29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ханчжоудан – Нұр-Сұлтанға. 35 күн карантинде болған студентпен сұхбат

11 март 2020, 14:43
Ханчжоудан – Нұр-Сұлтанға. 35 күн карантинде болған студентпен сұхбат
Кейінгі мәліметтерге сүйенсек, Жер планетасынының 4 мыңнан астам адамының ажалы коронавирустан келген. Бәлкім, осы сөзді жазып жатқанда ғаламшардың өзге бұрышында тағы бір әлсіз өмір сәулесі мәңгіге сөнген де шығар...

Иә, дерттің десі қатты. Әлемде коронавирустың қармағына ілінбеген ел аз. Аздың қатарында біз де бармыз. Алайда күн санап, «шеңгелсіз шеңбер» тарылып келеді.

Қатерлі кесел туралы суыт хабар таралысымен Қазақстан сақтанудың қамына көшті. Әуедегі, жолдардағы, шекарадағы адамдар тасқынына тосқауыл қойылды. Түрлі себептермен жат жердің жерін басып жүрген жерлестеріміз жедел елге жеткізілді. Оның ішінде, жемірге жақын жүргендер жұқтыруы мүмкін деген қауіппен қоғамнан оқшауланды. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қазір 703 адам карантинге жабылған.

21 жастағы Ләйлә Санова 14 күнін ауруханада өткізіп келді. Бойжеткен Ханчжоу қаласындағы Zhejiang Gongshang университетінде логистика мамандығының 3 курсында оқиды.

– Covid Ханчжоу қаласына қаңтардың аяқ тұсында келді. Ізін ала мен білім алып жатқан ауданнан білінді. Соған байланысты ақпан айының 2-сінде бізді жатақханаға карантинге жапты. Басында 7 күн боласыңдар деді, одан кейін 20 күнге ұзартатындарын айтты. Мұғалімдеріміз тамақ, масканы өздері жеткізіп тұрды. Сол жақтағы достарыммен хабар алысып отырамын, олар әлі күнге жатақханада, карантинде жатыр... Дені, Африкалықтар.

– Елге қайту туралы шешімді өздерің қабылдадыңдар ма, елшіліктен жәрдем болды ма?

– Елге өз күшімізбен қайттық. Оның алдында елшіліктен үйлеріне оралғысы келетіндер аты-жөні, паспорт нөмірін жазып жіберсін деген хабарлама келді. Пекин арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына рейстер ұсынылды. Бірақ құрбым екеуміз оған үлгермедік. Содан 20 ақпандағы таңертеңгілік ұшаққа билет алдық. Алдымен Ханчжоудан Гуанчжоуға жетіп, онда 1 күн аялдап, кейін Мәскеу арқылы Қазақстанға келдік.

– Әуежайларда тексерістен өттіңдер ме? Әр елдің талабы әртүрлі шығар..

– Иә, жатақханадан шықпас бұрын тексерістен өткізеді, содан кейін ғана рұқсат қағазы беріледі. Әуежайдың кіреберісінде де сол талап. Маскамен жүру міндеттелді. Ұшақ ішінде мамандар жолаушылардың халін тағы бір рет тексерді. Қолдарында арнайы аппараттары бар. Мәскеудің Шереметьево әуежайында жағдай сәл басқаша екен. Дәрігерлер сол жерден ауыз, мұрын қуысынан жұғынды алып, дене қызуын өлшеді, аты-жөнімізді жазып алды. Салыстырар болсақ, ол кезде Қытайда аса бір қарбалас байқалмаған-ды, бәрі қалыпты жағдайда жасалды.

– Бізде ше?

– 22 ақпан кешкісін елде болдық. Төлқұжат тексеретін орында Қытайдан келе жатқанымызды айтып ек, бірден бөлек бөлмеге оқшаулады. Мекенжай, телефон нөмірімізді сұрап, жедел жәрдем шақырды. Кейін ауруханаға алып кетті. – Карантинге алынатындарың туралы ескертілді ме? – Жоқ, айтылмады, Бірақ жағдайға қанықпыз. Елге бұрын жетіп алған студенттер 3 күндік карантинга жабылған. Біз келгенше мерзімі екі апта болып өзгертіліпті.

– Ол жақта азаматтарға қандай жағдай жасалған?

– Құрбым екеумізді бөлек палатаға жатқызды. Одан бір қадам аттап шығуға болмайды. Іші таза. 3 мезгіл тамақ беріледі, бөлме күніне екі мәрте тазартылады, маска киген дәрігерлер жағдайымызды бақылап отырды. Анализ нәтижесі 3 күннен кейін белгілі болды. Дәрігерлер қорқуға негіз жоқ екенін, бірақ талапқа сәйкес карантинде 14 күн болуымыз тиіс деді.

– Қытайдан келдің, карантинде болдың... Айналаң қалай қабылдады, үрке қарағандар болған жоқ па?

– Ондай келеңсіздіктер кездесті ғой. Бірақ ол уақытша нәрсе деп ойлаймын. Тек туыстарым уайымдап, асыға күткені болмаса, қазір бәрі жақсы. Айтпақшы, 9 наурызда сабақ басталды. Қашықтан, видеобайланыс арқылы білім алып жатырмыз. Кітаптар, қажетті лекцияларды электронды нұсқада поштамызға жібереді. Арнайы бағдарлама арқылы дәріске кім қатысты, қатыспағанын біліп, түгендеп отырады. Елде екенмін деп еркінсуге болмайды, Қытай университеттерінде талап қатаң...

Ләйлә қазір Алматыда отбасымен бірге. Төрт қабырғаға телмірген күндер артта қалды. Қытайға енді қашан баратыны да әзірге белгісіз...

Дегенмен, індеттің «Отанында» ахуал оңала бастағынын айтып өту керек. Күнделікті өлім-жітім көрсеткіші 0,02 пайызға төмендеген. Сырқаттылар сауығып, уақытша ашылған 14 аурухана бірінен соң бірі жабылды. Бірақ, жаһандық экономиканың «құлаған ұстаған» Қытай секілді қайрат көрсету тағы кімнің қолынан келер?

Осы орайда, коронавирус бір басын кессең, екіншісі өсіп шығатын аждаһадай елестейді маған. Ал оны жеңіп шығу көптеген мемлекет үшін сынақ...

Авторы: Н.Т




Просмотров материала: 886

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 513 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 352 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 340 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 278 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 233 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 619 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 276 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 428 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031