4 апреля 2020 г.

Мы в соц сетях:



"Ғалымдар фермердің тапсырысын орындауы керек"

27 февраль 2020, 13:23
"Ғалымдар фермердің тапсырысын орындауы керек"
2015-2019 жылдары ғалымдар өсімдік шаруашылығында 300-ге жуық, мал шаруа­шылығында 200-ге тарта жаңалық ашты. Оған дейінгі жобалар мен осы 500 инновацияны іріктеп алынып, электронды порталға салынды. Өкінішке қарай тауар өндірушілер оны кәдеге жаратуға әзір құлықсыздық танытып отыр, дейді Төлеутай Рақымбеков Егемен Қазақстан басылымына берген сұқбатында.

– Жақында Ауыл шаруашы­лығы министрлігі малды шетелдерге тірілей экспорттауға тыйым салды. Кейбір сарапшылар тарапынан бұған қатысты сыни пікірлер айтылуда. Сіздің көз­қарасыңыз қалай?

– Ресми статистикаға сүйен­сек, был­тыр азық-түлік бағасы 10 пайызға көтерілді, бұл ақыл­ға сыймайтын көр­сеткіш. Қым­бат­шылықтың себеп-салдарын тү­сіну үшін нарықтағы азық-тү­лік бағасының өзгеру тетіктерін білу керек. Мәселен, көкөніс, жеміс-жидек сияқты азық-түлік түр­лері­нің бағасы етпен ты­ғыз байланыс­ты. Ет қайда сатылады? Ба­зар­да. Алыпсатарлар да, сатушылар да ет­тің құнына қарап отырады. Ет қым­бат­таса, қалған тауарлар да қымбаттап шы­ға келеді. Ел арасында малдың бәрі экс­порт­қа кетіп жатыр деген әңгіме көбейіп кетті.

Ет одағы жақында брифинг өткізіп, «экспортқа 63 мың тонна ет шығардық» деп хабарлады. Қазақстанның ішкі нарығы тұтынатын еттің көлемі – 1 млн 200 мың тонна. Жаңағы 63 мың тонна туралы әң­гіме рас болған күннің өзінде, бұл елі­міз­де тұтынылатын ет көлемінің бес-ақ па­­йызын құрайды. Бұл бағаның өсуіне де, төмендеуіне де әсер етпейтін өте аз көр­­сеткіш. Экспорт көлемі 15-20 пайыз бол­ған кезде ғана ішкі нарықтағы бағаға ық­пал етеді. Яғни бағаның қым­баттауына шетелге экспортталған еттің көлемі емес, даурық­па әңгімелер ықпал етті деуге негіз бар.

Тағы бір айта кетерлігі, 2018-2019 жылдары күз айларында ет қымбаттады. 1995 жылдан бергі аралықтағы азық-түлік нарығын бақылап келемін. Әдетте азық-түлік желтоқсан айының орта шенінен асқанда, яғни жаңа жыл қарсаңында қымбаттайды. Қаңтар, ақпан айларында баға тұрақтала­ды.

Наурыздың соңына қарай ет, көк­өніс, жеміс-жидек бағасы тағы өсе бастайды. Себебі халықтың со­­ғымы, азық-түлік қоры сарқыла бас­тай­ды. Ерте көктемде туған марқа әлі жас, көкөніс пен жеміс-жидектің пісуіне ерте. Мамырдың аяғы, маусымның басында баға тұ­рақтанады да, біртіндеп арзандай бастайды.

Себебін өзіңіз де біліп отырсыз: марқа ет жинайды, оңтүстіктен көк­өніс келе бастайды, нарыққа сүт өнім­дері шығады дегендей. Оның үстіне күн ысыған кезде адамның ағзасы да құ­нар­лы асты, ет пен майды қыстағыдай қа­жет­сіне қоймайды. Тамыз айында жұрт малын сойып сатып, балаларын оқу жылына даярлаудың қамына кіріседі, сөй­тіп ет тағы арзандайды. Жеміс-жидек піс­кен кезде баға тағы түсіп, желтоқсанға дейін сол деңгей сақталады.

