17 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін құпия сөз ойлап табылды

23 апрель 2020, 12:10
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін құпия сөз ойлап табылды
Елорда полициясы тұрғындарға отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғанудың жолдарын ұсынып, шағымдану алгоритмін, дағдарыс орталықтарының мекенжайын және сенім телефондарын таратты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

БҰҰ мәліметтері бойынша, коронавирус пандемиясына байланысты көп елдерде карантин шаралары енгеннен кейін, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрт өсуі байқалған. Егер сіз зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, мамандар сізге мына әрекеттерді орындауға кеңес береді:

1. Дереу полицияға 102 телефонына хабарласыңыз. «Сіздерге маскалар мен антисептиктер түсті ме?» деген құпия сөзді қолданыңыз. Осылайша, отбасындағы зорлық-зомбылықты жасырын хабарлауға болады. Содан кейін тұрғылықты мекенжайды көрсету керек.

2. Qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн-өтінім жіберуге болады.

«Сіз полиция қызметкерінен тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жерге барып, құқық бұзушыға қарсы шара қолдануды талап етуге құқылысыз. Жарақат алған жағдайда 103 телефонына хабарласып, жедел жәрдем шақырып, сот-медициналық сараптамадан өтуге полиция қызметкерінен анықтама алу керек», - дейді департамент өкілдері.

Сондай-ақ республикада балалар, жастар мен ересектерге зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда 150 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді.

Сауалдарды telefon150.kz сайтында немесе +77081060810 whatsapp анонимді нөмірі арқылы жолдауға болады.

Сонымен қатар елордада дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Онда әйелдерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, учаскелік инспекторлармен, қажетті ұйымдармен байланысу жолдарын ұсынады. Шағымның анонимдігі мен құпиялығына кепілдік беріледі.

«Өміріңізге қауіп төнген жағдайда, көмек cұрау үшін орталықтарға жүгіне аласыз», – делінген хабарламада.

Орталықтардың мекен-жайы және байланыс телефондары:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ

Сенім телефоны: +7 7172 49-78-89

e-mail: centr_07_2013@mail.ru

2) «Қорғау-Астана» жеке қоры

Сенім телефоны: +7 7172 63-46-01, 30-60-73

e-mail: Korgau_astana@mail.ru.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанынан әйелдерге кеңес беріп, қажетті қолдау көрсететін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істейді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің әйелдерді қорғау бөлімшесі қиын жағдайға тап болғандарға заң жүзінде кеңес беруге, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін 8 (7172) 71 60 63 сенім телефонын ұсынады.
Просмотров материала: 1 196

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 621 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 317 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 811 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 847 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 222 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 848 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 879 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 211 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 890 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 922 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 130 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 877 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 014 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 646 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 522 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 544 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 759 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 516 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 915 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 707 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 524 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 366 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 208 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 580 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 455 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 943 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 376 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 273 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 509 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 902 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 249 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 192 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 342 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 270 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 513 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 646 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031