27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавируспен күресте биліктің стратегиясы шұғыл әрекет етуге және табандылыққа негізделді

Коронавируспен күресте биліктің стратегиясы шұғыл әрекет етуге және табандылыққа негізделді
Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайдың екінші аптасы биліктің коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясы, жалпы тиімді болғанын көрсетеді. Оның ерекшелігі келесіде:

Біріншісі. Жағдайды алдын алуға әрекет ету. Кейбір сарапшылар мемлекеттің қабылдаған шаралардың есебін наурыздың ортасынан бастап қате жүргізіп келеді. Ол кезде мектептер мен жоғарғы оқу орындарында сабақтар тоқтатылатыны және елде төтенше жағдай енгізілетіні жарияланған болатын. Шын мәнінде, алғашқы түбегейлі шаралар одан да ерте, қаңтарда, яғни, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жағдайын пандемия деп жарияламай тұрғанға дейін біраз уақыт бұрын қабылданды. Қаңтардың 26-сы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы құрылып, келесідей шаралар қабылданды. Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етуді; мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді; шет елдерден келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнатуды; ҚХР Ухан қаласындағы Қазақстан студенттері мен ҚР басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Сонымен бірге, екі қаланың – Нұр-Сұлтан мен Алматының инфекциялық ауруханаларында қосымша реанимациялық бокстар құрылды.

Дәл осы кезде, қаңтардың 27-сі мен 30-ы күндері Ұлыбритянияда, Германия мен Италияда алғаш рет коронавирусты жұқтырғандар анықталды.

Екіншісі. Кезең-кезеңмен әрекет етуге шешім қабылданды. Жоғарыда атап өткендей, алғашқы шаралар қаңтардың 26-сы қабылданды. Қаңтардың 31-і санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің екінші кезеңі басталды: барлық шекаралардағы санитарлық-карантиндік пункттерге қосымша 150 санэпидемиологиялық қызмет маманы жіберілді; жаңа инфекцияның зертханалық диагностикасы реттелді; клиникалық емдеу хаттамасы және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмдері бекітілді.

Ақпанның алғашқы күндері біздің азаматтарымыз Қытайдың Ухань қаласынан эвакуациялады. Қытаймен тұрақты әуе рейстері, сонымен бірге темір жол мен автомобиль жолаушы тасымалы тоқтатылды.

Ақпанның 20-сынан бастап билік инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша күшейту шараларының үшінші кезенін іске асыруға көшті. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің деңгейіне байланысты елдерді үш санатқа саралау бойынша әдістеме әзірленіп, енгізілді. Қауіп деңгейіне байланысты, коронавирустық инфекция таралған елдерден келген адамдарға тиісті медициналық мониторинг орнатылды. Сонымен қатар, осы елдердегі жағдайларға байланысты әуе рейстері қысқарылып, одан кейін мүлде тоқтатылды.

Наурыздың 1-і санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің төртінші сатысы енгізілді. "Карантиндық" елдердің тізімі кеңейтілді: ол жақтан келген адамдарға мониторингтік және карантиндық шаралар қабылданды.
Наурыздың 2-сі Үкіметтің отырысында Қазақстан территориясында коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған қосымша шаралар қарастырылды. ҚР-нда коронавирустық инфекция анықталып, таралған кездегі іс-қимылдың жаңа Алгоритмі әзірленді («Б жоспары»).

Ақпанның соныңда және наурыздың басында Әзірбайжан, Беларусь пен Арменияда алғаш рет коронавирусты жұқтырғандар анықталды.

Үшіншісі. Биліктің стратегиясы шұғыл әрекет етуге және табандылыққа негізделді. Сол кезде Қазақстанның территориясында COVID-19-ды жұқтыру оқиғасы тіркелмегеніне қарамастан, билік өте табанды әрекет етті. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Таяу Шығыс пен Еуропадағы бірқатар елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың кенеттен нашарлауы ескерілген болатын. Наурыздың 2-сі ҚР Президенті елдегі бірқатар қоғамдық іс-шараларға тиым салды.

Наурыздың 11-і Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы деп жариялады.

Наурыздың 12-сі Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізіп, Үкіметке жаңа вирустың елімізге таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді. Мектептерде сабақ тоқтатылып, жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады.

Наурыздың 13-і елде алғаш рет коронавирусты жұқтырғандар анықталды. Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және бірқатар мемлекеттік органның басшылары қатысуымен шұғыл әрекет ету Штабының отырысын өткізіп, карантиндік тәртіпті күшейтуге бағытталған жаңа іс-шараларды жариялады. Наурыздың 15-і Президент республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына телевизиялық үндеу жолдады.

Төтенше жағдай тәртібі наурыздың 13-і АҚШ-нда енгізілді, Испания мен Сербияда – наурыздың 15-і, Францияда – 24-і. Наурыздың 25-де Үндістанда үш аптаға созылатын жалпыұлттық карантин енгізілді. Наурыздың 24-і Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылатынын мәлімдеді.

Осылайша, қазақстандық билік қажетті шараларды тым ерте де, кеш те емес енгізді. Қабылданған шешімдер және оларды жүзеге асыру кезең-кезеңмен жүрді –әлемдегі және елдегі жағдайға сәйкес. Осының арқасында коронавирустың Қазақстанға еніп, оның ел ішінде ауқымды таралуы барынша тежелді. Бірақ күрес жалғасуда. Әлемдегі қазіргі жағдай пандемияның ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетуде. Енді көп нәрсе тек қана мемлекеттің тез әрі табанды әрекеттеріне ғана емес, сонымен бірге қоғамның да жауапкершілігіне байланысты. Қытай эпидемияның ауыр кезеңін мемлекет жоғарғы ұйымдастыру рөлінің арқасында еңсере алды. Вирустың Жапония мен Сингапурдағы ауқымды таралуын ол елдердегі азаматтардың саналы әрекеттері тежеуде. Қазақстан болса, коронавируспен күресте осы қажетті екі шарттың бірлігін көрсете алады.
Автор: Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі -
Коронавируспен күресте биліктің стратегиясы шұғыл әрекет етуге және табандылыққа негізделді
Просмотров материала: 835

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 410 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 228 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 200 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 142 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 126 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 280 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 107 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 622 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 771 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930