25 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Прокуратура: Ағаділ денесіндегі "дақтар" - биологиялық өлімнің белгілері

28 февраль 2020, 15:40
Прокуратура: Ағаділ денесіндегі "дақтар" - биологиялық өлімнің белгілері
28 ақпанда түстен кейін Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің денесіндегі "азаптау іздері" туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 28 ақпанға қараған түні әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі "жарақат" туралы видео тараған еді. Кейбір белсенділер мен құқық қорғаушылар оны "изоляторда ұрып-соққан болуы мүмкін" деп мәлімдеп, биліктен түсіндіруді талап еткен, деп хабарлайды Азаттық.

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Келімжанов "Ағаділді тергеу изоляторында азаптаған" деген ақпаратты жоққа шығарып, Ағаділ денесіндегі "дақтарды" биологиялық өлім белгілері деп атады.

- [Әлеуметтік желілерде тараған] Видеоматериалдарда мәйітте дақтар бары туралы айтылады. Оны дене жарақаты деп айтады. Мұнда оның пайда болу себебін түсіндіре алатын мамандар бар. Мәйіттегі дақтар - бұл биологиялық өлімнің белгілері. Медициналық тілмен айтқанда, дақтар адамның жүрегі тоқтағаннан кейін кемінде бір сағат өткеннен кейін пайда болады, - деді ол.

Тікелей эфирді көріңіз:


Келімжанов сараптаманың түпкілікті қорытындысы жақын арада шығатынын айтып, азаматтарды асығыс қорытынды жасамауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Әлеуметтік желі мен мессенжерлерде тараған видеода бірнеше адам марқұмның сүйегі екі күндік сараптамадан кейін мәйітханадан әкелінгенін айтып, денесін көрсетіп, "соққы іздері байқалады" деп тұжырым жасайды. Автормен қоса бірнеше адам марқұмның денесін тексеріп, саусағы қарайып кеткенін, иығы көгеріп, табанында, арқасында жарақат іздері барын айтады.

Бұл видео жарияланғаннан кейін әлеуметтік желіде наразы жазбалар көбейді. Олардың көбі "Ағаділдің өліміне кінәлілер жазалансын, жалған ақпарат бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылсын" деген талап айтты.

Полицияның айтуынша, белсенді "жүрек талмасынан" қайтыс болған. Сейсенбі күні ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров "белсендінің денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмағанын" хабарлаған.

Қоғам белсенділері биліктің мәлімдемесіне күмән келтіреді. Белсенділер мен құқық қорғаушылар тәуелсіз сараптама жүргізілуі тиіс дейді.

25 ақпанда Ағаділдің қазасынан кейін Қазақстанның түрлі қалаларында наразылық акциялары өтіп, жиналғандар бұрынғы президент, ықпалды Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етті. Бұға қоса, оның айналасындағы адамдар, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та қызметінен кетсін деген талап айтты.

25 ақпанда Нұр-Сұлтанда белсендінің өліміне байланысты ішкі істер министрлігінен түсініктеме талап етіп, жолды жабуға тырысқан ондаған адам ұсталды. Кейінірек босатылды. 27 ақпанда Талапкер ауылындағы жерлеу рәсімінен кейін Нұр-Сұлтанға барып, белсенділерді босатып, реформаны талап етуге тырысқан жиырмадан астам адам ұсталды.
Просмотров материала: 1 148

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 948 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 653 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 148 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 180 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 549 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 929 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 960 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 293 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 982 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 006 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 205 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 918 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 043 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 669 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 550 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 583 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 782 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 543 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 951 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 734 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 548 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 395 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 232 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 608 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 484 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 965 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 407 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 298 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 534 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 927 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 273 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 218 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 361 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 296 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 545 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 671 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031