4 июня 2020 г.

Мы в соц сетях:



Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды

03 апрель 2020, 16:20
Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы отандастарын карантин талаптарын сақтауға шақырды. Бқл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Коронавирус пандемиясы жер жүзіндегі пенде біткеннің барлығы бірдей екенін, ешкімнің ешкімнен айырмашылығы жоқтығын көзімізге шұқып көрсетті. Бай мен кедей де, патша мен пақыр да, ақ пен қара да індеттің алдында бірдей. Бөлмейді, жармайды. Кім екеніңе қарамайды. Емі табылмағанымен қоймай, шекара деген түсінікке бағынбайды. Елден елге, жерден жерге еркін көшіп жүре береді. Жолындағысының бәрін жалмап бара жатыр. Індетті жұқтырмаудың, жақындарыңды аман сақтаудың төте жолы тыныш қана үйіңде отыру екенін түсінуіміз керек. Түсініп те келе жатырмыз. Жәй жүрмей ауру тасып, өзіңнің де, өзгенің де басын қатерге тікпейік десек, шаңырағымыздан шықпауымыз қажет. Келін түсіріп, қыз ұзатып, ас беріп жинала берсек, онда мұның алдын алу, жолын бөгеу мүмкін емес. Елімізде Төтенше жағдай бекерден-бекер енгізілген жоқ. Тәртіпке бағыну, сақтау шарт. Сондықтан өзімізге өзіміз жау болмасақ, үйден шықпайық, отбасымызды, халқымызды сақтайық»,- деп жазды журналист.

Берік Уәлидің ойынша, Қазақстан ТМД елдерінің арасында қатаң тәртіпті бірінші боп қолға алды. Төтенше жағдай жарияланды. Қалалар карантинге жабылды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантиннің талаптары күшейтілді. Ел бәрінен хабардар.

Бұл шаралардың салдарсыз емес екені де анық. Қаншама адам жұмыстан шығып қалып, кәсіпорындар жұмыстарын тоқтатып жатыр. Жұмыссыз қалмағаны ақысыз демалысқа жіберілді. Экономикалық тұрғыдан өте ауыр кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Дағдарыстың салқыны ешкімді айналып өтіп жатқан жоқ. Мұндай сын сағатында мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасауға міндетті. Тарықпауын қамтамасыз етуі керек. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурыз күні мәлімдеме жасады. Мәлімдемемен жұрт танысты, қандай мәселелердің айтылғанынан хабардар деп ойлаймын. Сонда да болса кейбір тұстарына тоқтала кетейін.

• Төтенше жағдайға байланысты төленетін 42500 теңге көлеміндегі қаражат бұрын тұрақты жұмыс істеп, жалақы алғандарға ғана емес, сондай-ақ өзін өзі жұмыспен қамтыған және ресми тіркелмей еңбек ететін азаматтарымызға да берілетін болды.

• Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың санаты кеңейеді. Осының арқасында 800 мыңнан астам адамға көмек көрсетіледі.

• Шағын және орта бизнес өкілдері 6 айға (биылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін) еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан және басқа да төлемдерден босатылады.

Мемлекет басшысы қол қусырып қарап отыратын кез емес екенін біледі. Сондықтан осындай нақты шаралар қабылданып жатыр. Мұның барлығы әлеуметтің әлеуметтік жағдайының әлсіреп кетпеуіне, дағдарыстың салдарын жеңілдетуге, елдегі экономикалық тұрақтылықты сақтауға көмек болады, септігін тигізеді. Яғни, мемлекет өзіне жүктелген міндетті орындап жатыр деуге толық негіз бар.

Әрбір азаматтың міндеті хақында

Төтенше жағдайдың қай кезде енгізілетінен қалың жұрт хабардар ғой деп ойлаймын. Көбіне соғыс жағдайында. Айтқан жерден аулақ, еліміздің шеті бүтін, іші бейбіт. Дегенмен мына індеттің шығыны соғыспен пара-пар болуы мүмкін. Қазір көзіміз көріп, қолымыз ұстамаса да майдандағыдай әрекет жүріп жатыр. Әсіресе, дәрігерлер күнмен, түнмен санаспай әрбір ауру жұқтырған адамның жанын аман алып қалу үшін айқасуда. Бір адам коронавирус жұқтырса, айналасындағы жүздеген кісіге қатер төндіреді. Мылтық кезенбей-ақ, оқ атпай-ақ адамдар өзінің салғырттығынан, жауапсыздығынан қаншама азаматтың басына нәубет әкеледі. Майдан деген де біз осыны да меңзеп отырмыз. Сол себепті әрбір кісі майданда жүргендей жауапкершілікті сезінуі керек. Әйтпесе, немқұрайлылық өкіндіріп тындыруы мүмкін.

