25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бекболат Тілеухан бұқаралық спортты «I Like to Move It» сияқты насихаттауды ұсынды

24 февраль 2020, 17:15
Бекболат Тілеухан бұқаралық спортты «I Like to Move It» сияқты насихаттауды ұсынды
Үкімет сағатын жүргізген Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаеваның айтуынша, қазір Қазақстан бойынша бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған 30 мыңнан аса ғимарат бар. Бірақ, халықты түгелдей спортқа тарту үшін бұл жеткіліксіз, дейді ол, деп хабарлайды
AzattyqRuhy.kz.


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы бұйрығының бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес, елімізде әрбір мың адамға 80 шаршы метр спорт алаңы болуға тиіс. Бірақ, қазіргі таңда елімізде әрбір мың адамға 47 шаршы метр спорт алаңынан тура келеді. Бұл мемлекеттік нормативте белгіленген деңгейден екі еседей төмен», - деді Гүлмиhа Исимбаева.

Осы мәселе төңірегінде баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылдың көктемінде мәжіліске «Бұқаралық спорт туралы» заң жобасы түседі дейді. Заң жобасымен қатар, «Бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» да әзірленіп жатыр. Дәл осы нормативтік құжаттар бұқаралық спортқа кәсіби спортпен тең дәрежеде қаражат қарастыруға мүмкіндік бермек.

«Қазіргі заңға сәйкес, спортты қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардан түседі. Республика бойынша бұл шамамен 153 млрд теңге. Осы қаражаттың қайсысы кәсіби спортқа, қаншасы бұқаралық спортқа бөлінетінін де жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Статистика көрсетіп отырғандай, қаражаттың көбі спорттың белгілі бір түріне, яғни, кәсіби спортты дамытуға жұмсалып отыр. Бірақ, осы саладағы уәкілетті орган ретінде біз үшін медальдардан қарағанда, халықтың денсаулығы маңызды. Біздің ендігі мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту. Сондықтан, «Бұқаралық спорт туралы» заң жобасын және бұқаралық спортты дамыту туралы кешенді жоспар әзірлеп, парламентке енгіземіз», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Осы мәселеге қатысты пікір білдірген депутаттың бірі Бекболат Тілеухан болса, инфрақұрылым мен қаражаттан бөлек, бұқаралық спорт мықты насихатсыз дамымайды дейді. Бұқаралық спортты насихаттау үшін депутат атақты «Reel 2 Real” тобының 1993 жылы шыққан «I like to move it» музыкасы сияқты «қозғалысқа шақыратын» ұрандар керек деді. Бекболат Тілеухан үгіт-насихаттың арқасында дауысы жоқ талай адамды әнші қылғанын айтып отыр.

«Бұқаралық спорт деген не? Ол халықтың денсаулығы. Ел жаппай қимылдаса, қанын қыздырып, сіңірін создырса, халықтың денсаулығы мықты болады, халқының денсаулығы мықты елдің болашағы зор болады. Бұны дамытуға қаржы керек деп жатырмыз, оған дау жоқ. Бірақ идеология, насихаттың маңызы да кем емес. Мысалы, насихаттың арқасында әнші емес адам қалмады. Дауысы бар ма, жоқ па, бәрі бір. Бұрын дауысы бар әнші болатын, қазір аузы бардың бәрі әнші», - деген ол спортта да тура осындай насихат керек деді.

«Он үш жасқа дейін бала өмірінің негізгі мәні - ойында. Ағылшындар «I like to move it» деп айтады ғой, сол сияқты, қозғалған баланың денсаулығы мықты болады. Бала күнімізде ешкім бізге инфрақұрылым жасап берген жоқ, штакетникті (қашаның ағашын) жұлып алып, жылқының қиынан шайба жасап ойнаймыз, сосын терлейміз, терлеген соң бойымыздан қызу шығады, баланың тамыры жазылады, денсаулығы мықты болады. Сонда мына көлеңкеде өскен шөп секілді ілмиген баланы, көзіне лупа секілді көзілдірік киіп алған баланы, семіріп кеткен, ауланы екі айналса, ентігіп қалатын баланың майын сылып, бұлшық етін қалыптастыру үшін, компьютер немесе смартфонға шұқшиып қалған баланы далаға алып шығу үшін бұқаралық спортты насихаттау керек», - деді пікірін түйіндеген ол.


Просмотров материала: 932

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 157 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 979 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 950 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 890 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 871 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 486 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 241 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 267 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 726 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 854 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 018 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 544 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 692 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930