26 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Министр Тұрғымбаев мырза, полиция бізді қолдай ма, қорлай ма?!

26 февраль 2020, 9:56
Министр Тұрғымбаев мырза, полиция бізді қолдай ма, қорлай ма?!
Кеше, 25 ақпанда қоғам белсендісі Дулат Ақәділ тергеу абақтысында қаза тапты. Ішкі істер министрлігі өкілдері бұл қайғылы оқиғаны "жүрек талмасынан қайтыс болды" деп мәлімдеді.

Ал Дулат Ақәділді жарты тәуліктей уақыт қана бұрын, яғни 24 ақпанда түнгі сағат 20:30-21:00 шамасында үйіне баса-көктеп кіріп, зорлықпен алып кеткенде сап-сау болғанын әлеуметтік желідегі тарап кеткен видеодан айқын көруге болады.

Осы видеоға қарасаңыз, шошисыз... Ішкі істер министрі Тұрғымбаевты қайдам, оларға үйреншікті жағдай шығар, қарапайым ел шошитыны анық. Өйткені, қас қарая жетіп келіп, біреудің жекеменшік үйіне баса-көктеп кіргендердің төсегінде шешініп алаңсыз ұйықтап жатқан Дулатқа апай-топай бас салуына қарасаң, Ақмола облысы Целиноград ауданы Ішкі істер бөлімі полицейлері емес, қаскөй қарақшылар сияқты...

Полицейлер ешқандай формасыз, алдарына медициналық "жедел жәрдем" көлігін салып алып, өздері жеке мәшинемен жетіп келген. "Жедел жәрдемді" Дулаттың денсаулығына жаны ашып алып келмеген, "бала ауырып қалып, "жедел жәрдем" шақырды" деп, үйдің есігін алдап ашу үшін алып келген. Дулаттың ұлы Жанболаттың "Біз "жедел жәрдем" шақырған жоқпыз, көрші үй болуы мүмкін" деп есікті жауып алғанына қарамай, есікті жұлып ашып, бас киімдерін баса киіп, беттерін бүркемелеп алған, қызмет куәлігін көрсетпеген бөтен адамдарды үйге кіргізгісі келмеген жасөспірім Жанболатқа кұш көрсетіп, курткасын жыртып, үйге басып кіреді. Төсегінде демалып жатқан Дулатқа күш қолданып, іш киімімен жалаңаш есікке сүйреп алып шығады. "Киім кигізбейсіңдер ме?" деген айқай-шудан соң ғана киімін кигізуге мәжбүр болады...

Дулат Ақәділдің қазасына байланысты елордада Ішкі істер министрлігі ғимаратына жиналған жұртқа түсінік берген Ішкі істер вице-министрі, полиция полковнигі Арыстанғани Запаров "Азаттық" радиосы тілшісінің: "Полиция неге формасыз барған?" деген сұрағына: "Жедел уәкілдер формасыз жүре беруіне болады. Бірақ қызмет көлігін көрсетуі керек және қызмет көлігімен баруы тиіс" деп жауап берді. Ал Целиноград аудандық Ішкі істер бөлімі тергеушісі Сағадиев те формасыз барған және жедел уәкілдер Аббасов пен Ғаппаров та формасыз барғаны былай тұрсын, бұл үшеуі де біріншіден, ешқандай қызметтік куәліктерін көрсетпеген. Екіншіден қызмет көлігімен емес, жеке көлікпен барып алып кеткен.

Үшіншіден, бұлар сот қаулысын орындау үшін барған болса да, біреудің үйіне түн жарымда басып кіріп, төсегінде жатқан отағасын отбасының көзінше жалаңаш сүйреп шығуы барып тұрған Адам құқын қорлау ғой! Ертеңіне таңертеңгі жұмыс уақытында заңды формаларымен, қызмет көлігімен барса, Дулат шетелге қашып кетер ме еді?!. Халық алдында жұрттың сөзін сөйлеп, ұлттың мұңын айтып, Ел мен Жер тағдырын қозғап жүрген атпал азаматты жұбайы мен алты баласының көзінше бұлай қорлауға оларға кім құқық берді министр Тұрғымбаев мырза?!. Біздің полиция бізді қорғай ма, қорлай ма?

Бұл масқара көрініске қарап отырып, біздің полицияда, жалпы Ішкі істер саласында заң бар ма өзі деп ойлауға тура келеді...

Тағы бір көңілге күмән тудыратын түйткілді мәселе - "Дулат Ақәділді алып кеткенде
оның орта дәрежелі алкоголь ішкені медициналық сараптамамен анықталды" деген сенімсіз сөз. Ал Дулатты жақсы біліп, тығыз араласатын жақын достары мен таныстары және отбасы мен туған-туыстары оның ішпейтінін, темекі де тартпайтынын айтып, "Бұл оны қаралау" деп видео таратты.

Қазіргі кезде, қоғам қызуы онсыз да көтеріліп тұрғанда, айдың-күннің аманында қоғам белсендісін, арыстай азаматты түнде барып үйінен зорлап алып кетіп, таңертең "ол өлді" деп суық хабар естірту Дулаттың отбасы мен туған-туысы түгілі бүкіл елдің ызасын бұрқ еткізді. Сондықтан да кеше Нұр-Сұлтан қаласында Ішкі істер министрлігіне жиналған ел ешкім жауап беруге дер кезінде шыға қоймағасын, Тәуелсіздік даңғылын жауып, оларды полиция төрт автобуспен алып кетіп, халық наразылығы біразға созылды. Алматы мен Шымкентте және тб қалаларда да ел Ішкі істер департаменті алдына жиналып, қатты наразылық танытты. Бұл онсыз да ел алдында беделден жұрдай (Алматыдағы салафит Күлікбаевтың қанды жорығы, Қордай қантөгісінде полицияның дүнгендерден таяқ жеуі, Ақтөбеде бір қытайдың үш полицейге бағынбай балағаттап кетуі тб) Ішкі істер министрлігіне іші қазандай қайнаған халықтың ашу-ызасын тудыруда.

Енді тек Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура бұл қайғылы қазаның себебін әділ тексеріп, көпшілікте күмән қалмауы үшін комиссияға Дулаттың туыстары мен қоғам белсенділерін қатыстыруы тиіс.
Бұл жерге "Қарға қарғаның көзін шұқымайды" деген қасаң қағида жүрмейді, ол істі одан сайын асқындыратынын ұмытпау керек.

Артында асыл жары мен алтын асықтай алты баласы аңырап қалған азамат, қоғам қайраткері, әлеуметтік әділдік үшін күрескен қайсар қазақ Дулат Ақәділдің алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз. Ұрпақтарына Алла ұзақ ғұмыр бергей.
Иманы саламат болсын.

Қазыбек ИСА,
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі

Дерекккөз: Адырна порталы.
Просмотров материала: 1 374

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 051 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 757 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 251 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 285 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 651 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 934 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 965 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 297 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 988 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 011 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 212 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 920 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 045 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 670 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 554 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 584 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 784 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 545 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 952 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 735 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 550 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 396 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 236 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 609 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 485 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 966 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 407 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 300 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 535 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 929 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 274 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 218 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 363 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 298 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 547 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 674 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031