5 апреля 2020 г.

Мы в соц сетях:



Абай неге қажылыққа бармады?

25 февраль 2020, 16:15
Абай неге қажылыққа бармады?
Абай елге белгілі Құнанбайдың баласы еді. Күллі Тобықты руының бетке ұстар билер әулетінің ұлы еді. Әкенің атағы да, байлығы да жетіп артылатын.

Білім, ғылымға құмар Абайдың Қытайға барып кітап ақтарамын десе де, Бұхарға барып білім аламын десе де әкенің дәулеті мен ұзын қолы жететін. Алайда осынша дәулет бола тұра, ғылым мен білімге құмар Абай Семейден ұзап ешқайда барған жоқ. Бұл бір. Екіншіден, Абайдың діни сауаты терең болды. Шариғаттың шарттарын, сүннеті мен парызын жақсы білді. Бірақ тағы да сол бар мүмкіндігі бола тұра, Құнанбай қажының ұлы Меккеге бармады. Осы орайда "Абай неге Семейден ұзап шықпады?", "Қажының баласы неге бесінші парызын орындамады?" деген сұрақтар туындайды. Біз осы сұрақтардың жауабын абайтанушы Асан Омаровтан сұрап көрдік.

Абай неге қажылыққа бармады?

Асан Омаров, абайтанушы:

Абай сол кездегі көзқараспен қарағанда өте көп көлемде білім алды. Ол заманда Семейде үлкен кітапхана болған. Ол жерде грек ойшылдарының, орыстың ақын-жазушыларының кітаптарынан бастап әлемдік деңгейдегі үлкен кітаптардың қоры бар еді. Абай жасатайынан сол кітаптарды оқып өсті. Кейін елден жыраққа шыққан, қажылыққа барған татар достары шығыстың айтулы ғұламалары мен ақындарының кітаптарын алып келетін. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарын оқыды. Мен бала кезімде Семейдің мешітіндегі қабырғаға жағалай жиналған көп кітаптарды өз көзіммен көргенмін. Ол 1970 жылдар болатын. Кеңес заманы келіп, кітаптардың бәрін құртқан кез еді. Ал Абай заманында оның қандай болғанын елестетіп көріңіз. Осынша кітаптың арасында отырған Абайға Семейден ұзап шығудың қажеті де жоқ еді.

Ал қажылыққа бару мәселесіне келсек, Абайдың көп уақыты болған жоқ. Көбіне тіршілікке байлаулы болды. Күндіз Абайдың алды кісіден босамайтын. Түнде жазатын. Екінші жағынан ол заманда қажылыққа бару қиын болатын. Әкесі Құнанбай үш ай жүріп қиындықпен, бейнетпен барды. Абай бейнетке жоқ кісі болды.

Бұл туралы баласы Тұрағұл өзінің естелігінде Долгополовтың Абайды сынағанын жазады.

"Сенің басың алтын адамсың, бірақ үйренген әдет-салтың ұнамсыз, таңертең төсектен тұрасың, киімдеріңді біреу әкеліп береді, арқаңа шапаныңды жабады, есікті ашып тысқа шығарады, қайтып келген соң тағы да есікті ашып үйге енгізіп, алдыңа шылапшынды әкеліп, құманмен суды қолыңа құяды. Ас келсе, шайыңды құйып береді, етіңді жапырақтап береді, ұйықтамақ болсаң, төсегіңді салып, өзіңді біреу шешіндіріп, жатқызып, шақшаңды бір жағыңа, мұрын орамалыңды бір жағыңа тығып, үстіңе көрпеңді жауып салады. Өзің-өзің үшін не қыласың? Әр нешік ұйықтап көресің", - депті Долгополов естелігінде. Осы Долгополовтың аз ғана сөзі менің әкемнің бірқатар әдетін, салтын көрсетер деп жаздым, бірақ бұл әкеме сырт берілген сын, оның оқу, жазу, ой қызметі – бәрінен де қиын ғой, Долгополов осы жағына көңіл бөлмеген сияқты, - деп жазады Тұрағұл.

Дереккөз: BAQ.KZ. [/size]
Просмотров материала: 2 106

Поделиться материалом


18:43 Прогнозы на 2020 год: какие сбудутся, а какие нет... 149 Просмотров

14:27 Доставка еды в г.Нур-Султан... 199 Просмотров

13:59 В Туркестанской области усилены ограничительные меры... 200 Просмотров

13:17 Нурсултан Назарбаев находится в полном здравии, - Айдос... 274 Просмотров

11:38 Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды... 259 Просмотров

10:16 Елімізде індет жұқтырғандар саны 500-ге жетті... 304 Просмотров

10:00 Коронавирус: Пациент скончался в Туркестанской области... 232 Просмотров

21:29 Интернет не приспособлен: онлайн-уроков для школьников не... 530 Просмотров

20:56 Как не убить экспортера?!... 2 199 Просмотров

19:54 Оқушылар радио және почта арқылы білім алады... 439 Просмотров

19:38 Елімізде 3 млн-нан астам оқушы қашықтықтан білім алады... 430 Просмотров

18:19 Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелді... 604 Просмотров

18:03 Ораза кезіндегі рәсімдер онлайн өтеді – министр... 699 Просмотров

17:54 Почему ни одного случая заражения COVID-19 нет в... 656 Просмотров

17:45 Солтүстік Қазақстанда су тасқыны басталды... 433 Просмотров

17:38 Коронавирус күзде қайта таралуы мүмкін - министр... 519 Просмотров

17:32 Сколько отвели на строительство больниц в Казахстане... 372 Просмотров

17:30 Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған... 381 Просмотров

17:22 Глава Минздрава рассказал о нарушениях санитарных норм в... 356 Просмотров

17:15 Минздрав: Медиков поселят в гостиницы и общежития... 336 Просмотров

17:15 Министр коронавирусқа байланысты ауыл адамдарына ескерту... 372 Просмотров

17:01 Как работает тормозная система автомобиля? (ВИДЕО)... 278 Просмотров

17:00 Тоқаев: Әнұранымызды бірге орындау - Отанға деген... 261 Просмотров

16:39 С 14 зон очагов сняты ограничения в Алматы... 246 Просмотров

16:39 Коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы ауыр – Біртанов... 304 Просмотров

16:36 В Нур-Султане и Алматы снизился прирост заболеваемости... 242 Просмотров

16:29 Назарбаев поговорил по телефону с акимами Нур-Султана,... 242 Просмотров

16:20 Берік Уәли карантин талаптарын сақтауға шақырды... 244 Просмотров

16:07 65 жастан асқан адамдарға зертханалық талдау үйде... 223 Просмотров

15:50 Облздрав опроверг информацию о ста зараженных медиках в... 233 Просмотров

15:49 Елорда дәрігерлері баламен аулада серуендеп жүрген... 244 Просмотров

15:42 Сколько денег выделили на продление медицинской страховки в... 198 Просмотров

15:30 "Меня сделали контактной" - казахстанка пожаловалась на... 292 Просмотров

15:30 Коронавирус - адамзат үшін жасалған жаңа ереже... 250 Просмотров

15:16 Гречку, сахар, картофель и другие продукты запретили... 202 Просмотров

15:11 Шаруалар жыл соңына дейін жер салығынан босатылады... 210 Просмотров

14:57 Түбі қашықтан оқыту мен оқуды үйренуіміз керек еді...... 264 Просмотров

14:39 Желіде тараған видео: Алматы көшесіне не үшін танктер... 261 Просмотров

14:21 СҚО-да бір тәулікке жетпей коронавирусқа шалдыққандар саны... 255 Просмотров

14:03 Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды... 266 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930