5 апреля 2020 г.

Мы в соц сетях:



БҒМ вице-министр қашықтықтан оқыту мәселесін түсіндірді

26 март 2020, 11:51
БҒМ вице-министр қашықтықтан оқыту мәселесін түсіндірді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты ұстаздардың қашықтықтан білім беруіне байланысты пікір білдірді,деп жазады BAQ.KZ.

Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазір балалар көктемгі демалыста. Мұғалімдер болса, балаларды жаңаша оқытуға дайындық үстінде. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын, әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабақтарына қажетті материал қарастыруда болатын. Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық - деп жазды вице-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Ең маңыздысы - осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа. Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақтар жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз сұрақтар да туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді - деді ол.

Вице-министр ата-аналарды қашықтықтан оқу мәселесіне түсіністікпен қарауға шақырды.

Құрметті ата-аналар, біріншіден, бұл мәселеге сіздер түсінікпен қарауларыңызды, балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз. Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар, әрине, бар, олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда. Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша Жобалау офисі құрылып отыр. Пандемия кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді - деді Шолпан Қаринова.

Ол теле-сабақардың қалай ұйымдастырылатынына да тоқталды.

Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға "Балапан" және "Ел-Арна" телеарналарында төртінші тоқсан басталсымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді. Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз! - деді вице-министр.
Просмотров материала: 239

Поделиться материалом


12:45 В Шымкенте от коронавируса умер пациент... 215 Просмотров

18:43 Прогнозы на 2020 год: какие сбудутся, а какие нет... 430 Просмотров

14:27 Доставка еды в г.Нур-Султан... 407 Просмотров

13:59 В Туркестанской области усилены ограничительные меры... 414 Просмотров

13:17 Нурсултан Назарбаев находится в полном здравии, - Айдос... 527 Просмотров

11:38 Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды... 599 Просмотров

10:16 Елімізде індет жұқтырғандар саны 500-ге жетті... 521 Просмотров

10:00 Коронавирус: Пациент скончался в Туркестанской области... 444 Просмотров

21:29 Интернет не приспособлен: онлайн-уроков для школьников не... 830 Просмотров

20:56 Как не убить экспортера?!... 2 792 Просмотров

19:54 Оқушылар радио және почта арқылы білім алады... 717 Просмотров

19:38 Елімізде 3 млн-нан астам оқушы қашықтықтан білім алады... 628 Просмотров

18:19 Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелді... 888 Просмотров

18:03 Ораза кезіндегі рәсімдер онлайн өтеді – министр... 988 Просмотров

17:54 Почему ни одного случая заражения COVID-19 нет в... 916 Просмотров

17:45 Солтүстік Қазақстанда су тасқыны басталды... 609 Просмотров

17:38 Коронавирус күзде қайта таралуы мүмкін - министр... 546 Просмотров

17:32 Сколько отвели на строительство больниц в Казахстане... 478 Просмотров

17:30 Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған... 484 Просмотров

17:22 Глава Минздрава рассказал о нарушениях санитарных норм в... 456 Просмотров

17:15 Минздрав: Медиков поселят в гостиницы и общежития... 435 Просмотров

17:15 Министр коронавирусқа байланысты ауыл адамдарына ескерту... 476 Просмотров

17:01 Как работает тормозная система автомобиля? (ВИДЕО)... 384 Просмотров

17:00 Тоқаев: Әнұранымызды бірге орындау - Отанға деген... 365 Просмотров

16:39 С 14 зон очагов сняты ограничения в Алматы... 343 Просмотров

16:39 Коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы ауыр – Біртанов... 408 Просмотров

16:36 В Нур-Султане и Алматы снизился прирост заболеваемости... 339 Просмотров

16:29 Назарбаев поговорил по телефону с акимами Нур-Султана,... 336 Просмотров

16:20 Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды... 352 Просмотров

16:07 65 жастан асқан адамдарға зертханалық талдау үйде... 321 Просмотров

15:50 Облздрав опроверг информацию о ста зараженных медиках в... 328 Просмотров

15:49 Елорда дәрігерлері баламен аулада серуендеп жүрген... 345 Просмотров

15:42 Сколько денег выделили на продление медицинской страховки в... 293 Просмотров

15:30 "Меня сделали контактной" - казахстанка пожаловалась на... 396 Просмотров

15:30 Коронавирус - адамзат үшін жасалған жаңа ереже... 353 Просмотров

15:16 Гречку, сахар, картофель и другие продукты запретили... 297 Просмотров

15:11 Шаруалар жыл соңына дейін жер салығынан босатылады... 308 Просмотров

14:57 Түбі қашықтан оқыту мен оқуды үйренуіміз керек еді...... 368 Просмотров

14:39 Желіде тараған видео: Алматы көшесіне не үшін танктер... 364 Просмотров

14:21 СҚО-да бір тәулікке жетпей коронавирусқа шалдыққандар саны... 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930