24 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Барлық ауданда футбол академиясын құру қажет – Сапарбаев

Барлық ауданда футбол академиясын құру қажет – Сапарбаев
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» футбол клубының ұжымымен кездесті. Өткен маусымда жоғарғы лигада әрең қалған құраманы жігерлендірейін деді ме, әлде өзі футбол ойынының белсенді жанкүйерлі болғандықтан ба, аймақ басшысы әңгіменің әлқиссасын биыл футболшыларға барлық жағдай жасалатындығынан бастады, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

– Клубтың материалдық-техникалық базасы жақсы, оны одан әрі дамыта түсетін боламыз. «Жастар» стадионын жаңғырту жұмыстарында кеткен кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша мердігерден талап етеміз. Жабық шатыр орнату жұмыстары қолға алынады. Орталық стадионның мүмкіншілігін УЕФА-ның барлық талаптарына сәйкестендіретін боламыз. Сондай-ақ, «Локомотив» стадионын қайта жаңартамыз. Болашақта «Тараз»-дың еурокубокқа қатысатын уақыты туады деп үміттенемін, бірақ ол үшін көп тер төгу керек. Екінші лигадағы жергілікті команданың әлеуетін күшейтіп, бірінші лигада өнер көрсету мүмкіндігіне қол жеткізу керек. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге күмәніміз жоқ. Егер де, алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсете алсаңыздар, қаржыландыру деңгейі де арта түседі, – деп Бердібек Машбекұлы жергілік клуб ойыншыларын жігерлендірді.
Барлық ауданда футбол академиясын құру қажет – Сапарбаев

Ал «Тараз» футбол клубы директорының міндетін атқарушы Ғабит Қазбеков алдағы маусымда алтыншы орыннан төмен көрсеткіш көрсетпеуді мақсат етіп отырғандықтарын жеткізді.

Команда капитаны Мақсат Әмірханов ойыншылардың бұл маусымда жақсы нәтижеге жету үшін бар күш-жігерлерін салуға дайын екендігін айтып, аймақ басшысына 10 нөмірлі жейде мен клуб шарфын сыйға тартты.

– Командада жақсы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасу керек. Клуб облыстың барлық спорт мектептерімен, әсіресе ауылдармен байланыс орнату қажет. Өйткені, көрінбей жүрген көптеген таланттар аз емес. «Былғары доп» облыстық турнирін жаңғырту, барлық аудандарда футбол академиясын құру, «аудан-қала-облыс» кезеңдері бойынша іріктеу турнирлерін ұйымдастыру қажет. Басты талап – тәртіп, футбол алаңында ғана емес, өмірде де бір-біріне құрмет көрсете білу.

Мен футболды өте жақсы көремін, тәжірибелі жанкүйермін. Егер сіздер жан-тәнімен беріліп өнер көрсетсеңіздер, біз де барынша қолдауға дайынбыз. Сол кезде жанкүйерлер де стадионға көптеп келеді деп ойлаймын, – деді кездесу соңында облыс әкімі.

Иә, Бердібек Сапарбаев испандық Реал Мадрид футбол клубының белді жанкүйері екенін жақсы білеміз. Ақтөбе облысында әкім болған кезінде

жергілікті клубтың соңғы тиынына дейін бақылауына алып, «Ақтөбе» командасын белшесінен батқан қарыздан шығарған болатын. Бәлкім, Бердібек Машбекұлы биылғы маусымда стадионды ғана Еуропалық стандартқа келтіріп қоймай, клубты да Еуродода ойындарына шығарып қалар.
Просмотров материала: 1 077

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 788 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 495 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 988 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 022 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 389 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 920 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 952 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 284 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 974 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 998 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 197 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 915 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 667 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 580 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 779 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 949 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 480 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 403 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 532 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 541 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031