27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Дағдарыс пандемиядан кейін де аяқталмайтынын ескеруміз керек»

01 апрель 2020, 17:21
«Дағдарыс пандемиядан кейін де аяқталмайтынын ескеруміз керек»
Ең алдымен, жалпы түсініктеме беруге рұқсат етіңіздер.

Бұл заң жобасын Үкімет (Салық кодексіне өзгертулердің жобасы) мұнай бағасының әлемдік құлдырауы, теңгенің тағы бір девальвациясы мен коронавирустық пандемияға дейін әзірлеп, Мәжіліске ұсынған болатын.
Сондықтан, онда бір айдың ішінде өмірдегі және экономикадағы түбегейлі өзгерістер ескерілмеген.

Біріншіден, менің және «Ақ жол» фракциясының ойынша мұндағы салықтық әкімшілендіруді қатайту негізсіз, дегенмен бұл шаралар заң жобасының негізгі мазмұны болып табылады.

Біз төтенше жағдайда Үкіметтің көптеген маңызды және қажетті қадамдарға барғанын көріп отырмыз. Жалпы, біз бұл әрекеттерді қолдап, алғыс білдіреміз.

Сонымен бірге, кейбір шешімдер қоғамда түсініспеушілік пен сын туғызады. Мәселен, Үкімет қарастырылып жатқан заң жобасы бір жағынан, «қылбұрауды күшейтсе», ал екінші жағынан, ол кеше жанармай мен дизель отынын экспорттаушыларды акциздерден босатты.

Бұл нан, сүт, көкөністер, ет немесе балалар киімдерінен әлдеқайда маңызды ма? 2012 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы әлеуметтік маңызы бар тауарлар үшін төмендетілген салық ставкаларын енгізуді ұсынып келеді, бірақ мемлекеттік органдар осы жылдар бойы оларды қолдағысы келмеді. Бұл шешімдер қазір және тек төтенше жағдай кезінде ғана қабылданды. Ал, мұнай алпауыттары үшін салықты азайтуға ғана емес, жалпы салық түрін алып тастауға да мүмкіндік бар екен.

Мен «Ақ жол» демократиялық партиясы мен біздің фракцияның бұл шешіммен келіспейтіндігін ресми түрде жариялағым келеді. Жуырда ғана Президент Тоқаев Жолдауда салықтық жеңілдіктер бизнес тарапынан лайықты жауап болуы керектігін айтты. Ал, мұнай қожайындары осы жеңілдіктерге лайықты жауап бере алды ма? Мұнай бағасы 3 есе арзандағанымен, бензин бағасы арзандады ма? Жоқ.
Неліктен Үкімет оны ішкі нарық үшін емес, экспорт үшін де акцизден босатады? Егер біз бірдеңені түсінбейтін болсақ, мен Үкімет өкілдерінен осы сұрақты түсіндіріп беруін сұраймын.

Сонымен бірге табысы жоғалуына байланысты жабылған жеке кәсіпкерлерге есеп бермегендіктен жергілікті органдар 42 мың теңге мөлшерінде жеңілдіктер беруден бас тартып отыр. Тыңдаңыз, бұл адамдардың балаларын тамақтандыратын шамасы жоқ. Есеп бермегендерді кейін тәртіпке шақыруға үлгересіздер,керек болса жеке кәсіпкерлік қайта жұмыс істей бастағанда айыппұл төленеді.Ал, қазір табысы,жұмыссыз, күнкөріссіз қалған адамдарға көмектесіңіз, бұлар- біздің азаматтарымыз. Міне кімге көмектесуіміз керек!

Біз қазіргі жағдайда мемлекеттік органдардан бюрократиядан алшақтап, мұқтаж адамдарға шұғыл көмек көрсетуді сұраймыз. Мәселенің анық-қанығын кейін зерттейміз, егер біреу алдап кетсе, жазаны қатайтайық.
Бірақ басқалар да бұдан зардап шекпеуі керек.

Біздің заң жобасына қатысты пікірлеріміз Комитеттің пікір жобасында келтірілген, қолдарыңызға таратылған. Мен олардың кейбіреулеріне ғана тоқталайын.

Үкімет кәсіпкерлер бақылау-кассалық құрылғыларды қолданбағаны туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеуді енгізуді ұсынады. Біз мұндай нормаға қарсылық білдіреміз. Қазір салық органдары бақылау-кассалық құрылғыларды пайдалануға барлық шағын және микро бизнесті міндеттеді.
Сондай-ақ, интернеттің жоқтығына немесе әлсіздігіне байланысты бұл құрылғылар жұмыс істемейтін аймақтар бар. Сонымен қатар, азаматтарды шағын бизнесті бақылауға және оның үстінде салықшыларға жала жабуға итермелеп отыр. Біз мұндай үндеуді әлеуметтік араздық тудыруы мүмкін деп ескере отырып, оны өте қауіпті деп санаймыз. Ұлттық тарихымызда жала жабушылардың дәлелі жетерлік.

