26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тіл болашағына қатысты мәселеде қателесуге болмайды

11 март 2020, 15:42
Тіл болашағына қатысты мәселеде қателесуге болмайды
2020 жылдың 5 наурызында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ- да БҚО тілдерді дамыту басқармасы мен университет басшылығы ұйымдастырған латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасына байланысты ашық талқылау өтті. Жиынға өңірдегі филолог ғалымдар, тіл мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған филология ғыл. докторы, профессор М.Сабыр, БҚМУ профессоры, филология ғыл. докторы Ғ.Хасанов, филология ғыл.кандидаты Қ.Аронов, педагогика ғыл.кандидаты Ә.Мұқамбетқалиев, тілші-маман Б.Жексенғалиев және басқа да тіл мамандары (жоғары, орта мектеп оқытушылары) ашық талқылауға ұсынылған мәселелер бойынша, сонымен бірге әліпби құрамы мен жекелеген әріптерге қатысты өз ұсыныс- пікірлерін ортаға салды. Талқылау барысында қатысушылар «Ш.Шаяхметов ат. «Тіл-Қазына» орталығы ұсынған жеке мәселелерден бұрын жалпы қазақ әліпбиін қалыптастыруға қатысты негізгі мәселелерге қатысты ұстаным, қағидаттарды анықтап алу қажет деген ортақ пікірге келді.

1, Ең алдымен, ұлттық әліпби құрамына қатысты нақты бір шешімге келу қажет. Қандай жазу түрін алсақ та тілді өміршең ететін, тілді сақтайтын сол тілдің төл дыбыстарын таңбалайтын әріптерден құралған ұлттық әліпби екені анық. Бұрынғы бекітілген, бірақ олқылықтары бар әліпбиде болған ч әрпі «қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді» деген фонетикалық негіздемемен жетілдірілген әліпби құрамынан алынған екен. Дұрыс шешім. Олай болса, Vv (в), Ff(ф), Hh (х,һ) әріптерін жетілдірілген әліпби жобасында қалдырудың қандай негізі бар? Бұл жағдайда біз «эфир, валюта, философия, эвалюция, хлор, химия т.б» сөздерін қай тілдің заңымен жазамыз? Бұл дыбыс таңбалары да қазақ тілі үшін жат қой. В, ф, х әріптері қолданылатын шеттілдік сөздер көп екені рас және нақты шешім қабылданбаса, жат сөздер легі толастамайтыны да анық. Ал ол дыбыс, әріп, сөздермен бірге өзге тілдің айтылым, жазылым ережелері де келмек. Тіл тағы да қосамжар емлемен өмір сүре ме? Бұл жазуымызға ұлттық сипат беру мақсатына және «тіліміздің дыбыстық жүйесін айқын көрсететін нұсқа» деген әліпби анықтамасына қаншалықты сәйкес?

Бұл таңбаларды ауыстырсақ, «мәтін ішінде көзшалымға танылуын қиындатады» немесе футбол сөзін «putbol деп өзгерту жасанды болады» деген тұжырымдарда ғылыми негіз жоқ деп есептейміз. Шеттілдік сөздерді қолданудың барлық әлем тілдерінде мойындалған игеріп жазу тәсілі қалай жасанды болмақ? Сол «футбол» сөзінің орыс, ағылшын (football) , неміс (füßall) тілдеріндегі нұсқаларын қараңыз, әр тіл өз жазу заңы бойынша қолданады. Қазақ тілінде potbol деп жазсақ , несі жасанды, керісінше жат сөзді қазақ тілінің үндесім заңына сай игеріп қолдануға мысал болмай ма?

В дыбысын төл б, п, у, ал ф дыбысын б, п дыбыстарымен айтуға, төл әріптермен жазуға болады және осы жат дыбыстарды төл дыбыстармен ауыстырып айту, жазу бізге таңсық емес. Тіл заңы арқылы игеріліп, тілімізге сіңген сөздер легінен мысал: болыс(волость), тауар(товар), Еуропа(Еуропа), зауыт(завод), Мәскеу (Москва), пайда (файда), дәптер (дафтар), пікір (фикр), сынып (синф), сапар (сафар) т.б. Орыс тілі арқылы келген, араб-парсы тілдерінен келген жат сөздерді қазақ тілі заңымен игеріп қолдану арқылы тіл заңы тілді жат тілдік ықпалдан қорғайтынын да ұмытпайық.

