17 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Асқар Маминнің үкімет басқарғанына бір жыл: Қазақстанда не өзгерді

25 февраль 2020, 15:52
Асқар Маминнің үкімет басқарғанына бір жыл: Қазақстанда не өзгерді
Осыдан тура бір жыл бұрын Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болды. Оның кандидатурасын елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Мұны ел күтпеген жаңалық еді дей алмаймыз. Өйткені ол 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Сағынтаев үкіметінде бірінші вице-премьер лауазымын атқарған.

Мамин Назарбаев басшылығымен премьер-министр атанғанымен, бір жылдың басым бөлігінде министрлер кабинетін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарамағында басқарды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар айында үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, министрлер кабинеті міндеттердің маңыздылығын түсіне отырып, жұмыс жасап жатқанын айтты. Сонымен бірге, президент министрлер мен әкімдер азық-түлік бағасының өсуіне жол бермегенін де атап өтті.

2019 жылы Қазақстанда инфляция 5,4% құрады. "Қазақстан инфляция деңгейі бойынша "ЕАЭО чемпионы", - деді Тоқаев.

Президент үкімет мүшелеріне олқылықтарды түзетуге мүмкіндік берді және ешкімге, ешқандай сөгіс жарияламады.

"Бірақ көктемде біз өз міндеттерін орындай алмаған шенеуніктерді жұмыстан шығару мәселесін қайта қарастырамыз", - деп мәлімдеді ол.

Ашығын айтқанда, Қазақстан үшін бұл жыл оңай болған жоқ. Бүгінгі Sputnik Қазақстан шолуында Мамин үкіметі қандай проблемалармен бетпе-бет ұшырасып, оны шешудің қандай жолдарын ұсынғаны туралы айтылады.

Табыс ұлғайып, жұмыссыздық азайды

Үкімет 2020 жылға қарай экономикалық өсуді 4,7-5% деңгейінде қамтамасыз ету міндетін алға қойды. "Бұл жерде негізгі басымдық – экономикалық өсімді қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің жақсара түсуіне айналдыру", - деді Асқар Мамин.

Сөйтіп, 2019 жылдың соңында жалпы ішкі өнім өсімі 4,5% құрады. Халықтың нақты ақшалай табысы 5,5%-ке артып, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке жетті.

Бір жыл ішінде республикада 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылса, оның ішінде 279 мыңы тұрақты жұмыс орны ретінде тіркелді.

Әлеуметтік қолдаудың жаңартылған үлгісі

2020 жылдан бастап тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беріле бастады.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп балалары (немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері) бар барлық отбасыларға табысына қарамай төленуде.

"Бұл көмек ашық әрі әділ үлестіріліп, қоғамды масылдыққа баулымай, керісінше жұмыс істеуге ынталандыра түсуі тиіс", - деді премьер-министр.

Осы бағыттағы тағы бір жаңашылдық – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің ұсыныла бастауы.

Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері

Елде аз қамтылған отбасылардың үй сатып алуы үшін кредит берудің жаңа үлгісі – "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Онда кредит сомасының ең төменгі алғашқы жарнасын (10%) төлей отырып, 2 пайыздық несиелендіру жүргізіледі.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін әрбір отбасы мүшесінің табысы соңғы алты ай ішінде айына ең төменгі екі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (2020 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 62 366 теңгені құрайды).

Жастар үшін жалдамалы тұрғын үй

Өткен жылы үш мың жас Қазақстанның үш ірі қаласында жалдамалы баспанаға ие болды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 1 050, Алматыда 1 050 және Шымкентте 900 пәтерде жастар қоныс тойын тойлады.

Арыс қаласы үш айда қалпына келтірілді


2019 жылдың 24 маусымында Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Арыс қаласындағы әскери қоймада алапат жарылыс болды. Тұтас қала 17 секторға бөлініп, оның әрқайсысына облыстар мен қалалар жауапкершілігі жүктелді. Осылайша, қала үш ай ішінде қалпына келтірілді.

Қалпына келтіруге 56,1 миллиард теңге бөлінсе, оның 27,5 миллиард теңгесі мемлекеттік қордан және 20 миллиард теңгесі жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен алынды. Қалған ақшаны "Самұрық-Қазына" қоры мен демеушілер салды.

Әр тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы төленіп, жергілікті кәсіпкерлерге 10 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілді.

LRT құрылысы оңтайландырылады
Президент сынаған Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын үкімет соңына дейін жеткізетін болды.

Асқар Мамин жеңіл рельсті жол салу жобасы қайта қаралып, оңтайландырылғанын мәлімдеді. Әкімдік мәліметтеріне сүйене отырып, ол 1 миллиард 200 миллион доллар үнемделгенін айтты.

"Бұл жоба елордадағы қоғамдық көліктің дамуына оң ықпал етеді деп сенемін", - деді Мамин.

2020 жылғы басымдықтар
Үкімет 2020 жылы инвестициялар тарту мен өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және экспортқа бағытталған индустрияландыру сияқты стратегиялық бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады.

Сағынтаев үкіметі неге отставкаға кетті


2019 жылдың ақпан айында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың үкіметі отставкаға кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинеті халықпен жұмыс жасау мен адамдардың мәселелерін шешуде оңтайлы жұмыс жасай алмағанын айтты.

Асқар Мамин туралы не білеміз

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноградта туған. 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (құрылыс инженері), 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын бітірген.

Осы кезге дейінгі еңбек жолында ол елорда әкімі (2006-2008), "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016), Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016) қызметтерін атқарды.

Үйленген, бір ұлы мен бір қызы бар.
Просмотров материала: 580

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 277 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 100 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 068 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 006 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 90 984 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 423 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 188 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 212 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 637 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 770 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 584 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 285 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 368 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 286 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 161 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 437 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 130 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 077 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 312 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930