26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ертең елді кім асырайды?

29 апрель 2020, 12:40
Ертең елді кім асырайды?
ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына!

Құрметті Президент мырза!


Бүгінгі дағдарысқа байланысты Үкіметіміз 361 мекемеге қаржылай көмек көрсететін болып жатыр. Ол тізімде 218 құрылыс (оның 80-і BI Group қарасты), 86 – сауда мен жылжымайтын мүлікті жалға берушілер, 26 – көлік, 15 – энергетика және 5 – тау-кен компаниясы бар екен. Бірақ, бір де бір өндіріс компаниясы жоқ көрінеді. Оны саралаған ҚР Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы мәлімдеме жасапты. Мәлімдемедегі «авиакомпаниялар мен аэропорттарға, энергетикалық, элиталық тұрғын үй салатын және элиталық автомобиль сататын компанияларға қолдау көрсетуге басымдық беруге болмайды»; «Тізімге мақсаты мен бағыты жағынан мемлекеттен көмек алуға тиіс емес бизнес өкілдерінің кіруіне жол беруге болмайды!»; «Үкіметтің нақты өндіріс кәсіпорындарына көмек көрсетудің орнына миллиардтарды тарифты көтеріп қойып, аса бір мұқтаждық көрмейтін монополистерге жұмсауы мемлекеттік ұйымдардың беделін түсіреді, оған жол беруге болмайды!»; «бұл – барлық кәсіпкерлер мен елдің бүкіл тұрғындарының бетіне түкіру болып көрінеді» деген, «тізімді қайта қарау керек!» деген сөздерін оқығаныңызға күмәнім жоқ. Бұдан артық ащы да ақиқи айту мүмкін емес.

Мен тек өз тарапымнан мұндай қаржыны ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруге: егіншілікті интенсивті пайдалануға көшіруге, одан да бұрын етті, сүтті, жүн мен теріні тереңдете өңдеу ісіне жұмсауға міндетті екенімізге Сіздің назарыңызды аударғым келеді.

Бұл мәселе 30 жылдан бері айтудай айтылып, бірақ, әлі күнге қолға алынбай-ақ қойған мәселе. Біздің сүт пен айранды, сарымай мен ірімшікті - Ресей мен Қырғызстаннан, етті - Аргентина мен Бразилиядан алып отырғанымыз естіген құлақтан ұят. Осы дағдарысты, Төтенше жағдайды пайдаланып ауыл шаруашылығын көтеріп алмасақ, ертең ақша таба алмай қаламыз. Біз сонда ғана баяғыда брендімізге айналуға тиіс экологиялық таза Тағам өнеркәсібі мен киім шығаратын Жеңіл өнерәсіпке негіз салып аламыз. Сонда ғана халқымыз қандай дағдарыс болса да өзінің аш-жалаңаш қалмайтынына сенімді болады. Өйткені, мақта мен жүніміз, теріміз бар біздің ішкиім-көйлектен бастап ішік-тонға дейін өзімізді толық қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз жетіп-артылады. Сырты құндыздай жылтырайтын, ішінде неше түрлі жылытқышы бар жеп-жеңіл тайжақы жауын мен аяздан бірдей қорғайтын, нағыз әлемдік қазақ бренді болар еді...

Дағдарыс ұзаққа созылмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Мұнайдың бағасы көтерілмей қойса, экспортқа шығаратын өніміміз шамалы-ақ, сонда не істейміз? Жарайды, 1 миллион олигархтар мен байлар қинала қоймас, қалған 17 милиион халықты немен асырайсыз? Жауапкершілік сіздің мойныңызда ғой? Жапония мен Қытай өткен, «бір ауыл – бір өнім» қағидасын ұстансақ, «Все силы – на Дениикина!» деген Лениннің ізімен «Бар күшіміз – ауылды өркендетуге!» деген ұранмен қимылдсақ, бір-екі жылда «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» деген Бейімбет атамыздың арман-өсиетін іске асырар едік.

Бүгін таңда халыққа, әсіресе қазаққа ең бірінші керегі – күнделікті тамағы мен басына баспана. Тамақ жайын ауылды көтеріп шеше аласыз. Баспананы шешу үшін – Астана мен Алматыдан бастап барлық қаладағы жалға берілетін және бос тұрған пәтерлерді тексертіңіз. Мыңдаған емес, жүз мыңдаған қазаққа баспана тауып бересіз!..

Құрметті Президент мырза!

Ұлттың тағдыры шешілетін сәтте қызмет мәртебесі мағдайыңызға бұйырды. Батыл да жедел қимыл күтеді ел-жұрт сізден. Өйткені, мүмкіншілік те, ауыздан шыққан сөз секілді, қайтып келмейтінін сіз жақсы білесіз.

Ісіңіздің алға басуына тілектеспін. Алла-Тағала өзіңізге жар болсын!

Өмірзақ Ақжігіт,

Тәуелсіз журналист

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 694

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 304 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 096 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 038 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 022 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 872 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 071 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 591 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 738 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930