27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президенттің ТЖ кезіндегі қабылданған шаралар туралы мәлімдемесі (толық нұсқа)

01 апрель 2020, 10:05
Президенттің ТЖ кезіндегі қабылданған шаралар туралы мәлімдемесі (толық нұсқа)
Құрметті отандастар!

Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.

Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.

Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.

Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік.

Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.

Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп.

Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.

Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.

Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз.

Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек.

Бұл – аса маңызды.

Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт.

Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз.

Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.

Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары.

Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.

Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.

Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.

Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық.

Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады.

Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды.

Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым.

Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым.

Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым.

Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік.

Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.

Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады.

Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.

Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді.

Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді.

Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын.

Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді.

Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз.

Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек.

Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі.

Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек.

Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын.

Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі.

Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді.

Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн.

Сонымен қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.

Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.

Жалпы, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек.

Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп сенемін!

Дереккөз: Abai.kz.
Просмотров материала: 596

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 449 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 268 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 240 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 185 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 166 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 121 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 635 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 783 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930