19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елбасының тапсырмасы бойынша волонтерлер 4 күнде 7 мың отбасыға көмектесті

24 март 2020, 15:50
Елбасының тапсырмасы бойынша волонтерлер 4 күнде 7 мың отбасыға көмектесті
Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды qamshy.kz.

Жиын барысында Қордың қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланып, оған белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кірді.

Қор құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша Мемлекет басшысының ұсыныстары ескеріле отырып, Қамқоршылар кеңесінің құрамына: Қамқоршылар кеңесінің төрағасы - «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Қамқоршылар кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай, кеңес мүшелері – Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Волонтерлер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Ұлттық волонтерлар желісі» Заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Вера Ким, «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сауле Мухашова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Юрий Пя және «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді.

Қордың жоғары басқару органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысының төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов болды. Қордың құрылтайшылары – «Ардагерлер ұйымы» (Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады) және «Мир через духовность» қоғамдық бірлестіктері (Сауле Мухашова басқарады).

«Birgemiz» Қорының Басқарма төрағасы Руслан Сакеев қорға «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажет екендігін атап көрсетті. Өйткені осынау қоғамдық бірлестіктің әрбір өңірде филиалдары жұмыс істейді, қажетті материалдық-техникалық базаға ие және «Jas Otan» жастар қанатының кең ауқымды волонтерлар желісі бар.

– Бірінші отырысты біз «Nur Otan» партиясының қабырғасында өткізіп отырмыз, өйткені оның мүмкіндіктеріне сүйенгіміз келеді. Елбасының қолдауымен қорға қаражат түсіп жатыр, ал халықтың ауқымды бөлігімен тиімді жұмыс жүргізу үшін бізге инфрақұрылым, зор ұйымдық тәжірибе және адамдар қажет. Бұл аталғандардың басым бөлігі бүгінде тек партияда ғана бар, – деп атап өтті Руслан Сакеев.

Бүгінде жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдері 40 млн. доллардан астам қаражатты топтастырды. Бұл қаражат Қамқоршылар кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жүмыс басталды.

Өз кезегінде Бауыржан Байбек Қамқоршылар кеңесі атынан Елбасы үндеуіне қолдау көрсеткен бизнесмендерге алғыс айтып, қазақстандықтардың бірлесе отырып, кез келген дағдарысты еңсеретініне сенімділігін білдірді.

– Елбасы, «Nur Otan» Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз өзіміздің барлық ұйымдық және медиаресурстарымызды қордың тиімді жұмыс істеуі үшін ақысыз негізде ұсынамыз, – деді Бауыржан Байбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы аясында «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары желісі бойынша халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету қор құрылғанға дейін басталып кеткенін атап өткен жөн.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бөлді. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске Елбасының шешімімен Тұңғыш Президент Қоры тағы да 200 млн. теңге бағыттады.

Бүгінде «Jas Otan» волонтерлары мен партия белсенділері халықтың әлеуметтік осал санаттарын антисептика және гигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланыссыз тарату жолымен қамтамасыз етуде. Тек соңғы төрт күнде бүкіл ел көлемінде 7 мыңға жуық отбасыға 130 млн. теңге сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді.


Просмотров материала: 688

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 664 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 486 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 455 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 391 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 374 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 663 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 725 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 292 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 280 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 431 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 823 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930