20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Төтенше жағдай: Жамбылда 2 062 жұмыскер ақысыз еңбек демалысына жіберілді

Төтенше жағдай: Жамбылда 2 062 жұмыскер ақысыз еңбек демалысына жіберілді
Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, Тараз қаласы мен Жамбыл облысында халықтың қауіпсіздігін және індеттің таралмауын қамтамасыз ету мақсатында карантиндік режим енгізілгендігі белгілі. Бұл орайда, аймақ әкімінің қаулысымен жедел штаб құрылып, оның жұмысын ұйымдастыру мақсатында әр бағыт бойынша 7 жедел топ жасақталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жедел топтардың бірі – "Әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары" тобының мүшесі, өңірдегі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев төтенше жағдай кезіндегі еңбек қатынастары мен әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтып берді. Ол, әсіресе табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік көмек ретінде берілетін 42 500 теңге төңірегінде кеңірек түсіндірді.

Жедел топ мүшелері облыс аумағындағы төтенше жағдай кезінде жұмыс берушілермен қабылданып жатқан және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, талдау жасады. Мәселен, Жамбыл өңірінде соңғы ахуалға орай 2 062 жұмыскер ақысыз еңбек демалысына жіберілді. Демек, олардың міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңге алуына мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ 1 413 жұмыскер ақылы еңбек демалысына босатылса, 2 119 азамат қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өтті. Еңбек Кодексінің 138-бабына сәйкес, олардың еңбекақысы толық көлемде сақталатын болады, - деді Қайрат Әскербекұлы.

Ол облыстағы 370 қызметкердің толық емес жұмыс режиміне көшкенін де айтып, Еңбек Кодексінің 70-бабына сай, олар жұмыс атақарған уақытына еңбекақы алатындығын мәлімдеді. 418 жұмыскер бос тұрып қалу уақытына байланысты демалысқа жіберілген. Оларға Еңбек Кодексінің 112-бабына сәйкес жалақыларының ең төменгі мөлшерінен кем емес көлемде төлем жүргізіледі екен.

Бүгінде Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмекке 10 688 отбасы өтініш білдіріп, 9 127 үйге, яғни 49 861 адамға 1 081,6 млн теңге тағайындалды. Бұл қаражат та толық төленді. Сонымен қатар 7 437 отбасымен (42 869 адам) әлеуметтік келісім-шарт жасалып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1 465 адам тартылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 649 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 600 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 187 маман жіберілді. 19 адам қысқа мерзімді оқуға жолдама алса, 3 азамат жастар практикасынан өтетін болды, ал 7 адам грант иеленді, - деді инспекция басшысы.

Жауапты маманның сөзіне қарағанда, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 18 343 бала қамтылмақ. Оған жалпы сомасы 1 164,5 млн теңге қарастырылып отырған көрінеді. Бүгінде өтініш білдіріп үлгерген 9 173 азаматқа кепілдендірілген әлеуметтік топтама толық жеткізілген.
Просмотров материала: 679

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 690 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 513 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 482 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 417 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 400 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 733 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930