13 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің жаңа тәртібін бекітті

26 февраль 2020, 12:26
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің жаңа тәртібін бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің жаңа тәртібін бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан былай министрлер мен әкімдер халыққа есеп беру кездесулерін бейнеконференция байланысын пайдаланып, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және ақпараттық интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып өткізетін болады. Барлық деңгейдегі әкімдер есеп беру кездесуін өткізетіннен бір күн бұрын және одан кейін азаматтарды жеке қабылдаулары керек, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етсін.

2. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етсін.

Есеп беру кездесуі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференцбайланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастырыла отырып өткізіледі.

Есеп беру кездесуі өткізілуінен бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдау өткізілсін, олардың барысында әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етеді.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық жəне өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда жəне «электрондық үкіметтің» веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі орталық атқарушы органдардың, әкімдіктердің ресми аккаунттарында және министрлер мен әкімдердің жеке аккаунттарында есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін және алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын;»;

6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Есеп беру кездесулері және азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді және оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелер тізбесін:

орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында және бар болған жағдайда әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

7. Есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің шешілу барысы (проблемалық мәселелер, орындалу барысы) туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудандар әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдіктері аппараттарының интернет-ресурстарында орналастырылсын. Қаладағы аудандар әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдері аппараттарының интернет-ресурсы болмаған жағдайда проблемалық мәселерді шешу барысы туралы ақпарат жергілікті баспа басылымдарында жариялансын.»;

12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың ресми интернет-ресурстарында әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелердің қатарынан өз құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін тоқсан сайын өзектілендіре отырып орналастыруын;».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
Просмотров материала: 913

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 199 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 792 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 306 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 359 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 709 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 364 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 460 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 751 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 214 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 310 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 641 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 475 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 587 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 393 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 235 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 724 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 476 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 171 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 567 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 344 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 271 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 104 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 950 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 252 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 167 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 670 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 486 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 001 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 258 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 632 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 007 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 951 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 040 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 003 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 205 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 362 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930