Мен осы құбылысты 25 жыл бойы бақылап, анық көз жеткізгенмін. Өкінішке қарай, соңғы екі жыл көлемінде қазан-қараша айларында азық-түлік қымбаттап кететін болды. Оған жаңа айтылған «Мал мен еттің бәрін шетелдіктер сатып алып кетіп жатыр» деген даурықпа әңгіменің де әсері бар.

– Ет өнімін арттыруды асыл тұқым­ды мал басын көбейту арқылы шешу қол­­­ға алынған еді. Сол жоспар не болды?

– 2013-2015 жылдары ет экспортына қатысты бағдарлама жасаушылар «Қазақстанда аналық мал аз, оны шетелден импорттауымыз керек» деген бастама көтерген-ді. 2018 жылы «1 миллион ана­лық мүйізді ірі қара әкелу керек» деді. Өзімізде аналық мал жетпей жатыр екен, онда оны не үшін шетелге экспорттап жатырмыз? Сол жағы түсініксіз.

Соңғы уақытта шет мемлекеттерден 130 мың сиыр әкелінді. Ал 2019 жылдың өзінде 156 мың бас мал шетелге сатылды. Жаңағы шетелден әкелінген 130 мың бас малдың әрқайсысына 225 мың теңгеден, барлығы 30 млрд теңге субсидия берілді. Шетелден келген әр сиырдың құны – 650-670 мың теңге. Ал өзіміз экспортқа шығаратын малдың орташа бағасы 250 мың теңге шамасында. Яғни айырмашылық – 450 мың теңге. Сонда министрлік кімді, не үшін субсидиялады? Қазақстанның фермерін бе, әлде Өзбекстанның фермерін бе?

1994-1995 жылдары Жез­қазған­да­ қыз­мет атқардым. Бұл аймақта бір кең­шарда орта есеппен 60 мың қой болады, 200 адам жұмыс іс­тейді. Жекешелендіру кезінде жұрт­тың бәрін фермерге айналды­ратын болып, 60 мың қой 200 адамға 300 тұяқтан бөліп берілді. Фермер деген – кәсіпкер, ал екінің бірі кәсіпкер бола алмайды ғой. Ақын, композитор, суретші, журналист сияқты, кәсіпкер болуға да дарын керек.

Содан аз уақыт ішін­де кеңшарлар жабылды, жұмыс жоқ, жалақы жоқ. Халық ұн, күріш сияқты азық-түлікті, арақ-шарапты, тұрмысқа қажетті заттың бәрін қойға айырбас­тай бастады. Еті тірі, пысық азаматтар қаладан үй алып, көлік мініп үлгерді. Соңында әлгі 200 адамнан 5-6 фермер ғана қалды. Олар заманға бейімделді, мал басын 5-6 мыңға жеткізіп, тұрмысын түзеп алды. Ал қалған малдың бәрі бірер жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстанға кеткенін көзімізбен көрдік.

Іскер жігіттер қарбыз-қауын тиеп солтүстік, орталық облыстарға әкеліп өткізді де, қайтарда көліктің тіркемесін екі қабат қылып тақтаймен бөліп, жекенің қолындағы қойды тиеп, оңтүстікке алып кетті. Арада бір­­неше жыл өткеннен кейін жұрт Оңтүстік Қазақстаннан қой әке­ліп, Жезқазған мен Сәт­баев­тың базарында сата бастады. Егер ми­нистрлік малды тірідей экс­порт­тауға шектеу қоймағанда, екі-үш жылдан кейін тура осы жағ­­дай қайталанып, қазақтар етті Өз­бек­станнан әкеле бастауы әбден мүмкін еді. Қазір 2 жарым мың тең­генің етін қымбатсынып отырмыз,­ болашақта Өзбекстаннан 10 мың­ға сатып алуға мәжбүр болар едік.

– Экспортты шектеу бизнесмендерге соққы болды деген уәж айтылып жатыр. Оған не дейсіз?

