30 марта 2020 г.

Мы в соц сетях:



Коронавирус. Бас санитар тағы да қаулы қабылдады

27 март 2020, 16:10
Коронавирус. Бас санитар тағы да қаулы қабылдады
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған қаулы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысында:

1-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"1) Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер ресми делегацияларының және халықаралық ұйымдардың мүшелерін; дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялардың ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күнге карантинді;

2) Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер ресми делегацияларының және халықаралық ұйымдардың мүшелерін; дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялардың ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігімен және автоөткізгіштердегі өткізу пункттері арқылы келген адамдарды қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1б санаттағы елдерден келген адамдарды кейіннен 13 тәулік бойы үйде оқшаулай (үйдегі карантинді) отырып, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 1 тәулікке оқшаулауды қамтамасыз етсін. Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады;

3) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады;

1а) және 1б) санаттағы елдерден келген авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігімен және автоөткізгіштердегі өткізу пункттері арқылы келген адамдар 14 тәулік бойы үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады;".

2) 9-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

"9) 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыруды;

10) 65 жастан үлкен азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың қозғалысын шектеуді;

11) әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың ғимаратына шығарып салушы және күтіп алушы адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз етсін".

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Просмотров материала: 216

Поделиться материалом


12:55 Ақмола облысы бүгін сағат 19:00-ден бастап карантин... 2 Просмотров

12:54 Еще один больной коронавирусом выявлен в Алматинской области... 2 Просмотров

12:43 Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамауына алынады... 18 Просмотров

12:27 «Бір келі күл 100 теңге»: Павлодар облысында тұрғындар күл... 191 Просмотров

12:26 Турнир #АуылФутбол: Победитель первой недели - Карим... 41 Просмотров

12:18 Карантин в Акмолинской области: обращение акима Ермека... 44 Просмотров

12:10 Қызылордада көліктер мен қоғамдық орындардың жұмысына... 39 Просмотров

12:05 Коронавирус: в Казахстане 293 зараженных... 42 Просмотров

11:59 Алматинцы жарили шашлыки на пр. Аль-Фараби (ВИДЕО)... 162 Просмотров

11:51 Қазақстан Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимді... 53 Просмотров

11:35 Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді... 280 Просмотров

11:24 Халыққа Джеки Чанның емес, дәрігердің сөзі керек, Біртанов... 51 Просмотров

11:17 Бухгалтер обворовала школу почти на 8 миллионов тенге в... 61 Просмотров

11:04 Сколько масок производит Казахстан?... 81 Просмотров

11:02 Тоқаев ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді... 61 Просмотров

11:02 Арестован экс-аким Кызылординской области - суд... 79 Просмотров

10:59 Коронавирус: Казахи должны перестать есть руками... 142 Просмотров

10:53 Со свадьбы - на карантин: заразившаяся коронавирусом... 120 Просмотров

10:47 Билікте де ұрпақ алмасуы тиіс!... 48 Просмотров

10:46 В Караганде подъезд закрыли на замок снаружи из-за... 73 Просмотров

10:33 До семи лет тюрьмы грозит распространителю данных о... 76 Просмотров

10:30 30 наурыздағы коронавирус бойынша әлемдегі жағдай: 33 984... 65 Просмотров

10:26 Казахстан отменил 72-часовой безвизовый режим для граждан... 47 Просмотров

10:12 Бүгін Қазақстанның 6 қаласы карантинге жабылды... 74 Просмотров

09:55 Атырау облысының әкімі карантинге байланысты үндеу жариялады... 71 Просмотров

09:36 Ақтөбелік әйел Facebook-те туыстарымен қоштасып, өзіне өзі... 611 Просмотров

09:23 Еще шесть казахстанских городов закрыты на карантин... 56 Просмотров

09:15 Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ - министр... 114 Просмотров

09:02 Коронавирус: Ақтөбе облысында тағы 1 адам тiркелді... 155 Просмотров

08:32 283 человек достигло число заболевших коронавирусом в... 91 Просмотров

11:24 Кто она, первая женщина-аким?... 657 Просмотров

10:51 ivi бесплатно покажет концерт Полины Гагариной, Григория... 539 Просмотров

10:45 Гульшара Абдыкаликова стала акимом Кызылординской области... 557 Просмотров

10:38 Фейсбуктағы коммент қарын тойғызбайды - Нұрлан Жанай... 527 Просмотров

10:12 Число зараженных коронавирусом достигло 191 человек в... 548 Просмотров

09:47 Cпециалистам понадобится год для разработки вакцины от... 545 Просмотров

00:07 Димаш и Тасмагамбетов были на вечеринке с зараженным... 785 Просмотров

21:51 Беспорядки в Кордае: осуждены напавшие на полицейских... 885 Просмотров

21:22 70-летняя женщина умерла в торговом доме в Нур-Султане... 832 Просмотров

21:20 Чем грозит выход из дома без нужды?... 783 Просмотров





Опрос


«    Март 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031