыс іздеушілер саны ұсынылған бос жұмыс орындарынан артық. Мысалы, Түркістан облысында жұмыс іздеушілердің саны – 8,9 мың, Маңғыстау облысында – 6,9 мың, Қызылорда облысында – 6,5 мың түйіндеме орналастырылды. Бұл өңірлерде жұмысқа сұраныс ұсыныстан асып түседі.

Маңғыстау облысында 100 бос орынға 219 түйіндеме, Қызылорда облысында – 182 түйіндеме, Түркістан қаласында – 112 түйіндеме, Алматы облысында – 105 түйіндеме. Ал, кейбір облыстарда керісінше бос жұмыс орындары жетерлік, бірақ жұмыс іздеушілердің саны аз. Қостанай облысында 100 бос орынға 16 түйіндеме, Нұр-Сұлтанда – 26 түйіндеме, Алматы – 27 түйіндеме.

Естеріңізге салсақ, Жұмыспен қамтудың жол картасы (ЖЖК) және түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында биылғы жылы жұмыспен шамамен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарлануда. Жол картасы аясында 2020 жылы 1265 жобаны іске асыру басталды, онда 17 мың жұмыс орны құрылды, 10,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жол картасы жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Жұмыспен қамту жол картасы инфрақұрылымдық жобалары 4 негізгі бағыт бойынша іске асырылады:

-әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру және салу (2 703 жоба);
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (1 039 жоба);
-күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту, инженерлік-көліктік инфрақұрылым құрылысы (1 799 жоба);
- елді мекендерді абаттандыру (965 жоба).
Просмотров материала: 734

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 360 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 180 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 151 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 095 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 079 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 253 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 277 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 090 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 607 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 755 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930