11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндегі Нұр-Сұлтанды аралады

16 апрель 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндегі Нұр-Сұлтанды аралады
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті. Сондай-ақ Қарулы Күштердің техникалық дайындығын және қала әкімдігінің Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын тексерді, деп хабарлайды Akorda.kz.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына еліміздегі әскери қызметін өтеуге міндетті азаматтарды арнайы жиынға шақыру барысы, коронавирус пандемиясына қарсы күресте әскери қызметшілердің техникалық және жауынгерлік жабдықталуы туралы баяндады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың қазіргі ахуалы, оның ішінде, азық-түлікпен, медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, қалада дезинфекция жұмыстарын жүргізу, қосымша жұқпалы аурулар ауруханасын салу жайында егжей-тегжейлі есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министр мен әкімнің есептерін тыңдағаннан кейін дезинфекциялау жұмыстарына ерекше мән беруді тапсырды. Мұндай жұмыстар, әсіресе, ірі қалаларда кең көлемде жүргізілуі керек.

– Нысандарды күзету, көшедегі тәртіпті сақтау аса маңызды міндет екені түсінікті. Дегенмен, қазіргі жағдайда басты міндет – дезинфекция жасау. Бұл – өте қауіпті вирус. Сондықтан дезинфекция жасамаса, ешқандай оң нәтиже болмайды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимінің барлық талаптарын бұлжытпай орындау қажет екенін айтты.

– Шағын бизнесті шығарамыз деп жатырмыз. Жалпы қаланың тұрғындары карантин режимін міндетті түрде сақтауы керек. Онсыз болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың және медицина қызметкерлеріне сыйақы төлеудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа жұқпалы аурулар емханасын салу мәселесіне арнайы тоқталды.

– Келесі аптада аталған емхананы барып көреміз. Бұл емхана өте қысқа мерзімде салынып жатыр. Оның құрылысы бар-жоғы екі аптаның ішінде бітуі керек. Ең алдымен, оның сапасына ерекше мән беру қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндегі Нұр-Сұлтанды аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға шақырылған әскери қызметшілердің алдында сөйлеген сөзінде олардың ел үшін қызмет етуге келгендеріне ризашылығын білдірді.

– Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер өте маңызды жұмыс атқарып жатсыздар. Бұл – нағыз патриотизмнің көрінісі. Қазір адамдардың көбі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік туралы көп әңгіме айтады. Бірақ нақты іске келгенде бұғып қалады. Ал сіздер еліміз, Отанымыз үшін өз еріктеріңізбен осында қызмет етуге келіп отырсыздар. Сондықтан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын, – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.

Президент халқымыздың осы уақытша қиындықты еңсеретініне сенім білдірді.

– Қазіргі ахуал күрделі. Бірақ бәріміз бір ұлт, бір халық болып осы қиындықтарды жеңіп шығатынымызға ешқандай күмәнім жоқ. Бәрі жақсы болады. Біз, ең алдымен, қарапайым халыққа көмек көрсетіп жатырмыз. Бюджеттен, Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінді. Ең алдымен біздің алдымызда тұрған мақсат – қарапайым халыққа колдау көрсету. Халықсыз ешқандай экономика болмайды. Сондықтан патриотизм деген бұл қасиетті ұғымды нақты іспен дәлелдеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Просмотров материала: 979

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 005 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 598 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 108 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 165 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 515 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 354 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 447 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 739 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 192 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 297 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 629 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 583 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 267 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 479 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 999 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 630 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 036 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 001 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930