Ал х, һ әріптерінің кейбір төл сөздерде қ әрпінің орнына жазылуын (хат, хабар, дастархан, гауһар, шаһар) заңдылықтан гөрі тіл болмысына жасалған қиянат, тіл басқыншылығына мысал ретінде келтіруге болады. Сондықтан жаңа емле арқылы төл сөздерде қ әрпінің жазылуын қалпына келтірген дұрыс және бұл тілдің айтылым нормасына сәйкес болмақ, ал шеттілдік сөздерде қ, к әріптерімен ауыстырып жазуға болады. Мыс: qilor, tekniyke).

Бұл арада біз бұрын бірде дауысты, бірде дауыссыз деп келінген у мен қазақ сөздерінде (жиі, қиын, иық) дауысты дыбыс деп түсіндіріліп келген и дыбыстары мен әріптеріне қатысты «тіл бұзар ережеге» нүкте қойылғанын құптаймыз. Бұл мәселеге, и,у әріптеріне қатысты шешуші сөзді академик Р.Сыздықова айтты деп ойлаймыз.

«Бұл дыбыстардың дауыссыз дыбыс екені бүгінде проф.Ә.Жүнісбек еңбектерінде де жан-жақты дәлелденді. Ендеше тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілінің емлесін жасауда қазақ тілінің табиғатын, шынайы болмысын танытуымыз керек. Сондықтан жуан болып келген жерде ый (мый, мыйық, оқыйды, тасыйды, сый, сыйлау, сыйады, тый, тыйады, тыйылды), жіңішке болып келген жерде ій (жібійді, ерійді, кемійді,тійеді, бійлейді) жазуымыз керек. Сол сияқты жуан айтылатын сөздерде ұу (сұу,сұуық, тұуыс, барұу,жұу, жұуын), жіңішке айтылатын сөздерде үу (гүу, гүуледі,кемүу, жүрүу) таңбалануы керек» ( «Латын жазуы: емле ережелерін түзуде ескерілетін жайттар», «Қазақ әдебиеті», 14.09.2018 ж).

Бұл жағдайда көпшілік қауымды, әсіресе оқушыларымызды әбден шатастырған ережелер түзетіліп, тілдің табиғи болмысын тану, таныту жүйелене түспек, сөздердің дыбыстық құрамын тану, буынға бөлу жеңілдейді.

Ал өзге тілдік сөздердегі и әрпін төл і, е, ый, ій дыбыстарымен айтуға, сәйкесінше жазуға да болады. Ертеректе тілімізге енген кірме сөздерді қарайық. «Бәтеңке (ботинка), кәрзеңке (корзина), кірпіш (кирпич) т.б.

Сол сияқты орыс тілінен енген сөздерде дауысты дыбыс таңбасы ретінде жазылып келген у әрпі орнына төл ұ,ү,о, ө әріптерін жазу – тіл болмысы мен табиғатына сай келеді. Тағы да тіл тәжірибесінен мысал: тұрба (труба), сот (суд), пөшке (пушка), көпес (купец), бөтелке (бутылка) т.б.