– Мен біраз фермерлермен жүзбе-жүз кездесіп, пікірлестім. Өзбекстанмен шекараға малды­ Семейдің, Қарағандының, Ақ­тө­бенің фермерлері апарған жоқ.­ Фермер шекараға мал тасып жүрсе, ауылдағы малына кім қа­райды?! Шындығында, Өзбек­стан­ға тірілей сатылған малды шаруа қожалықтардан делдалдар арзанға сатып алып кетті. Экс­портталған малдан түскен таза пайда шаруаның емес, дел­далдардың қалтасында кетті. Қорыта келгенде, малды тірілей экспорттауға тыйым салғаннан шаруалар ұтылмайды, екі ортада жүрген делдалдар ғана ұтылады. Қазір ет комбинаттарының шикіза­ты жоқ, 40 пайыз қуатпен жұмыс істеп тұр. Оларға шикізат берсек, бизнестің ұтқаны сол емес пе.

– Былтыр жыл соңында «Кейбір заңнамалық актілерге агроөнеркәсіп кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Бұл құжаттың қандай артықшы­лығы, тиімді тұстары бар?

– Бұл құжатты әзірлеу 2016 жылы басталған-ды. Агроөндіріс кешенінің 5 жылдық даму бағ­дарламасын жасауға сарапшы ретінде біз де қатыстық. Сөйтіп 2016-2017 жылдары жаңа заң жобасы әзірленді. Мәжіліске ұсынған кезде 13 Кодекске, 30-ға тарта заңға өзгеріс енгізілді. Агроөнеркәсіп кешені Жер ко­дексі, Су кодексі және Орман ша­руашылығы кодексімен тікелей байланысты сала. Асыл тұқым­ды мал шаруашылығы тура­лы, астық шаруашылығы, мақта шаруа­шы­лығы, ауылдық елді ме­кендерді дамытуға және басқа­лары­на қатысты 15-ке тарта заң да агроөнеркәсіп кешенін дамытумен байланысты. Соның бәріне өзгеріс енгізілді.

– Ауылшаруашылық саласында ғылымды қаржылан­дыру жағы қалай жүріп жатыр?

– Жаңа өзіңіз айтқан заңда аграрлық ғылымды мемлекеттік қолдау мәселесі де қамтылды. Иә, ғылымға бөлінген қаражат бір кездері 0,1 пайызға дейін түсіп кеткен-ді. Соңғы бір-екі жылда түрлі қаржы көздерінен ауылшаруашылық ғылымына қаражат бөлу көрсеткіші 17,5 млрд теңгеге жетті. 4 триллион теңгені құрайтын ІЖӨ-ге шағатын болсақ, шамамен 0,4 пайыз. Яғни қаржыландыру көлемі 3-4 есе өсті. 2021 жылы бұл көрсеткіш 0,5 пайызға, 2030 жылға қарай 1 пайызға жетеді деген жоспар бар.

АҚШ, Аргентина, Аустралия сияқты ауыл шаруашылығы дамыған елдер­дің тәжірибесі­не сүйенсек, саланы қаржы­ландыруға тауар өндірушілердің өздерінің қызығушылығын тудыру қажет. Мәселен, АӨК өкілі өзінің жұмысын жеңілдететін жағдайды айтып, тиісінше талап қояды, ақшасын төлеп тапсырыс береді. Айталық АҚШ-тағы фермерлер қауымдастығы, басқа да одақтар ғылыми орталықтарға бидайдың жаңа тұқымын әзір­леуге тапсырыс береді. Олар тез өнетін, өнімі мол, сапасы жоғары, климатқа төзімді болуы керек деген сынды талап қойып, 5 миллион доллар қаражат аударды делік. Қалған қаржыны ғылыми орталықтарға мемлекет төлейді. Яғни тапсырыс бірінші кезекте өндірістен түседі. Ал өндіріс өзіне не керегін жақсы біледі ғой, көрдіңіз бе.

