22 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Төтенше жағдай кезінде жалақыны сақтаудың бірнеше жолы бар

20 март 2020, 16:13
Төтенше жағдай кезінде жалақыны сақтаудың бірнеше жолы бар
Жарияланған төтенше жағдайға және азаматтарды карантинге жіберуге байланысты жұмысшылардың жалақыларын сақтаудың бірнеше жолы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізген облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов хабарлады.

Үй карантиніне түскен азаматтарға еңбекақы төлеу тәртібі еліміздің Еңбек кодексінің 133-бабы бойынша реттелген. Атап айтсақ, аталмыш бапқа сәйкес, жұмыс беруші осындай жағдайда қалған жұмыскерге өз қаражаты есебінен жұмысқа уақытша қабілетсіздік жағдайы бойынша қызметтік жәрдемақыны төлеуге міндетті. Мұндай еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 қаулысына сәйкес беріледі. Осындай жағдайда төленетін қызметтік жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Биылғы жылы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2651 теңге, яғни төленетін қызметтік жәрдемақы 39765 теңгені құрайды. Әрине, барлығы бұл сомаға келіп тіреліп қалады деген сөз емес. Әр мекеме, әр кәсіпорын өз мүмкіндігіне қарай аталған сомадан көбірек те төлеуіне болады. Егер осындай жәрдемақы төленбей жатқан жағдайлар орын алса, тұрғындар еңбек инспекторларына хабарласа алады. Біз өз тарапымыздан тиісті шараларды қолданатын боламыз, - деді инспекция басшысы Бақытбек Қизатов.

Басқарма басшысы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс режимі өзгеруі мүмкін екенін айтады. Еңбек Кодексінің 138-бабына сәйкес, мекеме басшысы жұмысшысымен екі арада жасалған келісімге орай оны қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуі мүмкін. Сондай-ақ еңбек шартына қосымша жасалған келісімге орай жұмысшының басқа да шығындары төленуі ықтимал. Мұндай құжаттарды ресімдеу кезінде жұмыс беруші бұйрық немесе актілерін шығаруы қажет.

Осындай кезде толық емес жұмыс күні режимін енгізуге болады. Бұл жағдай Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес анықталады. Оның бір күнде 8 сағат емес одан кем уақыт жұмыс істеу, аптаның күндерін азайту, сондай-ақ сағат пен апта күндерін қатар азайту сияқты үш түрі бар. Мұндай жағдайда жалақы да жұмыс берушінің актісімен анықталып, жұмыскердің жұмыс істеген уақытына сәйкес төленеді. Бұдан бөлек, кейбір кәсіпорындардың жұмыстары мүлдем тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс беруші жұмысшыға ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде, яғни 42500 теңге көлемінде жалақы төлеп отыруы тиіс. Бұл жоғарыда айтып кеткен Еңбек кодексінің 112-бабында анық көрсетілген. Бұл төлемдердің барлығы жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен төленеді, - деп қосты инспекция басшысы.

Жауапты тұлға кейбір жағдайларда жұмыс берушінің жұмысшыларын қысқартуға дейін баруы мүмкін екенін айтады. Мұндай жағдайда ол жұмысшыны бір ай бұрын қысқартылатыны жөнінде құлағдар етіп, бір айлық орташа жалақысы мөлшерінде қысқарту өтемақысын төлеп беруі тиіс. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Семей ядролық полигонынан зардап шеккен аймаққа жатуына орай жұмысшылар экологиялық демалысқа да жіберілуі мүмкін. Бұдан бөлек, ол кезекті ақылы еңбек демалыстарын да қарастыруға болатынын тілге тиек етті.
Просмотров материала: 1 763

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 513 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 220 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 743 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 116 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 900 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 932 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 952 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 979 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 180 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 903 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 035 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 660 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 539 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 567 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 773 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 535 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 941 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 726 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 541 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 384 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 223 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 596 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 474 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 957 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 394 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 289 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 525 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 914 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 264 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 210 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 355 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 288 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 532 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 662 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031