5 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ата-аналар науқас балаларына қажет дәрі-дәрмекті таппай отыр

28 апрель 2020, 12:00
Ата-аналар науқас балаларына қажет  дәрі-дәрмекті таппай отыр
Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы тағы туындады. Бұл жолы «муковисцидоз» дертіне шалдыққан науқастарға қиын болып тұр. Үкіметтен тегін үлестірілетін препарат дәріханалардан табылмай жатыр. Тіпті, былтырғыны есептемегенде, биылдың өзінде 4 айдың дәрі-дәрмегі қолданылмай, мерзімінен өтіп кеткен. Соның кесірінен, кейбір науқастың денсаулығы күрт нашарлап барады дейді біздің арнаға шағымданған ата-ана. Ал, салаға жауапты мамандардың жауабы қандай дейсіз ғой? Сол баяғы қағазбастылық. Мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпазын анықтай алмай жүрміз дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Шымкенттік Вера Смирнованың ұлы сирек кездесетін дертке шалдыққан. 6 жасар Виктор «муковисцидоз» атты генетикалық аурумен ауырады. Сондықтан, бүлдіршінге үнемі күтім қажет. Әрдайым уыс-уыс дәрі ішіп, балама терапия жасайды. Ұлының өн бойына жабысқан дерттен айықтыру үшін ата-анасы дәріханадан тегін дәрілер алып жүрген. Алайда, соңғы уақытта ол да жоғалып кетті, дейді.

Вера Смирнова, науқастың анасы:

«Былтыр Шымкентте науқас балалар колистиметат натрий препаратының 3 курсын қабылдай алмады. Себебін білу үшін, Денсаулық сақтау басқармасына хат жолдадық, «СК-Фармацияға» хабарластық, әлеуметтік желілерге шықтық алайда ешбірінде жәрдем болмады. Міне, биыл тағы да 4 ай өтті, әлі жоқ».

Препараттың тапшылығынан Вераның әр күні күйзеліспен өтуде. Үкіметтен тегін берілуі тиіс «тобрамицин» және «колистиметат натрий» дәрісі емге табылар емес. Дер кезінде пайдаланбағандықтан перзентінің денсаулығы да көз алдында кері кетіп бара жатқан көрінеді. Айтуынша, аталмыш дәрі-дәрмектер кезінде жергілікті бюджеттен сатып алынып келген екен. Тек кейіннен мемлекеттік сатып алу байқауын ұйымдастыру мен өткізу біріңғай дестрибютер компаниясына жүктелген соң осындай түйткіл туындапты.

Вера Смирнова, науқастың анасы: «Өкінішке орай, Шымкентте дерттің осы түріне шалдыққан 18 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ата-анасына обал әрине. Біз балалардың бақытты өмір сүргенін қалаймыз. Сондықтан, Үкімет осы мәселені ертерек шешіп берсек екен».

«Тобрамицин» және «колистиметат натрий» дәрі-дәрмегін сатып алу үшін бірыңғай дистрибьютер компанияның Шымкенттік өкілдігі былтыр бірнеше мәрте тендер жариялапты. Алайда, мемлекеттік сатып алу байқауына ешбір компания өтініш бермеген екен. Соның салдарынан аталмыш препараттар сатып алынбаған. Кейінен ұйымдастырушылар препараттардың бағасын қайта қарап, байқауды өткізген. Бірінің қорытындысы 20-шы мамырдан кейін белгілі болса, екіншісі, тағы да тендерге жарияланады, дейді жауаптылар.

Ұлжан Нұғманова, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» компаниясының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің басшысы:

«2020 жылы медициналық ұйымдар 156,9 млн теңгеге «Тобрамицин» препаратының 41524 капсуласын сатып алуға өтінім берді. «натрий колистиметат» препаратын медициналық ұйымда 38,4 млн теңгеге 19 270 флаконға өтінім берді. Дәрілік заттапды сатып алу үшін өндірушілермен тұрақты түрде келіссөздер жүргізілуде».

Дегенмен, ақжағалылар төтенше жағдай режіміне қарамастан, өңірлерге дәрі-дәрмектер толық жеткізілген деп есеп берді. Биылға 1385 атаулы препаратты 259 млрд теңгеге сатып алу жөнінде келісім-шартқа қол қойылғанын және оның ішінде 27 млрд теңге болатын дәрі-дәрмектер науқастарға тегін таратылып, берілген айтады.

Берік Шәріп, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС басқарма төрағасы:

«Әрине, бірен-саран дәрі-дәрмек үшін бізде кішкентай жеткізу мәселері туындап жатыр. Әсіресе, Үндістан мемлекетінде шекара жабық осы сәуір айынан бастап. Сол себептен, бір екі мәселелер қиындап тұр. Бірақ, біз қазір бұл мәселелерді шешіп жатырмыз».

Үкіметтің тегін препаратына қол жеткізгенше, науқас пен оның ата-анасы жандарын шүберекке түйіп жүре тұруларына тура келеді. Өйткені, дәрі-дәрмекті жеткізуші жеңімпаз қашан анықталып, өңірлерге қай уақытта жеткізілетіне әзірге белгісіз.

Просмотров материала: 1 397

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 858 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 692 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 314 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 363 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 652 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 225 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 364 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 590 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 650 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 808 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 504 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 935 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 233 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 053 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 257 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 327 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 000 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 388 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 111 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 122 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 957 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 788 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 046 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 992 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 505 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 979 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 825 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 102 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 843 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 797 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 844 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 803 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 029 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 174 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930