24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді

20 март 2020, 10:36
Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" деген атпен 4 томдық жинақ шықты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді басқару тізгінін қолына алып, президенттік қызметіне кіріскеніне бүгін тура 1 жыл толды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда твит-парақшасында: "Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы – Елбасы стратегиясының сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды..." деп жазды. Расында сол тарихи кезеңдегі Елбасының таңдауынан кейін, көп ұзамай өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халқының басым бөлігі (70,96%) Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасына қолдау білдіріп, дауыс берді, - деп жазды ол.

Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлының сол 2019 жылдың 20 наурызынан бері қабылдаған шешімдері, өткізген кездесулері мен қабылдаулары, жалпы атқарған жұмыстары түгелдей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырды.

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын "САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ" деп атап, өзінің негізгі үш ұстанымын жариялаған болатын. Осы басты қағидаттарды ұстанған ҚР президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшысының осы уақыт аралығында әртүрлі деңгейдегі мінберлерден сөйлеген сөздерін жинақтап, 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде "САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ" деген атпен 4 томдық жинақ шығарып отыр, - деп атап өтті Берік Уәли.


Берік Уәлидің сөзінше, бұл кітаптарда мемлекет басшысының әртүрлі іс-шараларда сөйлеген 76 сөзінің толық мәтіні жинақталды. Ол әр кітапта қандай мәліметтер жинақталғанын айтып өтті.

Бірінші кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыған елдердің қатарына қосу мақсатымен қолға алған бастамалары және халықтың жарқын болашағы үшін жүзеге асырылатын жобалар туралы ой-пікірлері, мемлекеттің алдында тұрған басым бағыттары мен міндеттерін айқындауға арналған жалпыұлттық іс-шараларда сөйлеген сөздері енгізілді.

Екінші кітапқа мемлекет басшысының өңірлердегі жұртшылықпен кездесу өткізіп, ел мен жердің тағдыры, саяси өзгерістер, экономикадағы серпін, әлеуметтік жауапкершілік және басқа да қоғам өмірі туралы ой-толғамдары, еліміздің алдында тұрған басым бағыттар мен міндеттер жөнінде сөйлеген сөздері топтастырылды.

Үшінші кітапқа Қазақстан президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен кездесулерде, әлемдік саммиттер мен халықаралық форумдарда сөйлеген сөздері жүйеленіп топтастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеннен кейін бірнеше айдың ішінде Ресей, Қытай, АҚШ және Еуразияның басқа да көптеген елінің көшбасшыларымен байланыс орнатып, шет елдерге бірнеше мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарын жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиттеріне қатысты. Аталған жиындарда халықаралық саясаттағы Қазақстанның орны, ұстанымы туралы мәлімдемелер жасады.


Төртінші кітапқа Қазақстан президентінің бір жыл ішіндегі отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттарында, БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингтерде еліміздің шет мемлекеттермен арасындағы байланыстарға, халықаралық және ішкі саяси мәселелерге қатысты айтқан ой-толғамдары енді. Сондай-ақ, кітаптың соңында 8 сұхбат пен 2 деректі фильмнің видеонұсқасы флеш-картаға жүктеліп, қоса беріліп отыр.

Міне, ҚР президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшысының бір жылғы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы ретінде осы 4 томдықты қалың бұқараға ұсынып отыр. Кітап саясаттанушылардың, журналистердің, зерттеушілердің және жалпы, кез келген ізденуші азаматтың талғамына сай келеді деген үміттеміз, - деп жазды Берік Уәли.
Просмотров материала: 953

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 098 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 921 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 891 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 831 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 812 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 238 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 264 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 722 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 851 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 994 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 520 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 671 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930