30 июня 2022 г.

Мы в соц сетях:



Вице-министр қашықтан жұмыс істеуде кездескен қиындықтарды атады

10 апрель 2020, 15:30
Вице-министр қашықтан жұмыс істеуде кездескен қиындықтарды атады
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бүгін Instagram-дағы әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, оқырмандардың сұрағына жуап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қашықтан жұмыс істеу кезінде мемлекеттік қызметкерлерге қажетті дағдылар" тақырыбы аясында өткен тікелей эфир кезінде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қашықтан жұмыс істеу режимінің алғашқы күндері кездескен қиындықтармен бөлісті.

Соңғы екі аптада коронавирус пандемиясы салдарынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 70%-дан астам қызметкер қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Алайда, мұндай форматта жұмыс істеп көрмеген бірқатар қызметкер қашықтан жұмыс істеу режимін кезекті еңбек демалысы ретінде қабылдады. Қашықтан жұмыс істеудің негізгі қағидасы – жұмыс үйде болғанымен, ол күнделікті жұмыс. Сондықтан, үйдегілерге сағат 09:00-18:30 аралығында (13:00-14:00 түскі ас уақыты) кедергі келтірмеуін ескерту керек, - дейді вице-министр.
Олжас Әбішев мұндай форматта жұмыс істеудегі тағы бір мәселе, жетекшілердің қызметкерлерін шектен тыс бақылауы болып отыр дейді.

Бұрын жетекшілер қызметкерлерінің жұмыс орнында болуын қадағалай алатын еді, қазір бұл жағы сәл қиындау. Себебі, бізге жеткен ақпарат бойынша кейбір жетекші қызметкерлерін веб-камералар арқылы бақылайды екен. Яғни, сағат 09:00-18:30 аралығында "монитор алдында тапжылмай отыруы керек" деген талап қойған. Бұл тиімсіз. Сол себепті, қашықтан жұмыс істеу форматына көшпес бұрын, әр қызметкер атқаратын тапсырмалар мен мақсаттарды айқындап алу қажет. Соңғы 1,5-2 жыл ішінде мемлекеттік органдарға енгізіп келе жатқан КРІ аясында біз "кім қандай мәселеге жауапты болу керек" екенін айқындадық. Яғни, бір апталық жұмыс бар делік, оны апта басында әр қызметкерге үлестіреміз. Адам ұйқысынан сағат 10.00-да тұра ма, 11.00-де тұра ма, ол жағын өзі біледі. Тек біз берген тапсырма жұмыс күні соңына дейін толық орындалуы керек. Бұл әр қызметкердің немен айналысып отырғанын түсінуге мүмкіндік береді, - дейді ол.

Вице-министр мемқызметкерлермен коммуникация мәселесі де оңтайландырылғанын жеткізді.

Коммуникация мәселесіне келер болсақ, онлайн режим басталған кезде көптеген қызметкермен байланысу қиын болды. Осы кезде біздің жұмыс тобы кеңседе бар барлық телефон нөмірлерін өздерінің ұялы нөмірлеріне жалғап қойды. Яғни, егер әлдекім жұмыс телефонына қоңырау шалса, ол қоңырау автоматты түрде қызметкердің ұялы нөміріне түседі, - деді Олжас Әбішев.

Сондай-ақ, қызметкерлердің онлайн режимде жұмыс істей алмауы немесе жұмыс істеуге деген құлықтың болмауы да қиындық тудырған мәселелердің бірі екенін айтты. Егде жастағы азаматтарға жаңа технологиямен жұмыс істеуді түсіндіруге біршама уақыт кеткен.
Алайда, қазір онлайн жұмыс форматында 95%-ға жұмыс істей аламыз деп айтуға болады, - дейді ол.
Просмотров материала: 500

Поделиться материалом


18:02 8 дел расследуют по актам терроризма - Генпрокуратура о... 79 Просмотров

17:50 Муж застрелил жену и покончил с собой в Северном Казахстане... 127 Просмотров

17:28 Повысить пенсию в Казахстане предлагает Минтруда... 127 Просмотров

17:09 Сократить школьные каникулы хотят в Казахстане... 119 Просмотров

16:52 Дату Дня столицы могут пересмотреть –депутат... 98 Просмотров

16:18 АЗРК: мобильные операторы установили монопольно высокие... 120 Просмотров

16:11 В Казахстане участились уголовные правонарушения,... 130 Просмотров

15:59 Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін – 1 шілдеге арналған... 146 Просмотров

15:42 Санкция салынған тауарлар Қазақстан арқылы Ресейге... 136 Просмотров

15:34 12 млн тенге за информацию о местонахождении экс-учредителя... 133 Просмотров

15:31 ШҚО-да ер адам жануарларды атып тастады: шығын көлемі 13... 133 Просмотров

15:21 Более 700 человек погибли в ДТП в Казахстане за полгода... 145 Просмотров

15:15 Судағы қауіпсіздік: Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа... 148 Просмотров

15:12 Алматыда ішінде адам болғанда лифт кенеттен "жұлқынып"... 158 Просмотров

15:00 «Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады... 147 Просмотров

14:45 Ет неге қымбаттап жатыр – министр жауабы... 131 Просмотров

14:41 "Оператор РОП-тың" экс-құрылтайшысына іздеу жарияланды... 126 Просмотров

14:33 Планируем экспедицию на автомобилях: что взять... 118 Просмотров

14:20 6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан... 119 Просмотров

14:07 Министрлер депутаттар арқылы «жанып тұрған» проблемаларын... 107 Просмотров

12:50 Өскемен тұрғыны азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасып,... 133 Просмотров

12:46 Бақытбек Смағұл: Емтихан тапсырған жастарды әскерге сүйреу... 117 Просмотров

12:36 Зейнет жасын төмендету мәселесі қаржы министрімен енді... 393 Просмотров

12:23 Парламент депутаттары каникулға кетті... 124 Просмотров

12:00 Егер Ресей саясатымен келіспейтін болсақ, оларға өзіміздің... 118 Просмотров

11:42 Шенеуніктердің кесірінен 300-ден астам мүгедектігі бар адам... 134 Просмотров

11:41 Парламент Казахстана поддержал предложение отправить... 122 Просмотров

11:38 Скрытая угроза: кто поселился в вашем роутере?... 126 Просмотров

11:15 Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін –... 128 Просмотров

11:06 Ермек Маржикпаев: Мы понимаем все вызовы и задачи, которые... 198 Просмотров

10:50 Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты... 215 Просмотров

10:43 Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына... 140 Просмотров

10:24 Қарқаралыдағы дала өртін сөндіруге әскери бөлім... 142 Просмотров

09:58 Жаңа 3 облыстың мемлекеттік кіріс органдарының кодтары... 153 Просмотров

09:36 Сарапшылар оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды... 2 669 Просмотров

09:15 Қарағандыда таксист жолаушыны қала сыртына алып кетті... 294 Просмотров

08:52 Қазақстан президенті Каспий маңы азық-түлік хабын құруды... 134 Просмотров

08:33 Солтүстік Қазақстанда еңбекке жарамдылар азайып барады... 133 Просмотров

08:16 Атырауда Жайық өзеніне 3,5 млн бекіре тұқымдас балық шабағы... 138 Просмотров

07:58 Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді... 151 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930