Қазақ тілінің дыбыстық құрамы тілдің төл болмысы мен табиғатын танытатын 9 дауыстыдан (а,ә,е,о,ө,ы,і,ұ,ү) және 19 дауыссыздан (й,у,р,л,м,н,ң,б,г-ғ,д,ж,з,п,к-қ,т,с,ш) тұрады, тиісінше ұлттық әліпби құрамын да осы төл дыбыстарды таңбалайтын әріптерден құрау туралы тіл жанашырлары мен тілші-ғалымдар (Ә.Жүнісбек, Б.Нұржекеұлы, Б.Қапалбек, Б.Ихсан т.б) пікірін қолдаймыз. Тілдің табиғи болмысын сақтау үшін қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін дыбыс таңбаларын ұлттық әліпби құрамына алмау қағидаты барлық жат дыбыс әріптеріне қатысты болуы тиіс, сондықтан да ұсынылған әліпби жобасынан Vv (в), Ff(ф), Hh (х,һ) таңбаларын алып тастау және Уу таңбасымен тек сонар й дауыссызын таңбалау қажет деп есептейміз. Қазақ әліпбиі атымен ғана емес, затымен де ұлттық әліпби болуы керек. Қазақ жазуы тарихындағы А.Байтұрсынұлының төте жазу әліпбиі ұлттық жазу болғаны белгілі. Әлі де кеш емес, «ұлт үшін деген ұлы істі» (А.Байтұрсынұлы) түзу де даңғыл жолға түсірейік, ағайын!

2, Жетілдірілген әліпби құрамында жекелеген дыбыстарды таңбалау бойынша жиынға қатысушылар төмендегідей ортақ пікірге келді.

Әліпби жобасындағы қазақ тілі жұп дауыстыларының жіңішке сыңарларын умлаут белгісімен беру дұрыс, сонымен бірге ұ-ү жұптарын да осы үлгімен Uu (ұ), Ü ü (ү) таңбаларымен беру, ы-і жұп дауыстыларын ұқсас I ı (ы), I i (і) таңбаларымен беру, ал сонар дауыссыз й,у дыбыстарын Уу (й), Ww (y) таңбаларымен алу туралы ұсынысты қолдаймыз.

3, Талқылауға ұсынылған тағы бір мәселе – Ww, Xx, Cc таңбаларын тек пернетақталарда қалдыру туралы ұсынысқа қатысты.

«Аталған ағылшын әріптері ұлттық әліпбиімізде болмағанмен, қазақ мәтінінде таңбаланады» тұжырымын негізсіз деп санаймыз. Қазақ ұлттық әліпбиі құрамында болмаса, бұл әріптерді қазақ әліпбиі пернетақтасында қалдырудың да қажеттілігі жоқ, ал халықаралық бренд, марка атауларын (Windows, Maxima, Coco-colo) барлық тілдердегі тәжірибемен ағылшын алфавитімен де бере беруге болады, ағылшын әліпбиі барлық бағдарламаларда бар.

Ww әрпімен сонар у дауыссыз дыбысын таңбалау туралы А.Байтұрсынұлы ат.Тіл білімі институты ғалымдарының ұсынысын қолдаймыз.

Ұлт тағдырына, тіл болашағына қатысты мәселеде енді бізге қателесуге болмайтыны анық. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жүргізіліп жатырған әліпби реформасына қатысты «Бұл мәселеде асығыстыққа жол берілмейді. Жаңа әліпбиді енгізудің барлық аспектілерін мұқият тексеру, жан-жақты талдау және пысықтау қажет» деген пікірін ескере отырып, ұсынылған жетілдірілген әліпби жобасына ұлттық тіл мүддесі тұрғысынан сараптама жасап, өзгерістер енгізу қажет деген пікірді қостаймыз және талқылау мен сараптау барысында айтылған әр пікір мен ұсыныс мұқият ескеріледі деп сенеміз. Жазу жүйесі тілдің заңына бағынып, тілге қызмет етсін десек, ең алдымен, тілдің дыбыстық құрылымын зерттеуші фонетист ғалымдардың (Ә.Жүнісбек) пікір-ұсыныстары мұқият қаралса деген тілек бар. Басты міндет - ғылыми негізделген, тіл заңдылығына сүйенген, ең бастысы, тілге қызмет ететін, тіл болашағын сенімді ететін жаңа әліпби нұсқасын қабылдау.

Мұрат Сабыр,

Филология ғыл. докторы, профессор

Болат Жексенғалиев,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы, тілші-маман

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 1 162

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 339 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 160 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 131 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 073 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 058 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 083 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 601 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930