30 мая 2020 г.

Мы в соц сетях:



Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

03 апрель 2020, 14:03
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтіп, онда екі қаладағы жұмыссыз режимді 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты, деп жазады BAQ.KZ.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Жұмыспен қамтудың жол картасын іс жүзіне асыру шаралары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, аумақтық әскерлерді арнаулы жинақтау туралы қорғаныс министрі Н. Ермекбаев баяндады.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Үкімет басшысы әкімдерге инфекциялық, провизорлық және карантиндік нысандардағы санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезеңінде жеке қорғаныш құралдарын шығаруға бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде қауіпсіздік пен жұмыс істеудің жекелеген алгоритмін әзірлеу тапсырылды.

Отырыс барысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) сапалы жүзеге асыру, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа да өңірлерде нақты жобаларды тез арада бастау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оған қоса Үкімет басшысы әкімдерге кем дегенде 240 мың жұмыс орнын құруды, отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90%-ын пайдалануды қамтамасыз етуді, ЖҚЖК аясында жұмысқа орналастыру үшін мобильді рекрут пункттерін құруды, жұмыссыздарды жобаларға Электрондық еңбек биржасы арқылы тартуды тапсырды.

Премьер-министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардың төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмыстарын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды.

Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери міндеттілерді Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін арнаулы жиындарға шақыру мәселелері, сондай-ақ экономиканың секторларында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты аса зардап шеккендерді Қызмет түрлерінің тізіміне енгізу үшін қажетті ұсыныстар қаралды, олар 1 сәуірден 1 қазан аралығында еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден босатылады.


Просмотров материала: 438

Поделиться материалом


13:03 Алтай Кульгинов рассказал, как не попасть в список... 56 Просмотров

12:40 Темп прироста КВИ колеблется в пределах 3-5% в Казахстане -... 77 Просмотров

12:30 Мужчина напал с ножом на жену и тещу в Актюбинской области... 88 Просмотров

12:19 Родственники смогут наблюдать за своими подопечными в... 76 Просмотров

12:02 Сотрудник акимата заразился коронавирусом в ЗКО... 95 Просмотров

11:51 Многодетная мать инсценировала свое похищение в ЗКО... 86 Просмотров

11:38 Автомобиль перевернулся в результате ДТП в Алматы... 101 Просмотров

11:25 8-летнего ребенка сбили на пешеходном переходе в Костанае... 87 Просмотров

11:13 К.Токаев поручил создать комиссию по реабилитации жертв... 84 Просмотров

11:01 По делу происшествия на заводе в Актобе задержан брат... 98 Просмотров

10:47 Избиение детей в интернате Павлодара: Центр работал... 94 Просмотров

10:26 Мир не теряет красок: Фильмы с неповторимой эстетикой и... 91 Просмотров

10:13 Влияет ли цвет волос на манеру управления автомобилем?... 94 Просмотров

09:59 Число заразившихся COVID-19 в Казахстане превысило 10 000... 110 Просмотров

22:21 Ни одно дерево в Иле-Алатауском нацпарке не будет срублено... 214 Просмотров

18:07 Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды... 237 Просмотров

18:04 Беспорядки в Кордае: 8 фигурантов дела освобождены из-под... 229 Просмотров

17:55 Қордай оқиғасы кезінде қираған нысандар күзге дейін... 237 Просмотров

17:50 Мать рассказала свою версию похищения 8-летнего сына в... 246 Просмотров

17:39 Қазақстанда жасөспірімдер тәтті сусынға құмар болып барады... 300 Просмотров

17:30 Сотрудника акимата уволили за оскорбление сельчанина в... 272 Просмотров

17:20 В Петропавловске задержан водитель автобуса, перевозивший... 243 Просмотров

17:20 Шешем мені арқалап алып кетіп, қарындасымды қасқырлар жеді... 347 Просмотров

17:07 Санврачи и акиматы могут оставить локальные блокпосты... 203 Просмотров

17:06 Полицейский спас многодетную женщину от мужа-тирана в... 225 Просмотров

17:02 Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылады... 209 Просмотров

16:51 Санврачи и акиматы могут оставить локальные блокпосты... 274 Просмотров

16:45 Алматыда қағаз қоймасы отқа оранды... 194 Просмотров

16:39 К.Токаев ознакомился с ходом весенне-полевых работ... 383 Просмотров

16:28 Стало известно, когда откроют тренажерные залы в Казахстане... 193 Просмотров

16:27 Мемлекет басшысы көктемгі егіс жұмыстарымен танысты... 102 Просмотров

16:17 Кинотеатры заработают с 15 июня в Казахстане... 111 Просмотров

16:11 ШҚО-да карантин ұзартылды... 87 Просмотров

16:07 До 13 июня продлили карантин в ВКО... 231 Просмотров

15:57 В Казахстане планируют возобновить полеты в Китай и Южную... 114 Просмотров

15:55 Қазақстан коронавирус алғаш табылған Қытайға ұшу мәселесін... 120 Просмотров

15:46 Запуск поездов будет осуществляться в три этапа в Казахстане... 112 Просмотров

15:38 Қостанай вокзалы қоршауға алынды... 100 Просмотров

15:32 Алаколь будет доступен для туристов с 19 июня... 82 Просмотров

15:22 Еліміз шегірткеден зардап шеге ме?... 98 Просмотров





Опрос


«    Май 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031