20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытайлар Қазақстан туралы даулы мақалада не жазды

14 апрель 2020, 17:37
Қытайлар Қазақстан туралы даулы мақалада не жазды
Қытайдың ең танымал сайттарының бірінде «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» деген атаумен жарық көрген мақаланы «Аzattyq ruhy» агенттігі түпнұсқадан аударып шықты. Мақала 8 сәуір күні жарияланған. Ал бүгін, еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстандағы Қытай елшісімен кездесіп, мақалаға қатысты наразылық білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанның Пекиндегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады. Мақаланың толық аудармасын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

ҚАЗАҚСТАН НЕГЕ ҚЫТАЙҒА ОРАЛУҒА ТЫРЫСАДЫ ?

Орталық Азияның теңізге шыға алмайтын елдерінің ішінде Қазақстан, сөзсіз, ең үлкені. Ол Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Иранмен және теңіздегі басқа елдермен шектеседі. Еуразия аумағында орналасқан үлкен құрлықтық мемлекеттің жер аумағы 2,72 млн шаршы км-ді құрайды. Қазақ мәдениеті – түркі және ислам сияқты бірнеше өркениеттің қосындысы. Бір кездері ел түрік империясы саналған.

Қазақстан тарихи тұрғыда Қытайдың бір бөлігі болған. Қазақстандықтар Қытай оларды бірнеше рет басып алды деп есептейді, бірақ оған аса қатты мән бере бермейді. Цин әулеті тұсында қазақ жері үш хандыққа бөлінді, оның екеуі Цин патшалығының құзырында болды. Сондықтан Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы өте терең.

Сонымен, Қытайдың Қазақстанды қалай кезең-кезеңімен жаулап алғанын және одан қалай айырылып қалғанын бағамдап көрейік. Он бесінші ғасырдағы Алтын Орданың кезеңінде Өзбек хандығы деген мемлекет болған. Ол салыстырмалы түрде үлкен. Кейін ішкі жанжалдарға байланысты халық өз ханынан кетіп, кейін «қазақ» деп аталатын жаңа ұлтқа айналды.

Кейін Қазақстан аумағы Алтын Ордадан бөлінді. Бірте-бірте олар жаңа ұлт қалыптастырып, мемлекет құрды. XVI ғасырда үлкен мемлекет үш шағын хандыққа бөлінді, олардың барлығы үйсін деп аталды. Ал XVII ғасырда Орта Азияда Жоңғар хандығы қуатты режим орнатты. Кейінірек үлкен үйсін мен кіші үйсін Орыс мемлекетіне, орта үйсіндер Жоңғар хандығына бағынды.

1757 жылы Цин әулеті Жоңғар хандығын жойды. Сөйтіп үлкен үйсіндер де, кіші үйсіндер де, орта үйсіндер де Цин мемлекетінің құрамына өтті. Жоңғар хандығы бір жағынан Цин династиясымен ұзақ уақытқа созылған соғыстан, екінші жағынан оба дертінің әсерінен Балқаш көлінің маңында жойылып бітті. Одан кейін қазақтар біртіндеп Цин империясының территориясына қоныс аударды.

БҰЛ ТАРИХТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚАЛАЙ «ЕСІНДЕ САҚТАДЫ?»

XVI ғасырдың басында көшпелілер түркі халықтарымен бірігіп мемлекет құрды. Бұл ел Қытайдың ықпалымен бірнеше рет жойылып кете жаздады. Бірақ «бақытымызға орай» (Бұл Қазақстанның келтіретін дәлелі) Қытай ішінара соғыспен әлек болып, әскерін шегіндіріп әкетуге мәжбүр болды. Оның үстіне, географиялық тұрғыдан алыс орналасқындықтан, Қазақстанды өзіне қосып алған жоқ.

Тарихқа көз жіберсек, Қытай ежелгі Еділ өзеніне бір-екі шабуылмен ғана шектеліп қалған жоқ. Ұлы Таң дәуірінде түріктерді екіге бөліп, жеке-жеке талқандады. Шығыс түріктер Таң патшалығына жұтылып, ықпалы Жеті өзеннің маңына жетті. Ал Жеті өзен қайда орналасқан? Міне, сол – түріктердің шыққан жері.

Көп ұзамай Таң империясындағы ішкі толқулар тоқтамай, үстемдік еткен аумақтарын қорғауға мұршасы келмей қалды. Содан Таң әскері Жеті өзен аумағын тастап шықты, билігі ұзаққа созылмады. ХІХ ғасырда Қытай әскері қайтадан Тянь-Шань тауларының етегіне жетіп, қазақтарды аннексиялады. Бұл кез моңғолдардың келуімен сәйкес келіп, Қытай әскеріне тағы бір рет шегінуге тура келді.

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙ КАРТАСЫНАН ҚАЛАЙ ДЕРБЕСТЕНІП ШЫҚТЫ?

ХІХ ғасырдағы апиын соғысынан кейін Цин империясының күші едәуір әлсіреп, өз ішінен жойылып кетті. Ресей осыны пайдаланып Цин патшалығының жерін басып алды. Сондықтан Қазақстан Ресейдің құрамына өтті. Теңсіз территория бөлісінде Қытайдың жоғалтқаны Қазақстанмен ғана шектеліп қалған жоқ.

Қазақтар өздерінің қанын қытайлармен араласқан деп есептейді. Әрине, бұл Қазақстанның «біртүрлі» жорамалы ғана. Қазақтар мен еуропалықтардың шығу тегі ұқсас болғанымен, олардың кейбіреулері Қытайдағы ішкі соғыстан қашып шыққанбыз деп ойлайды. Ал бір бөлігі қазақтар Шыңғысханның қысымымен Қазақстанға қоныс аударып, этникалық интеграция орын алды дегенді алға тартады. Жаңа айтқанымыздай, бұл тек Қазақстанның «біртүрлі» жорамалы. Қытайда түріктер, қидандар мен бектіктердің аз ұлттарының бәрі де Орталық жазықтағы ұлан байтақ өңірде тіршілік етті. Оның ішінде ғұндар да бар. Бірақ ақырында біразы жоғалып, кейбірі Шығыс Азияға, кейбірі Еуропаға қоныс аударды. Алайда бұл Орталық жазықтағы көшпенділердің қытайлар екенін білдірмейді.

Қазақстан Қытайдың Оңтүстік Азиядағы ықпалы ерекше жоғары екенін мойындайды. Аймақтағы қытайлардың саны аз болғанына қарамастан, олардың жергілікті жерде әсері зор. Бәрі лауазымды қызметтер атқарады, саяси ортада ықпалдары жоғары.

Қазіргі уақытта Қытай Қазақстанға үлкен көмек көрсетіп жүр: Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі 23 млрд АҚШ долларынан асады. Темір және болат сияқты маңызды салалардағы көптеген ірі нысандар Қазақстанға жәрдемін тигізді, қомақты қаржы түсірді.

Қазақстан бір кездері өз жеріндегі қытайлардың санын шамамен 400 000 адам деп есептеген. Аталған этникалық қытайлар Қазақстанның әртүрлі аймақтарында белсенді тіршілік атқарады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы бір қаласына қарасты ауыл тұрғындары Ли Байдың ұрпақтары екендерін алға тартады. Ал өздерін Хан ұлтының ұрпақтары деп санайтын бір бөлігі соғыс кезінде Қазақстанға келіп, ассимилияцияға ұшырадық деп айтады. Бірақ олар Қытайға оралғысы келеді.
Просмотров материала: 1 186

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 783 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 606 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 575 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 510 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 492 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 770 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 320 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 471 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930