29 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бас прокуратура: Аблязовтың көксегені – еліміздің тыныштығы емес, жеке басының мүддесі

21 февраль 2020, 14:02
Бас прокуратура: Аблязовтың көксегені – еліміздің тыныштығы емес, жеке басының мүддесі
Бас прокуратурада "ҚДТ" экстремистік ұйымына қатысты брифинг өтті.
Брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі О. Петерс қоғамымызға іріткі салып жүрген қандықол қылмыскердің әрекеттерінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Армысыздар, қадірлі отандастар! Бүгінгі брифингте баршаңызды - қоғамымызға іріткі салып жүрген қандықол қылмыскердің әрекеттерінен сақ болуға шақырамыз. Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы экстремистік ұйым. Оны кім басқаратынын көпшілілік біле бермейді. Жетекшісі - Мұхтар Әблязов, - деді ол.

Бас прокуратурасының ресми өкілінің айтуынша, оның арбауына түскен кейбір азамат - өкінішке қарай, оған зор сенім артады.

Естеріңізге салайық, 90-жылдары ол бизнесте болып, кейін KEGOС ұлттық компаниясын және Энергетика министрлігін басқарған. Көп ұзамай, ол - заңды белден басып ұры, жемқор, алаяқ және адам өлтіруші қылмыскерге айналды. Энергетика министрі кезінде жемқорлық жасағаны үшін 2002 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмысына өкініп, мемлекет басшысы мен халықтан кешірім сұрап, түзелуге уәде берген еді. Кешірілген соң, бостандыққа шығарылды, - деп атап өтті Петерс.

Алайда, байлыққа құнығып, қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастырды.

2005 жылы өзінің бизнес серіктесі, БТА банктің төрағасы - Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны ашық сотта дәлелденді. Қылмыскер Тоқмади - Тәтішевті аң аулау кезінде Әблязовтың тапсырысымен өлтіріп, оны жазатайым оқиға ретінде көрсеткенін, ол үшін 4 млн АҚШ долларын алғанын мойындады. Тәтішевті өлтірткен соң, Әблязов банкты иеленіп, басқару жүйесіне өзінің сыбайластарын тағайындап, қылмыстық топ құрған, - деді ол.

Оның айтуынша Әблязовтың қылмыстық, қитұрқы әрекеттері сан түрлі болған.

Өзі құрған фирмаларға жалған құжаттар арқылы миллиардтаған несиелер беріп, жеке пайдасына жаратқан. Мысалы, ол өз бақылауындағы жарғылық капиталында небәрі 92 мың теңгесі болған "Рамбурс" серіктестігіне - 103 млрд теңге несие берген, - деп атап өтті ол.
Петерстің сөзінше, ұрланған қаражаттарға Әблязов акциялар, элиталы үйлер мен пәтерлерді сатып алған.

Отбасына 3 ұшақ сатып алып, олардың пайдаланылуына банктен жылына 1 млрд теңге жұмсап отырған. Қылмыстары әшкереленген соң, ол 2009 жылы Ресейде, кейін Англияда, 2012 жылы Францияда бас сауғалады, - дейді Петерс.

Шетелде жайлы өмір сүру үшін, алдын ала қаражатты оффшор арқылы елден шығарып алған. Оффшор дегеніміз - шетелдік компанияларды ешкім тексермейтін, бақыламайтын, шынайы қожайындары белгісіз, салық төленбейтін, қылмыстық қаражаттарды жасыруға оңтайлы мемлекеттер. Ол - оффшорлық мемлекеттерді пайдаланып 7,5 млрд АҚШ долларын жымқырған.

Бас прокуратураның ресми өкілі Әблязовтың алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар мен басқалар да зардап шеккенін мәлімдеді.

Миллиардтарды жымқырғаны үшін Ресей, Украина мемлекеттері оған іздеу жариялады. Өткен жылы Нью-Йорк соты Әблязовтың - саяси қудалаудамын -, деген уәжін теріске шығарып, оны айыпты деп таныды. Лондонның Жоғарғы соты Әблязовты - алаяқ деп танып, одан 4 млрд АҚШ долларын өндіруге, жалған жауап бергені үшін 22 айға бас бостандығынан айыруға үкім кескен. Англия Ішкі істер министрлігі оны босқын мәртебесінен айырған соң, ол Францияға қашып кеткен, - деп тізіп берді Оксана Петерс.

Петерстің айтуынша, ол сол жерде өзін Қазақстан билігімен қудалауда жүрген саяси қайраткер кейпінде танытып, демократия үшін күресуші ретінде имидж қалыптастыра бастады. Оның осы екіжүздігілігінің мақсаты - бір қылмыстық жауаптылықтан жалтару.
Айта кететін жәйт, 2017 жылы "Кешкі Бішкек" басылымына берген сұхбатында, Әблязов Қазақстанға су беруді тоқтатуды ұсынған. Осылайша, елдің оңтүстігін құрғақшылықтан зардап шеккізуге ұмтылған, - деді ол.

Қазіргі таңда оған қатысты көптеген азаматтық процес жүргізілуде.

Бүгінде 1 млрд АҚШ долларынан астам қаражат қайтарылды. Қылмыстық істер бойынша 8 айыптау үкімі шығып, 42 адам сотталған. Жымқырылған қаражатты қайтару мен оны жауаптылыққа тарту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда, - деп атап өтті Петерс.

Оксана Петерстің сөзінше, Аблязовтың көксегені - еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес, жеке басының мүддесі, мансабы.

Құрметті отандастар! Бүгінде Әблязов халық мүддесін желеу етіп, жалған ұранмен азаматтарды заңсыз акцияларға үгіттеуін жалғастырып келеді. Ол сіздерді - қоғамда әлеуметтік алауыздық және ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда. Оған бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалтқанымыз тиімді. Аблязовтың көксегені - еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес, жеке басының мүддесі, мансабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді. Бұрын өзі жымқырған Сіздердің қаражаттарыңызды митингке шыққандарға төлеуде. Біз сіздерді арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз, - деп түйіндеді сөзін Бас прокуратураның ресми өкілі.


Просмотров материала: 832

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 362 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 885 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 457 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 507 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 824 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 767 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 889 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 133 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 394 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 539 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 073 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 184 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 308 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 135 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 403 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 383 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 073 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 473 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 208 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 189 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 015 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 859 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 140 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 070 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 571 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 168 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 890 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 530 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 919 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 867 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 929 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 893 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 112 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 256 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031