Ал осыған дейін біздегі жағ­дай бас­қаша болды. Министрлік бюджеттен 2 млрд теңге қара­жат бөледі, ғылыми инс­титут­тар оған 40-50 түрлі тақырыпта зерт­теу жүргізеді. 2007 жылы тіпті 500 тақы­рыпқа дейін ғылыми жұмыс жазылып­ты. Ол зерттеулер өндіріске керек пе, жоқ па, белгісіз. Әрине одан бері зерт­тей­тін тақырыптарды азайттық. 2013 жылы ғылымды қаржыландыруға тауар өн­діру­шілердің өздері қатысуға тиіс еке­нін айтып ұсыныс жасадық. Тауар өн­­діру­­шілердің қаражат бөлгенін де көр­дік, бірақ оған мемлекет қаржылай көмек­тескен жоқ, себебі тиісті заң әлі шық­паған болатын. Былтыр қазан айын­да қабыл­данған құжатта алғаш рет эко­номи­ка­ның басқа салаларына қарағанда аг­рар­лық сектордағы ғылымға ерекше көңіл бөлінді. Тауар өндірушілер ғылымға қан­ша қа­ражат бөлсе, соның 80 па­йызына тең сома мемлекеттің есебінен субсидиялана­тын болды. Мысалы, тауар өндіруші ғылы­ми инс­титутқа «маған осындай тұ­қым да­йы­ндап бер» деп 1 миллион теңге берсе, оның 800 мың тең­гесін мемлекет өзіне қай­тарып береді. Сонда ғалымдар тікелей өндіріс талап еткен жұмыспен айналысады.

2015-2019 жылдары ғалымдар өсімдік шаруашылығында 300-ге жуық, мал шаруа­шылығында 200-ге тарта жаңалық ашты. Оған дейінгі жобалар мен осы 500 инновацияны іріктеп алынып, электронды порталға салынды. Өкінішке қарай тауар өндірушілер оны кәдеге жаратуға әзір құлықсыздық танытып отыр. Отандық ғалымдар шығарған будандастырылған тұқым түрлері де өте көп. Алай­да елі­міздегі 18 миллион гектар егіс­тік алқабының үштен бір бө­лігіне ғана отандық тұқым себіледі.

Аграрлық сала қарқынды дамыған Аргентина, Израиль сынды елдердің тәжірибесімен танысып көрдік. Бұл елде аграрлық ғылымның құрылымы үш блоктан тұрады екен. Бірінші блогы – зерттеу институттары, университеттер. Бұл біздің елде бар. Екінші блок – білім тарату саласы, extension дейміз. Яғни жаңа технологиялар, жаңа тұқымдар туралы ақпараттар фермерлерге жүйелі түрде жеткізіліп отырады. 2008 жылы Қазақстанда осындай орталық ашылды, 2024 жылға дейін олардың қатарын 200-ге дейін көбейтуіміз керек. Үшінші блок – инновациялық жүйе­нің қызмет көрсету саласы. Бұл дегеніміз, саланы коммерция­ландыру, венчурлық қорлар, тех­нопарктер құру. Фермер мен­ ғылымды тікелей байланыс­ты­ра­тын жүйе осы үшінші блок. Қа­зақстанда осы үшінші блок жоқ, ғалымдардың ашқан жаңа­лық­тары өндіріске жетпейді. Қа­зір ғылымның жетістіктерін агро­фер­маларға таратуды қолға алып жатырмыз.

– Ауылшаруашылық жерле­рін ғарыштан мониторингілеу туралы жиі айтылып жүр. Со­ның мәнісін түсіндіріңізші.

– Ғарыштық мониторинг – ғылыми-техникалық прогрестің жемісі, оның артықшылығын, пайдасын мойындау керек. Дегенмен кеңірек ойластыратын жақтарын да айтпай кетуге болмайды. Мы­салы, фермер бір алқапқа биыл би­дай ексе, келер жылы оны ты­ңай­ту үшін мал азығын екті делік. Ол ғарыштан түсіргенде арамшөп болып көрінуі мүмкін. Сол үшін «жер игерілмей жатыр» деген желеумен алып қоюға болмайды ғой.

