1 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Дос қиын сәтте сыналады» - Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын

25 март 2020, 10:11
«Дос қиын сәтте сыналады» - Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясының таралуын ауыздықтау жөніндегі Қытай басшылығының батыл әрі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Бүкіл әлем Қытай медицинасының зор әлеуеті мен дәрігерлерінің жоғары кәсібилігіне тәнті болды. Жалпы, Қытай Сіздің басшылығыңызбен орталықтандырылған басқарушылық жүйенің зор әлеуетін және дағдарыс жағдайын тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестік бағытын одан әрі нығайта беруге ниетті екенін жеткізді. Оның пікірінше, осы орайда былтыр қыркүйекте Бейжіңде қол қойылған Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді және жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияның мәні зор.

«Көршілес елдерімізбен арадағы осындай ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай халықтарының ежелгі мүдделеріне сәйкес келеді деп сенемін. Біз экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді әрі пайдалы жобалар жасауға күш салуымыз қажет», - деп санайды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент екі елдің БҰҰ-дағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестегі табысты ынтымақтастығын оң бағалап, сондай-ақ, «Бір белдеу - бір жол» мега жобасының аясында Ұлы Жібек жолы тұжырымдамасын одан әрі іске асыру барысындағы іс-қимылдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Си Цзиньпин коронавирустың таралуы барлық ел үшін күтпеген сынақ болғанын айтты. Қытай пандемияға қарсы әлемдік күреске үлкен үлес қосты. Қытай басшысы бұл істе әлі толық жеңіске жеттік деп санамайды. Індеттің екінші мәрте қайталанбауы үшін қосымша шешімдер қабылдау қажет. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен оның басшылығына Қытайға коронавируске қарсы күресте көрсеткен нақты қолдауы үшін ризашылық білдіріп:

«Сіздер «дос қиын сәтте сыналады» деген мақалдың дұрыс екенін анық көрсеттіңіздер. Қытай өз тарапынан Қазақстанды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, гуманитарлық көмек көрсетуге дайын», - деді.

Қытай мемлекетінің басшысы Қазақстан Президентінің төтенше жағдай кезіндегі көшбасшылық қасиетін жоғары бағалап, оның батыл әрі дер кезінде қабылданған шараларына тоқталды. Си Цзиньпиннің айтуынша, пандемияда мемлекеттік шекара деген болмайды, бүкіл әлемге өте жылдам қарқынмен таралуда. Сондықтан «Адамзаттың тарихи тағдыры бір» тұжырымының өзектілігі артып келеді. Аталған тұжырымға сәйкес барлық мемлекет күллі халықаралық қоғамдастықты өркендету жолында күш-жігерін біріктіруі тиіс.

«Індет келеді, кетеді. Ал достық пен ынтымақтастық - мәңгілік құндылықтар», - деді ҚХР Төрағасы.

Оның пікірінше, Қытай мен Қазақстан барлық саладардағы, әсіресе қаржы, индустриялық және цифрлық технологиялар сияқты маңызды бағыттардағы ынтымақтастықты арттыра алады.

Әңгіме соңында Си Цзиньпин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жүрек жарды сәлемін жолдады.
Просмотров материала: 948

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 854 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 181 370 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 948 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 000 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 181 313 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 568 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 697 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 941 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 146 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 285 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 877 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 114 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 281 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 108 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 326 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 368 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 050 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 172 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 168 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 997 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 832 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 107 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 046 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 551 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 081 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 870 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 137 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 506 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 890 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 835 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 852 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 084 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 222 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031