19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда тұңғыш рет онлайн режимінде жастар бастамаларын қолдау байқауының финалы өтті

31 март 2020, 16:50
Қазақстанда тұңғыш рет онлайн режимінде жастар бастамаларын қолдау байқауының финалы өтті
Бүгін жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» Республикалық байқауының онлайн-финалы өтті. Елдегі қазіргі жағдайды ескере отырып «3.2.1. Старт!» жобасының ұйымдастырушылары алғаш рет финалды онлайн режимінде ұйымдастыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Матрица.kz.

Coca-Cola Içecek Kazakshtan (бұдан әрі - CCI Kazakhstan) компаниясы өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар жоба қатысушыларын қорғау үшін қолданылды.

«Бірнеше апта бұрын біз Алматыдағы кеңсемізде жобаның барлық финалисттері үшін өзіндік инкубациялық бағдарлама болып табылатын буткэмп ұйымдастырдық. Оның барысында біздің финалисттеріміз маркетинг, PR, жобаларды басқару, қаржы және т.б. салаларда жаңа білім алуға мүмкіндік алды. Бірақ біздің елге қорқынышты вирус еніп, біздің жоспарларымызды шатастырды, сондықтан біз шұғыл шара қолданып, барлық қатысушыларымызды үйге жіберген дұрыс деп шештік. Біз финалды не істейміз деп ұзақ ойланып, оны онлайн режимінде өткіземіз деп шештік» - деді Алима Исембаева, CCI Kazakhstan компаниясының Корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директоры.

Еске сала кетейік, жоба ұйымдастырушылары 18-35 жас аралығындағы жастардан 100-ден астам түрлі өтінімдер қабылдады. Финалға 10 идея іріктеліп, олардың авторлары қазылар алқасына өз жобаларын ұсынды. Қазылар алқасына БҰҰ Тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) жүзеге асыру бойынша сарапшылар, эко-белсенділер және жобаның серіктестері шақырылды. Жобаның төртінші маусымының финалисттері қаланың көшелерін, аулаларын және аудандарын пластик қоқыстардан тазартудың инновациялық шешімдерін; бір аула аясында қалдықтарды сұрыптауды; қалдықтарды бөлек жинауға арналған эко-қораптар шығаруды; пластикті гүлзарларға айналдыру және т.б. ұсынды.

«3.2.1. Старт!» жобасының төртінші маусымының жеңімпаздары:

Қайыржан Айсин, Eco-Car жобасының авторы. Жобаның басты идеясы – Петропавл қаласының тұрғындары арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру. Қайыржанның командасы қала тұрғындарына үйдегі қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігін үйретеді, ал сұрыпталған қалдықтарды олар қала тұрғындарының пәтерлерінен өздері алып кететін болады.

Қазақстанда тұңғыш рет онлайн режимінде жастар бастамаларын қолдау байқауының финалы өтті


Пакизат Саулабекова «3.2.1. Старт!» жобасының жеңімпаздары қатарына кірген тағы бір қатысушы. Пакизат Қазақстандағы әйгілі эко-белсенді.

Ол «Recycle Birge» жобасы мүшелерінің бірі және елдегі көптеген экологиялық жобаларды сәтті жүзеге асырушы. Пикизат жобасының негізгі идеясы – бұқаралық шараларды экологияландыру: «Біздің көздегеніміз – үлкен бұқаралық шаралардан (фестивальдан, концерттерден) кейін қалатын қалдықтарды жинап, артынша қайта өңдеуге өткізуде көмектесетін еріктілерді тарту.



Жобаның тағы бір жеңімпазы – Хамида Токумова. Ол қазақстандықтар үшін ақпараттық білім беретін эко-бағдарлама жасады.

Хамида ақпарат берудің түрлі тәсілдері, яғни теледидар, БАҚ, әлеуметтік желілер, баспасөз құралдарын, билбордтар, көрмелер арқылы азаматтардың бойында эко-мәдениетті қалыптастырмақшы, өнердің көмегімен табиғатты аялау қажеттілігі туралы маңызды экологиялық хабарды халыққа жеткізбекші. Оның мақсаты – қоқыс өңдеу саласын дәріптеп, қоқысты бөлек жинау үрдісін насихаттау.



«3.2.1 Старт!» байқауын қаржыландыруды жобаның басты ұйымдастырушысы CCI Kazakhstan компаниясы толықтай өз мойнына алды. Сонымен қатар, ол барлық жеңімпаздарға жалпы көлемі 4 миллион теңгені құрайтын гранттар беретін болды.

«Бүгінгі таңда «3.2.1. Старт!» жобасы жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырумен айналысатын дарынды жастар үшін бастапқы қарқын алатын алаңға айналғаны сөзсіз. Біздің жас буын елдің дамуына өз үлестерін қосуға соншалықты қызығушылық танытқаны мені өте қуантады. Маған CCI Kazakhstan компаниясы енгізген финалдың онлайн-форматы қатты ұнады. Біз барлық финалисттермен конференциялық қоңыраулар арқылы байланысып, олар өз жобаларын үйден шықпай-ақ ұсынды. Осылайша, компания өзінің жұмысшылары мен серіктестерінің ғана емес, сонымен бірге жоба қатысушыларының да денсаулығына деген қамқорлық көрсетті» - деп бағалады жобаның ұйымдастырылу деңгейін "Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.

«3.2.1. Старт!» жобасы туралы

«3.2.1. Старт!» - CCI Kazakhstan компаниясының жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жобасы. Жоба 2017 жылдан бері жыл сайын CCI Kazakhstan және «Орталық Азия Еуразия Қорымен» бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаға өз аймағындағы нақты әлеуметтік-экологиялық мәселелерді шешуге көмектескісі келетін 18-35 жас аралығындағы белсенді жас азаматтар қатысады.

Қатысушыларға өз жобасын жүзеге асыру үшін грант алуға және инкубациялық немесе акселерациялық бағдарлама бойынша тегін оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі. Биылғы маусымның жүлде қоры 4 миллион теңгені құрады.

Жоба басталғалы бері ондаған мың жастар маркетинг, қаржы, көпшілік алдында сөйлеу және басқа да көптеген пайдалы дағдылар бойынша білім алды. Қазақстан бойынша жүздеген университеттер мен колледждер қамтылды. Жобаның 10 жеңімпазы өздерінің экологиялық идеяларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 11 миллион теңгені құрайтын гранттар алды.
Просмотров материала: 791

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 688 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 511 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 480 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 415 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 398 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 733 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930