Медицинадағы УЗИ, томогроф сияқты құрылғылардың түсіргенін дәрігер ғана түсінеді ғой. Космомониторг те сол сияқты, оның түсіргенін оқитын мықты маман керек. Аймақтарда ондай маман аз. Тікелей космомониторингпен айналысатын маман дайындап жатқанымызға бір-екі-ақ жыл болды, оларды геология, жол құрылысы сияқты салалар талап әкетіп жатыр. Соған қарамастан ауылшаруашылық саласын тиісті мамандармен толық қамтамасыз ету керек.
Просмотров материала: 505

Поделиться материалом


21:29 Интернет не приспособлен: онлайн-уроков для школьников не... 160 Просмотров

20:56 Как не убить экспортера?!... 1 005 Просмотров

19:54 Оқушылар радио және почта арқылы білім алады... 144 Просмотров

19:38 Елімізде 3 млн-нан астам оқушы қашықтықтан білім алады... 191 Просмотров

18:19 Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелді... 298 Просмотров

18:03 Ораза кезіндегі рәсімдер онлайн өтеді – министр... 363 Просмотров

17:54 Почему ни одного случая заражения COVID-19 нет в... 326 Просмотров

17:45 Солтүстік Қазақстанда су тасқыны басталды... 157 Просмотров

17:38 Коронавирус күзде қайта таралуы мүмкін - министр... 343 Просмотров

17:32 Сколько отвели на строительство больниц в Казахстане... 171 Просмотров

17:30 Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған... 181 Просмотров

17:22 Глава Минздрава рассказал о нарушениях санитарных норм в... 169 Просмотров

17:15 Минздрав: Медиков поселят в гостиницы и общежития... 162 Просмотров

17:15 Министр коронавирусқа байланысты ауыл адамдарына ескерту... 179 Просмотров

17:01 Как работает тормозная система автомобиля? (ВИДЕО)... 134 Просмотров

17:00 Тоқаев: Әнұранымызды бірге орындау - Отанға деген... 140 Просмотров

16:39 С 14 зон очагов сняты ограничения в Алматы... 146 Просмотров

16:39 Коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы ауыр – Біртанов... 180 Просмотров

16:36 В Нур-Султане и Алматы снизился прирост заболеваемости... 143 Просмотров

16:29 Назарбаев поговорил по телефону с акимами Нур-Султана,... 154 Просмотров

16:20 Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды... 142 Просмотров

16:07 65 жастан асқан адамдарға зертханалық талдау үйде... 134 Просмотров

15:50 Облздрав опроверг информацию о ста зараженных медиках в... 131 Просмотров

15:49 Елорда дәрігерлері баламен аулада серуендеп жүрген... 139 Просмотров

15:42 Сколько денег выделили на продление медицинской страховки в... 122 Просмотров

15:30 "Меня сделали контактной" - казахстанка пожаловалась на... 165 Просмотров

15:30 Коронавирус - адамзат үшін жасалған жаңа ереже... 142 Просмотров

15:16 Гречку, сахар, картофель и другие продукты запретили... 125 Просмотров

15:11 Шаруалар жыл соңына дейін жер салығынан босатылады... 133 Просмотров

14:57 Түбі қашықтан оқыту мен оқуды үйренуіміз керек еді...... 149 Просмотров

14:39 Желіде тараған видео: Алматы көшесіне не үшін танктер... 160 Просмотров

14:21 СҚО-да бір тәулікке жетпей коронавирусқа шалдыққандар саны... 145 Просмотров

14:03 Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды... 180 Просмотров

13:59 В трех городах Казахстана построят новые инфекционные... 167 Просмотров

13:39 Строгий карантин в Нур-Султане и Алматы продлен на неделю... 139 Просмотров

13:22 То, с чем мы столкнулись сейчас — репетиция, — футуролог... 211 Просмотров

13:18 Еще 2 человека выздоровели в Алматы от коронавируса... 161 Просмотров

13:15 Оборонные предприятия РК мобилизованы на выпуск медицинской... 184 Просмотров

13:04 Арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілерге қанша... 320 Просмотров

13:01 Четыре самолета приземлились ночью в аэропорту Нур-Султана... 155 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930