25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Карантин кезінде ауызашарға баруға бола ма – Бас мүфтидің жауабы

21 апрель 2020, 14:00
Карантин кезінде ауызашарға баруға бола ма – Бас мүфтидің жауабы
Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 24-ші сәуірінде басталатын Рамазан айы жылдағыдан ерекше болып өтеді. Атап айтар болсақ, мешіттерде жамағатпен бірге намаз оқылып, құлшылық жасалмайды. Пітір-садақаны мобильді қосымшалар арқылы өзіңіз тұратын өңірдегі мешіт есебіне аудара аласыз. Ал дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне ораза ұстауға болады ма, қасиетті Қадір түні биылғы жыл қай күнге түседі, ауызашарға туыстар үйіне кімдер бара алады деген сұраққа еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚМБД төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, карантин жағдайындағы Рамазанда кезінде жамағатпен намаз оқу мүмкін емес.

«Жамағатпен оқылатын намазға уақытша шектеу қойылады. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Әрине, бұл уақытша сынақ. Алайда жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанмен, сауап пен ізгілік есіктері ешқашан жабылмайды. Қасиетті хадис-шарифте айтылғандай: «Мұсылманның ниеті амалынан қадірлі». Онлайн режимде насихат тыңдап, сауаптармен ортақтасуға болады»,- деді ол.

Журналистерге арналған брифинг барысында Бас мүфти ҚМБД тарапынан жамағат игілігі үшін Рамазан айында жүзеге асырылуға тиіс жобалар жоспары ұсынылды.

ҚМБД «Mүфтият.кз» сайтынан «Рамазан» энциклопедиясы қосымша парақшасы қосылып отыр. Бұл парақшада толық Рамазан жөнінде ақпарат алуға болады.

Еліміздегі облыс орталығы мен аудан, қала, кенттердің Рамазан кестесі қазақ және орыс тілдерінде «Мүфтият.кз» сайтында орналастырылды.
«Hikmet.tv» студиясы арқылы 30 күн ораза бойы білікті имамдар мен ұстаздарымыздың «30 күнге 30 уағыз» атты онлайн дәрістері жүргізіледі.
«Hikmet.tv»студиясы арқылы күн сайын республикалық Әзірет-Сұлтан мешітінің қабырғасында күніне 1 сағат арнайы онлайн Хатым оқылып, қасиетті қадір түнінде хатым дұғасы жасалады.

Сондай-ақ Instagram-дағы «Muslim.kz» парақшасында имамдармен бір толқында дұға жасауға ниеттенген жамағаттың иглігі үшін Рамазан айының бірінші күнінен бастап күнделікті әр 15 минут сайын «Батамен ел көгерер» атты онлайн режімде дұға жасап, батаға қатысу рәсімі ұйымдастырылатын болады. Қайтыс болған кісілерге құран бағыштаймыз, пітір-садақа берген кісілердің пітірі қабыл болсын деп имамдарымыз дұға жасайтын болады.

Сондай-ақ, ҚМБД төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров көпшілікті алаңдатқан бірнеше сауалдарға жауап берді.

Қадір түні қашан болады?

Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн мың айдан да қадірлі болатын қасиетті Қадір түні. 24-ші мамыр күні Ораза-айт намазы оқылады.

2020 жылғы пітір садақа құны қанша?

Мобильді қосымшада онлайн жүйе арқылы садақа беруге болады. Рамазан айында берілетін зекетті «Каспий банк», «Халық банкі» және «Qiwi» мобильді қосымшалар арқылы аударуға болады. Айта кетейік, ҚМБД басқа да банктермен келісім жүргізуде. Мобильді қосымшаларға әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы Орталық мешіттердің есепшоттары енгізілді. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотын пітір-садақасы мен зекетін үйден шықпай, онлайн-режімде аудара алады.

Айта кетсек, ҚМБД-ның төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адамға берілетін пітір-садақа мөлшері - 370 теңге деп бекітілді. Пітір-садақаның құны 2 келі ұнның республика бойынша нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Материалдық жағдайы бар азаматтар пітір-садақаны мейіз немесе құрманың құнымен берсе болады. Өз қажеттілігін қоспағанда мал-мүлкі, дүниесі, күміс-нисабына жеткен, яғни, 127 мың теңгесі бар адам өзі және жанұясы үшін пітір-садақа беруі міндет.

Коронавирустан қорғану үшін антисептикалық құралдар пайдалану Оразаны бұзады ма?

«Бұзбайды. Қазір біз жәй жағдай емес, төтенше жағдайдамыз ғой. Сондықтан бұл кезде адам өзі қорғануы үшін денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығына зиян тигізбейтін дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды»,-деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға болады ма?

Бас Мүфтидің жауабы:

«Құрметті ағайын, жақындарымызды үйге шақырғымыз келеді. Бірақ біз ағайынның, көршінің амандығы үшін карантиндегі талаптарды орындауға шақырамыз. Әзірше оқшауланғандарыңыз дұрыс. Күн жақсы болған кезде, бір бірімізді қонаққа шақырамыз».

Дәрігерлер мен полицей қызметкерлеріне ораза ұстауға болады ма?

Біреудің өміріне жауапты дәрігерлер, ұшқыш немесе ауыр қызмет иелері, кенші-металлург сынды қауіпті нысанда істейтін адамдар ораза ұстай алмаса, оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар елдің қарулы күштері бейбітшілік жағдайынан соғыс жағдайына көшірілген кезде ораза тұту әскердің қырағылы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса, оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орнына басқа күні ауыз бекітуге болады.

Коронавируспен ауыратындардың 70% ауру белгілері білінбей өтеді. Дәрігерлер оразаның басында адам иммунитетінің төмендейтінін айтуда. Осыған қатысты ҚМБД былай деп пәтуа берді:

«Мұндай жағдайда сенімді дәрігер белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа бір аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қаупі күшейетініне қатысты кеңес берсе, ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Ораза қазасын басқа күндерге өтеуге ғалымдар тарапынан рұқсат берілген».
Просмотров материала: 1 848

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 126 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 949 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 919 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 859 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 840 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 239 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 006 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 533 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 682 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930