Күні кеше бізге көп нәрсе керек еді, көп дүниеге көңіліміз толмайтын. Президенттің Баспасөз хатшысы ретінде емес, штатив арқалап, сюжет жасап елдің арасында жүріп жетілген журналист ретінде қоғамдағы пікірлердің бәрінен хабардар екенімді айтқым келеді. Тіршілікте барлығы қажет, көңіл толмастық болады. Ол қалыпты дүние. Ал қазір ше? Қазір бізге бір ғана нәрсе керек. Ол – амандық. Әрбір қазақстандық пен тұтас халқымыздың, жалғыз Отанымыздың амандығы қажет. Президентіміз де халыққа жасаған әр мәлімдемесінде осыны қайталап айтуда. Амандық болмаса, ауру шалса, ештеңенің керек болмай қалатынын анық түсіндік. Әсіресе, мынадай алмағайып, қысылтаяң, сындарлы шақта бір-бірімізден кемшілік іздемей, мін термей, сүрініп кетсе, табаламай, аяқтан шалмай, арам ойламай, қайта бірімізді біріміз қолдап, қамқорлық танытып, жәрдем жасап, қолтығымыздан демеп, бірлік көрсетейік.

Әдетте біз өзімізге өзгені мысал ретінде келтіруге құмармыз ғой. Америкада торнадо, Жапонияда цунами болып, соның салдарымен бүкіл ел жұмылып күресіп, бір-біріне жәрдемдесіп жатқанда өзімізге үлгі етеміз. «Міне, ел деген осындай болу керек» деп жатамыз. Біз қашанғы өзгені зор санай береміз? Неге қайта басқаға біз үлгі болмаймыз?!

«Елдігімізді, тұтастығымызды танытайық. Алақандай жердегі ат төбеліндей ғана халықпыз ғой. Алатайдай бүлінбей, «сен-мен» деп бөлінбей, мына сынақтан барлығымыз бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай бірігіп өтейік. Біздің алдымызда тұрған басты міндет осы. Елдің де, ердің де сыналатыны осы шақ. Сыналған сәтте сыр беріп қалмайық, ағайын!,- деп Президенттің баспасөз хатшысы қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.
#БізБіргеміз

Просмотров материала: 520

Поделиться материалом


18:56 Фонд Birgemiz запускает третью волну акции помощи.... 268 Просмотров

18:47 Мы рассматриваем вопрос закрытия ранее открытых объектов -... 307 Просмотров

18:34 Партии в соцсетях: NurOtan по-прежнему уверенно удерживает... 301 Просмотров

18:01 Главный санврач Алматы рассказал, убивают ли солнечные лучи... 307 Просмотров

18:00 Қазақстанда "Елбасы төсбелгісі" жаңа жобасы іске қосылды... 252 Просмотров

17:51 Россиянина осудили за сбыт фальшивых евро в СКО... 247 Просмотров

17:43 Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ала ма - Бекшин жауап берді... 216 Просмотров

17:41 Заключенные устроили бунт в СИЗО Атырау... 269 Просмотров

17:31 Государственные детсады в Алматы откроются не раньше 15 июня... 197 Просмотров

17:28 ШҚО-да сіріңкемен ойнаған балалар подъезд есігін өртеп... 244 Просмотров

17:15 Почему пляжный сезон под запретом в Алматы... 281 Просмотров

17:12 Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азаймай отыр - Бекшин... 309 Просмотров

17:02 Ущерб на сумму 247 млн тенге нанесла государству бухгалтер... 242 Просмотров

17:00 Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау... 236 Просмотров

16:51 Карантинные меры могут усилить в Алматы... 248 Просмотров

16:45 «Әйелдер мен балалардың үйілген сүйектері табылды»:... 181 Просмотров

16:38 Фонд социального медицинского страхования запустил... 169 Просмотров

16:30 Алматыда карантин шаралары күшейтіледі... 90 Просмотров

16:23 Двое мужчин задержаны после массового конфликта в СКО... 135 Просмотров

16:15 Жұмыс іздеп жүрген 5 мыңнан астам адам Egov.kz порталына... 109 Просмотров

16:11 Трое детей заболели коронавирусом в Атырауской области... 92 Просмотров

16:01 Двое мужчин получили сильные ожоги при возгорании сухой... 152 Просмотров

16:00 Талапкерлер үшін дұрыс таңдау жасау маңызды - БҒМ... 159 Просмотров

15:52 Пенсионер утонул в озере в Костанайской области... 158 Просмотров

15:40 Байбек "Birgemiz" қорынан көмек алатындар туралы айтты... 156 Просмотров

15:35 Снизился объем международных денежных переводов в Казахстане... 165 Просмотров

15:25 Түркістан маңында 63 млрд теңгенің инвестициялық жобасы... 226 Просмотров

15:13 Вывоз живого скота из Казахстана запрещен до ноября 2020... 141 Просмотров

15:10 Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір... 146 Просмотров

15:02 Аренду частных домов для проведения массовых мероприятий... 186 Просмотров

14:55 1-сыныпқа баратын балаға қандай талап қойылады – министрлік... 221 Просмотров

14:48 В детской больнице Шымкента идут проверки после смерти... 110 Просмотров

14:38 Грантқа түсу мүмкіндігін мобильді қосымша арқылы білуге... 166 Просмотров

14:35 Оштрафован житель Павлодара, державший у себя дома львенка... 189 Просмотров

14:26 Число суицидов среди несовершеннолетних выросло вдвое во... 182 Просмотров

14:24 Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты бес... 167 Просмотров

14:16 70 должностных лиц привлечены к ответственности за плохие... 189 Просмотров

14:02 Қазақстанда фрилансерлердің зейнетақы үшін аударатын... 93 Просмотров

13:05 Сильная жара ожидается в 7 регионах Казахстана... 129 Просмотров

13:00 Қазақстанда АҚШ әскери базасы салына ма? - Қасым-Жомарт... 181 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930