19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаржы пирамидалары. Шығын 5 млрд-тан асқан

25 февраль 2020, 13:04
Қаржы пирамидалары. Шығын 5 млрд-тан асқан
Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген үш ЖШС бір уақытта өз қызметін бастады: "Гарант 24 Ломбард", "ЕЅТАТЕ Ломбард", "Выгодный займ".
Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz.


Азаматтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алу схемасы кеңселерді жайластыру, қызметкерлер штатын жинау және кәсіпорындардың жалған директорларын тағайындап, өңірлік өкілдіктер ашу әрекеттерімен құрылған. Салымшылардың көп санын тарту үшін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен кең жарнамалық науқан жүргізген. "Whats App" мессенджерінде ЖШС басшылары чат құрып, оған барлық салымшылар кірген. Аталған ЖШС азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары құны бойынша бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төледі, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарықтық құнынан төмен сатқан.

Бұдан басқа, аталған компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40% -ға дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Барлық ақшалай қаражат бас офиске құйылатын. Биыл 15 ақпанында серіктестіктердің басшылары өз қызметін бір уақытта тоқтатты және ұрланған ақшамен бой тасалады.

"19 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" ЖШС құрылтайшысы, 1993 жылы туған Мырзабеков Аслан Пазылжанұлы WhatsApp чатында салымшыларға "Мен сендердің ақшаларыңды қайтармаймын. Сенімдерің үшін рахмет! Тегін ақша әуесқойлары! Бәріңіз сау болыңыздар!" деген хабарлама қалдырды. Сол күні әр аймақтардағы ішкі істер органдарына азаматтар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ақша қаражаттарын заңсыз иеленуге байланысты шағым түсіре бастады. ІІМ Тергеу департаментінің және аймақтық полиция департаменттерінің қызметкерлерінен тез арада жедел-тергеу тобы құрылды. Бүгінгі күні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бүкіл республика бойынша компания кеңселерінде тінту жүргізілді, бірлескен қызмет туралы шарттар, бухгалтерлік құжаттама, ноутбуктер, оргтехникалар, зергерлік және басқа да бұйымдар алынды. Алынған құжаттарға қарағанда компаниялар 42 мыңнан астам адаммен шарт жасасқан. Алдын ала деректер бойынша. келтірілген шығын мөлшері 5 миллиард 411 миллион теңгеге бағаланады. Аталған фактілер бойынша 190 (алаяқтық) және 217-бап (қаржы пирамидасы) негізінде 22 қылмыстық іс тіркелді. 13 адам қамауға алынды" делінген ҚР ӘӘМ Тергеу департаментінің баспасөз хабарламасында.

Мемлекетаралық іздеудегі 9 күдікті анықталды, оның ішінде А.П.Мырзабеков бар.

"Соңғы уақытта алаяқтық фактілер туралы өтініштердің саны артты. Қалыптасқан жағдай азаматтардың тез табысқа кенелгісі келетінін көрсетеді. Осы мақсатта олар күмәнді ұйымдармен ойланбастан мәмілелер жасайды, қысқа мерзімде үлкен сыйақы алудан үміттеніп, әлгіндей ұйымдарға жинақ салады. Мұны алаяқтар сәтімен пайдаланып, әр түрлі схемаларды қолдана отырып, қаржылық пирамидалар құрады", – деп атап өтті ІІМ Тергеу департаменті
Просмотров материала: 626

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 608 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 430 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 400 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 336 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 315 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 705 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 264 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 415 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930