23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Коронавирустан қорыққан халық дем салғызу үшін имамдарға ағылып жатыр

16 март 2020, 17:20
Коронавирустан қорыққан халық дем салғызу үшін имамдарға ағылып жатыр
Қауіпті вирустан қорыққан алматылықтар жаппай имамдарға ағылып жатыр. Олар «Құран сүрелерін оқып, дем салғызса, әлемге жайлаған дерт өздеріне жұқпайды, жоламайды» деген сеніммен келеді. Ал мешіт қызметкерлері жамағат азайса да, сақтану мақсатында шипа дұғаларын оқыту үшін келетін адамдар күрт көбейгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Имамдар сақтық шараларын түсіндіріп жатыр. Соңында принтерден шығарып қойған мынандай дұға жазылған қағаздарды өзімізбен бірге әкетіп, оқып жүруге кеңес берді. Сенімге де байланысты. Сеніммен оқыған соң, «маған ауру жұқпайды» деп сенесің де, шапқылап жүре бересің», - дейді көк қағаздағы дұғаның бірін жанынан тастамай оқып жүрген жазушы Жәди Шәкен.

«Вирустан, аурудан, бәледен сақтайтын дұға» деп көрсетілген жарты беттік көк қағазда Құран сүресінің арабша, кирилше оқылуы мен қазақша мағынасы қоса жазылған. Алматыдағы Орталық мешіттің наиб имамы исламда аурудан қорғайтын және кеселден жазатын сүре мен дұғалардың көп екенін айтады.

Коронавирустан қорыққан халық дем салғызу үшін имамдарға ағылып жатыр


«Шипа дұғалары, шипа аяттары өте көп. Соның ішінде мына дұға да ерекше қасиетті дұға болып есептеледі. Қағазға шығарып қойғанбыз, таратып жатырмыз. Сұрағандарға беріп жатырмыз. Ауруды жолатпайтын, қорғайтын, яғни брондалған аят-дұғалар. Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың хадистерінде түрлі дертке қарсы оқылатын көптеген дұғалар бар. Алдын ала келетін дерттен сақтану және бойындағы аурудан сауығу үшін Алла елшісі күнде түннің кезінде, ұйқыға жатардан бұрын Ықылас, Фалақ және Нас сүрелерін оқып, өзіне дем салған, яғни Құран оқып, алақанына үрлеген, сосын онымен бетін және денесінің қолы жеткен жерін сүрткен», - деп түсіндірді Алматыдағы орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкірекбаев.

Мешіт қызметкерлерінің сөзінше, тек дұғамен шектелуге болмайды. Тазалықты сақтай отырып, ауру тараған жерден алшақ жүру керек.

«Бұл туралы Хақ Тағала Құрандағы «Бақара» сүресінің 155-аятында «Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен және мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз», - деп ескерткен. Сондай-ақ, Алла Тағала адамзат баласына: «Өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер», – деп ескерту жасаған («Бақара» сүресі, 195-аят). Алла берген аманат – өз өміріміз бен денсаулығымызға дұрыс күтім жасамай, қауіп-қатерге көзсіз ұрынар болсақ, түбінде опық жейтініміз сөзсіз», - деп түсіндірді мешіт қызметкерлері.

Қазіргі уақытта Алматыдағы 51 мешіттің бәрі дезинфекцияланып жатыр. Имамдар жамағатты бұрынғыдай жаппай мешітке келмей-ақ, үйде мінәжат ете беруге шақырды. Жұма намазында уағыз айтылмайды, жамағатпен тәспих тартылып, дұға жасалмайды.
Просмотров материала: 2 202

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 629 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 335 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 831 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 861 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 230 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 909 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 942 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 963 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 987 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 188 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 911 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 036 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 543 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 573 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 730 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 544 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 391 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 228 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 602 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 478 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 960 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 293 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 530 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 918 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 270 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 213 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 356 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 292 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 538 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 666 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031