19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды

26 март 2020, 11:15
Мемлекет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Abai.kz.

Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (ПЦР) негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен.

Қазіргі уақытта Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін және COVID-19 вирусының әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмыстарын бастап кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, Қазақстан ғылымының құзыретін арттыру үшін отандық әзірлемелердің маңыздылығын атап өтті.

– Шын мәнінде, бұл зертхана Қазақстан үшін бірегей саналады. Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті, - деді Мемлекет басшысы.

Президент карантин талаптарын сақтау қажеттігі жайында айтты.

– Мен азаматтарымызды карантин режимін сақтауға шақырамын. Бірақ, ешқандай дүрбелең туғызуға болмайды. Өйткені, індет ежелден оптимизм мен өмірге құштарлық салтанат құрған, адамдардың жігері мұқалмайтын жерлерді айналып өтеді. Сонымен қатар кімде-кім депрессияға түсіп, қайғыға салынатын болса, инфекция да соған үйір болады. Сондықтан бәріміз бірге болуымыз керек. Ал ауырғандарға келетін болсақ, оларды ешқандай да шеттетпейміз. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіледі. Біз оларға да, карантинде жатқан азаматтарға да қамқорлық жасаймыз, - деді Мемлекет басшысы.

Президент Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ауқымды іс-қимылдар жоспары жарияланғанын атап өтті. Ол бойынша халыққа, оның ішінде, бизнес өкілдеріне қаржылай көмек беріледі.
- Салықтық жеңілдіктер мен кредит жүктемелерін төмендету шараларын есептемегенде, дағдарысқа қарсы жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 10 миллиард доллардан асады. Бұл - бұрын-соңды болмаған сома. Біздің алдымызда қазір осы қаражатты өте тиімді жұмсау міндеті тұр. Біз осы бағыт бойынша жұмыс істейміз. Жағдай бақылауда, азаматтар мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Бұл - біздің жұмысымыздың негізгі басымдығы, - деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық жұмысымен танысу барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов баяндама жасады.

Бұған дейін отандық ғылыми ұйымдар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына, нодулярлы дерматитке және бруцеллезге қарсы вакциналар әзірлеген болатын. Жалпы вакцинаның 28 түрі жасалып және диагностикалық тест жүйесінің технологиялары әзірленді. Мұның кейбірі шетелдерге шығарылады.

Просмотров материала: 655

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 558 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 380 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 350 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 285 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 265 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 684 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 247 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 398 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930