6 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда 300 мыңға жуық адам табыссыз қалды

17 апрель 2020, 15:38
Алматыда 300 мыңға жуық адам табыссыз қалды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары басшыларымен 20 сәуірден бастап жұмысты қайта жандандыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онлайн режимінде өткен кездесудің басты мәселесі – қызметкерлердің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың коронавирустық инфекцияны жұқтырып алмауына жағдай жасау.

Белгілі болғандай, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік комиссияның шешімімен өнеркәсіптік және құрылыс секторлары мен ілеспе қызметтер көрсететін компаниялар кәсіпорындарының қызметін кезең-кезеңімен қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды.

Бұл үдерісті біз 20 сәуірден бастап бастауды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтауды назарға алу керек, - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, ол заңбұзушылықтар анықталған жағдайда кәсіпорындарға елдегі төтенше жағдай аяқталғанға дейін жұмыс істеуге тыйым салынатынын атап өтті.

Алдағы екі-үш күн ішінде әкімдік пен "Атамекен" ҰКП және Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің өкілдері кірген комиссия кәсіпорындардың дайындығын тексереді. Басты назар жеке қорғаныс құралдарының, санитайзерлермен жабдықталуына, өндірістік және кеңсе үй-жайларын өңдеуге, кіреберістегі қызметкерлердің дене қызуын бақылауға және санитариялық қорғауды қамтамасыз етудің басқа да шараларына аударылатын болады.

Жекелеген салалар бойынша арнайы әзірленген хаттамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде қызметке рұқсат беретін акт берілетін болады. Тұрақты мониторинг кезінде заң бұзушылықтар анықталған жағдайда акт кері қайтарылып, қызметі тоқтатылады.

Кәсіпорын басшылары өз пікірлерін айтып, жұмысты жаңа жағдайда бастауға және өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Олар әкімдік пен Жедел штаб қабылдаған, қатаң санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтіруге бағытталған шешімдерді қолдады.

Ең бастысы – біздің қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы, - деді өнеркәсіп және құрылыс салаларының басшылары.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда жұмыспен қамтылғандар саны 728 мың адамға қысқарды. Олардың ішінде 200 мың адам қашықтан жұмыс жасау режиміне көшкен, негізінен қаржы секторында, сондай-ақ білім беру, мемлекеттік басқару, ақпарат және байланыс салаларында жұмыс істейді. Салдарынан 300 мыңға жуық адам уақытша табыссыз қалды.

20 сәуірден бастап өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыс саласындағы компаниялардың, құрылыс материалдарының көтерме сауда нарығының жұмысын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, алдын ала жазылу бойынша нотариустар және Алматының Наурызбай ауданындағы ХҚКО-ның бір кеңсесі тек бизнеске қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

Осы саладағы кәсіпорындарды іске қосу бір ай ішінде жұмыспен қамтылған халықтың санын қосымша 90 мың адамға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жұмыс берушілер қатаң санитариялық нормаларды сақтау үшін дербес жауапты болады. Қызметкерлерді COVID-19-дан қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық тізімі барлық өнеркәсіптік және құрылыс нысаны үшін әзірленген.

Сонымен қатар, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық нысан жұмыс комиссиясы тарапынан қажетті санитариялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан аудиттен кейін ғана кезең-кезеңімен ашылатын болады.
Просмотров материала: 901

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 253 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 833 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 357 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 415 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 763 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 305 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 406 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 696 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 130 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 240 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 595 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 449 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 572 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 385 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 221 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 465 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 156 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 559 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 333 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 263 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 235 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 156 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 659 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 467 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 991 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 247 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 621 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 001 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 943 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 029 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 989 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 197 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 354 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930