Тағы бір жаңалық, салық инспекторларына камералық бақылау туралы хабарламаны орындамаған жағдайда шот-фактураларды беруді тоқтату құқығын береді. Камералды бақылау дегеніміз не? Бұл барлық ақпаратты зерттемей-ақ, сырттан бақылау. Көбінесе кәсіпкерлер мұндай хабарламалармен дауласады және олардың дұрыс емес екенін дәлелдеп жатыр. Неліктен Үкімет осы жағдайлар бойынша кәсіпорындардың жұмысын тоқтатқысы келеді?

Біз бұл нормаға қарсымыз және ол сыбайлас жемқорлыққа жоғары мүмкіндік береді деп санаймыз.

Салық даулары бойынша сот істерінің мерзімдері – бұл жеке тақырып. Естеріңізге сала кетейін, «Ақ жол» фракциясының бірнеше мәрте талап етулерінен кейін, Үкімет өткен жылы бұл мерзімді 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартты.Өйткені бұл көптеген елдерде, соның ішінде ЕАЭО елдерінде бұрыннан бар. Бірақ Үкімет енді оны тек ағымдағы жылдан бастап шектеу туралы ұсыныс жасалады. Дегенмен қазіргі Салық кодексінің нормасы бойынша, онда 3 жыл бұрын, яғни, 2020 жылдан бастап 2017 жылдан кешіктірмей салықтар туралы дауласуға болатындығы айтылған. Ал салық органдары, олар 2015 жылдан бастап тексеретінін ескерместен, кәсіпкерлердің жағдайын нашарлатады. Біз бұл ұсыныспен келіспей, оны заң жобасынан алып тастауды талап етеміз. 2018 жылы үш жылдық мерзімге шешім қабылдау кезінде барлық мәселелер талқыланды, енді бұл тақырыпты қайта қарастыру, бизнеске тағы да жүктеу дұрыс емес. Әсіресе, қазіргі қиын жағдайда кәсіпкерлердің қайсысы банкроттыққа ұшырайтыны, ал, бизнестің аман өтетіні әлі белгісіз.

Сондықтан біз соңғы оқиғалар мен өзгерістерді ескере отырып, осы заң жобасын жаңа тәжірбиемен қарастыруды ұсынамыз. Біз экономикалық құлдырау пандемиядан кейін де аяқталмайтынын, оның салдары ұзаққа созылатынын ескеруміз керек. Бұл- күмәнсіз, ащы шындық. Біздің еліміз, бүкіл әлем сияқты, экономика мен миллиондаған азаматтардың өмір сүру деңгейі жағынан белгісіздік пен кенеттен соққылар дәуіріне енді.
Сондықтан, мемлекеттік органдар бюджеттің кіріс бөлігін құратын және жұмыс орындарын сақтайтын, әр адам мен әрбір салық төлеуші үшін нақты қорғаушы һәм тірек болуы керек.

Президент пен Үкімет қабылдаған қадамдар мемлекеттің батыл және стандартты емес шешімдер қабылдауға дайын екендігін көрсетті. Мысалы, әлеуметтік тауарларға ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесі (8%) енгізілді, мен оны жоғарыда айттым. Салық кодексінде ондай құқық жоқ, бірақ Үкімет оған төтенше жағдайда кірді. Сондықтан бұл норма уақытша қабылданды, ал, біз оны әдеттегідей 10 жыл бойы Салық кодексіне кәдімгі норма ретінде қосуды ұсынып отырмыз. Бұл тәжірибе көптеген жылдар бойы Еуропалық Одақта, ЭЫДҰ елдерінде, тіпті Ресейде қолданылады. Бұл салық әдістемесі «қарапайым заттар экономикасының» маңызды факторына айналып, тұтынушылық нарықты өз тауарларымен қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейінің импорт пен валюта бағамына тәуелділігін азайтуға көмектеседі. «Ақ жол» партиясы басты салалар (азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау) үшін ҚҚС төмендетілген ставкаларын қайта қарастырады және әріптестерімізді осы бастаманы қолдауға шақырамыз.

Салық кодексі қазіргі жағдайдың тәжірибесін ескеріп, қоғамның қажеттіліктеріне жауап беру және салық базасын кез-келген жағдайда сақтау үшін икемді, аса қажетті шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы керек. Біз оған осындай икемділік беруге баршамызды шақырамыз.

Азат Перуашев,

Мәжіліс депутаты.
Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 733

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 446 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 265 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 237 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 182 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 163 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 120 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 634 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 782 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930