26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2 мыңнан аса медицина қызметкері Birgemiz қорынан 50 000 теңгеден алды

10 апрель 2020, 16:12
2 мыңнан аса медицина қызметкері Birgemiz қорынан 50 000 теңгеден алды
Коронавируспен күресуге жұмылдырылған 2 мыңнан аса медицина қызметкері Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қорынан 50 000 теңгеден ақшалай төлем алды. Осы мақсатқа демеушілік қаражаттан 100 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қор төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, біржолғы төлемді бүгін елорда мен Алматыдағы 29 медициналық мекемеде жұмыс істейтін 2112 ақхалатты алған.

Мемлекет басшысы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға және бүгінде коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдады. Елбасы тапсырмасы бойынша Birgemiz қоры да Nur Otan партиясының қолдауының арқасында осы бағыттағы жұмыстардан тыс қалып отырған жоқ. Күні кеше ғана біз 23 қаланың 150 мыңнан астам мұқтаж отбасына 50 теңге көлемінде біржолғы ақшалай көмек берудің бірінші кезеңін бастадық. Сонымен қатар, індет жұқтырғандардың басым бөлігі - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екенін білесіздер. Осы қалалардың медицина қызметкерлері қазіргі таңда күні-түні жұмыс істеуде. Олардың отбасыларын көруге, тіпті, тынығуға да мұршалары жоқ. Сондықтан біз оларға қазақстандықтардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіріп, Birgemiz қорынан қаржылай көмек беру арқылы қолдау көрсеткіміз келеді, - деді Руслан Сәкеев.

Ал сол кезде дәрігерлер әлеуметтік желілерде өздерінің әсерлерімен бөлісіп жатыр.

Жан-жақты қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет! Бұл біздің рухымызды көтеріп, жігерлендіреді! Менің Қазақстаным БІРГЕ барлық қиындықты жеңеді деп сенемін!!! Біз біргеміз!!!, - деп жазды елордалық №3 көпбейінді балалар ауруханасының инфекционист-дәрігері Айнур Омарова.
Психикалық денсаулық орталығының бас мейірбикесі Гүлнар Алтынбекова да жылы лебізін білдірді.

Қазақстанның барлық медицина қызметкері атынан мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ел үшін осындай қиын-қыстау кезіңдегі қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Біз біргеміз!, - деп атап өтті Гүлнар Алтынбекова.

Бұған дейін 150 мыңнан астам мұқтаж отбасы да Birgemiz қорынан 50 мың теңгеден ақшалай көмек алатыны айтылған еді. Алғашында қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, ал партияның онлайн ресурстарына көмек сұрап хабарласушылар саны екі есеге артты. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Biz Birgemiz акциясының аясында, бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданды.

7,6 млрд теңге қаражат аймақтық қорлардың есебіне түсті. Ақша сол жақтан көмек алушылардың банктік есеп-шоттарына аударылады. Бұлар негізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар, - деді Руслан Сәкеев.

Сонымен қатар, ол материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарына аудару кезінде одан комиссия алынбайтынын айтты. Сондай-ақ, бұл қаражаттың несиелері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да қарастырылған.

Жалпы Birgemiz қоғамдық қорының есепшотына 18 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. "СҚ-Фармация" үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлеуметтік әлсіз топтарына тегін тарату үшін 5 млн маска сатып алу туралы шартқа қол қойылды. Жиналған қаражат және өңірлер бойынша бөлінген көмек туралы ақпаратты бақылап отыру үшін қор birgemiz2020.kz ресми сайтын ашты
Просмотров материала: 887

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 337 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 158 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 129 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 071 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 056 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 083 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 601 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930