20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаевтың ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссия отырысында сөйлеген сөзі

10 апрель 2020, 15:54
Тоқаевтың ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссия отырысында сөйлеген сөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінің мәтіні жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті комиссия мүшелері және жиынға қатысушылар!

Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына жиналып отырмыз.

Біз коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық.

Мен 15 наурызда алғашқы науқастар белгілі болған сәттен бастап төтенше жағдай жарияладым.

Бірден екі ірі қаламызда карантин режимі енгізілді.

Шын мәнінде, қазір – бүкіл әлем жұртшылығы үшін сын-қатерге толы уақыт.

Осындай күрделі кезеңде Елбасымыз арнайы мақала жариялады.

Бұл – халқымыздың еңсесін көтеретін өте мазмұнды, маңызды үндеу.

Береке-бірліктің арқасында Қазақстан бұл індетті артқа тастап, зор сеніммен алға басатыны айқын.

Бүгінде біз уақытында жүзеге асқан шұғыл шаралардың арқасында індеттің кең таралуына жол бермедік.

Мұны халықаралық қоғамдастық оң бағалап отыр.

Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық.

Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді.

Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ.

Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс.

Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді.

Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс.

Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет.

Құрметті әріптестер!

Коронавирус пандемиясының зардабын бүкіл дүние жүзі тартып отыр. Бұл індет біздің еліміздің экономикасына да теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан, қазіргі таңда осы дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдап отырмыз.

Жалпы, бүкіл әлем коронавирусқа қарсы күн сайын емес, сағат сайын күрес жүргізіп жатыр. Әлем жұртшылығы айтып отырғандай, бұл дағдарыс – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болып тұрған ең ауқымды және аса қауіпті алапат.

Мен өз сөзімде айтып өттім. Біз карантин шараларының арқасында вирустың жаппай таралуын бәсеңдеттік.

Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда.

Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты.

Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті.

Бұл атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігін және қосымша шаралар қабылдау қажет екенін көрсетеді.

Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз.

Оған қоса, көктемгі егіс науқаны басталды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша бірқатар жобалар қолға алынады. Осындай уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуалға айрықша назар аударуымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет.

Мемлекеттік комиссия аймақтардағы карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуға тиіс.

Бұл ретте, полиция мен мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тек қатаң шаралар түрінде емес, орынды әрі ақылға қонымды болуы қажет. Жөнсіз әрекеттерге жол берілмеуі тиіс.

Екіншіден, медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр.

Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері.

Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда.

Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды.

Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек.

Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн.

Тіпті, ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес.

Өйткені, пандемияға ешкім де дайын болған жоқ.

Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түседі.

Жалпы, дағдарыс бұл еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек.

Баршаңызға рақмет.

Просмотров материала: 862

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 777 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 600 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 569 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 504 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 318 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930