17 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде соңғы 15 жылда эпидемия мамандары даярланбаған

22 апрель 2020, 17:20
Елімізде соңғы 15 жылда эпидемия мамандары даярланбаған
Елімізде эпидемияның таралу тенденциясын кәсіби тұрғыда бағалай алатын мамандар аз. Қазақстанда 2007 жылдан бері эпидемиолог мамандарын дайындалмаған. Бұл туралы бүгін «Ақ жол» фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өзінің депутаттық сауалында мәлімдеген екен. Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына қарата айтылған депутаттық сауалдың толық мәтінін жариялағанды жөн көрдік.

Қазақстан Республикасының

Премьер - Министрі

А.Ұ.Маминге!

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!


Екі ай бойы бүкіл дүниежүзі таң атысымен коронавирус туралы ақпаратты майданнан хабар күткендей қарайды. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан бойынша ахуал ел Президенті мен Үкімет қабылдаған карантин енгізу мен еліміздің өңірлерде өзін-өзі оқшаулау шаралары оң нәтижесін берді.

Бұл бүкіл әлемдік қауымдастық орасан шығындарға, адами шығындарға ұшырап жатқанда әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан болмаса да елімізде індеттің ауыр салдары жойылады деген үміт ұялатады.

Оқшаулау кезіндегі дәрігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметіне түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытқан азаматтар құрмет пен алғысқа лайық.

Қорытынды шығаруға әлі ерте болса да, төтенше жағдай бірнеше өткір мәселелердің басын ашып берді. Олардың көпшілігі қоғамда қызу талқылануда, «Ақ жол» Демократиялық партиясы өзінің алдыңғы мәлімдемелерінде және депутаттық сауалдарында нақты фактілерді атап өткен болатын.

Дегенмен, мына бір мәселе ерекше қарауды қажет етеді. Біздің партияға өтінішпен жүгінген медицина саласының қоғамдық өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда он бес жылдан бері эпидемиолог мамандары даярланбайды екен.

Медициналық жоғары оқу орындарының 2005-2007 жылдарға дейін жұмыс істеп келген санитарлық – эпидемиологиялық факультеттері емдеу факультеттері мен жалпы медицина факультетіне біріктірілді. Содан бері медициналық жоғары оқу орындарында «Эпидемиология» мамандығы жоқ, олардың біліктілік талаптары да жойылды.

Бұндай жағдай объективтік себептерге байланысты туды, өйткені сол кезде ЖОО бітірушілер мамандықтары бойынша жұмыс таба алмады, ал СЭС органдары жұмысқа орналасушылардың арнаулы кәсіби құзырларына емес, мемлекеттік қызмет талаптары бойынша басымдық берді.

Бүгінгі таңда эпидемиология саласының соңғы мамандары тауарлар мен қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарында, немесе жеке меншік салада жұмыс істейді. Олар зейнетке кеткен соң олардың орындарын, қазіргі қоғамдық денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, яғни, менеджерлер мен заңгерлер басады. Алайда эпидемияның алдын алу және жою ерекше кәсіби біліктілікті, вирусология, иммунология, биохимия және тағы басқалар салаларды қажет етеді.

Сондықтан, біздің елдегі пандемия деңгейінің төмендігі туралы оптимизміміз фактілермен расталғанмен, эпидемияның даму тенденцияларын кәсіби түрде бағалай алатын адамдардың аздығына алаңдау керек. Сонымен қатар, қазір жұмысқа қайтып оралып жатқан кейбір кәсіпорындардағы эпидемиологиялық ахуалды бағамдау тіпті мүмкін емес. Алайда пандемиямен күрес дәл сол жерлерде шешіледі.

Мемлекеттің назарынан тыс қалған эпидемиологтардың жоғалуы - «отряд жауынгердің жоғалғанын байқамадының» кері келуі, еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің, оның нормалары және басымдықтары - жаһандық дағдарыстар мен қарсылықтарға дайын еместігін көрсетеді.

Әрине, бұл жағдай тек денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселе ғана емес.

Қазір біздің басты назарымыз дәрігерлеріміздің жаңқиярлық еңбегіне ауып отыр, олар өздерінің денсаулықтарын құрбан ете отырып бұрыннан келе жатқан олқылықтарды жауып, кәсіби біліксіздіктерді көрсетпей, жергілікті медицина шенеуніктерінің бассыздықтарын байқатпады. Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл әрекет етіп, жұртшылықтың талаптарына назар аударуда.

Көптеген елдерде құндылықтарды қайта қарау жүруде, «жұлдыздардың», кәсіби спорт және шоу – бизнес өкілдерінің миллиондаған жалақыларына қатысты кері пікірлер айтылып, қарапайым дәрігер еңбегі қоғам үшін қаншалықты маңызды екені айтылуда

Экономикада және өмір сүру деңгейінде ғана емес, сонымен қатар бұрынғы денсаулық сақтау жүйесі тиімсіз болған денсаулық сақтау қаупі саласында да жаңа, әлдеқайда қатал шындық пайда болды. Коронавирусты індеттің қайталануы Жапония мен Сингапур сияқты дамыған елдерде де байқалады, халықаралық сарапшылар пандемияның ұзаққа созылатын сипаты мен жаңа вирустардың пайда болатынын болжауда.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Үкіметтен шұғыл түрде:

- Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы немесе Батыс Қазақстан медицина университеті (бұрын сәйкес факультеттер болған) базалары жанында мамандандырылған Эпидемиологиялық орталық (институт) құруды;

- медициналық жоғары оқу орындарында «эпидемиология» мамандығын қалпына келтіруді, оқу бағдарламалары мен біліктілік талаптарын бекітуді;

- жаңа оқу жылынан бастап аталған мамандық бойынша абитуриенттер үшін қосымша гранттар, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шет елдерде оқу гранттарын бөлуді;

- жергілікті жерлерде эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін медициналық мамандардың қажеттілігі үшін қайта даярлауды;

- Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі Комитеті қызметкерлері үшін медицина қызметкерлерінің бейіндік деңгейінде санитарлық –эпидемиологиялық міндетті біліктілік талаптарын енгізу бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

Құрметпен,

«Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының депутаттары.

Дереккөз: Abai.kz.


Просмотров материала: 1 705

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 640 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 336 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 830 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 866 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 241 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 849 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 880 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 212 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 891 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 923 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 131 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 877 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 014 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 646 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 522 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 544 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 759 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 516 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 915 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 707 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 524 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 366 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 209 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 580 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 455 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 943 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 377 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 273 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 509 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 902 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 249 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 193 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 342 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 270 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 513 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 646 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031