31 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балалар арасында суицидті болдырмау үшін жаңа жоба қолға алынды

19 февраль 2020, 12:01
Балалар арасында суицидті болдырмау үшін жаңа жоба қолға алынды
2019 жылы елімізде кәмелет жасқа толмаған балалар 180 суицид жасап, 351 мәрте өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу үшін алматылық психологтар арнайы жоба ойлап тапты. Аталмыш бағдарлама мектептегі психологтардың біліктілігін арттыруға сеп болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ жоба отбасы мен жасөспірім арасындағы қатынасты реттеуді көздейді. "Soul Games" деп аталатын бағдарлама кәмелетке толмаған балалардың ішкі жан дүниесіне тереңдей үңілуді мақсат тұтады. Ол үшін мамандар мектептердегі психологтарды жаңаша оқытып, біліктілігін жетілдіріп отыруды қолға алған. Жоба авторларының сөзінше, бағдарламаның нәтижесі қарқынды. Сондай-ақ, сарапшылар жеткіншектердің неліктен суицидке жиі баратынын атады.

"Жасөспірімдердің суицидке барудағы басты себебі – біз әдеттегідей ойлайтын дүниелер емес, яғни құрдастары арасындағы қақтығыстар, ата-анамен келіспеушілік немесе бала махаббат сияқты мәселелер деуіміз қате. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін фактор – баланың ішкі психологиялық жағдайының әлсіздігі. Бар мәселе түпкі ментальды деңгейде жатыр. Мысалы, түпкі психикасы дұрыс бала қандай жағдай болса да, проблеманы еңсереді. Ал психикасы дұрыс дамымаған жасөспірім өмірдің қиындықтарына шыдамауы мүмкін", - деді жоба авторы Светлана БОГАТЫРЕВА.

Мамандардың білікті кадр дайындаудағы мақсаты да осы. Яғни балаға бастапқы психологиялық көмектің жан-жақты берілуі. Бұл ретте, психологтармен бірге ата-аналардың рөлі зор. Сондықтан психологтар жасөспірімдер мен ата-аналарға да дәрістер оқиды.

"Бүкіл осы Алматы қаласы бойынша бүкіл қазақ мектептеріндегі психологтарды оқытып, мониторинг жүргізіп, ары қарай жұмыс жалғастырамыз. Шынында да мен ата-ана ретінде өзім қатыстым. Жақсы қорытынды алып келеді да, шынында да өзің өзгересің. Қандай көзқараспен баланы тәрбиелеу керек және баланың орнында боласың", - деді қалалық білім беру басқармасының әдіскері Венера ҚОҚАНОВА.

Төрт жыл апробацияда болған жобаның нәтижесінде 50-ден аса маман даярланып, олар 1200-дей отбасыға психологиялық көмек берген. Жастар арасында диагностика жүргізу үшін және ақпараттандыруға арналған онлайн-курстар жасап шығарылған.

"Суицид - бұл жанға бататын ауыртпалықтан қашу. Егер балада қандай да бір мәселе жөнінде ата-анасымен диалог болатын болса онда оның жан жарасы өршімейді. Сондықтан ең алдымен отбасында баламен дұрыс әңгіме жүруі керек. Яғни бала ата-анадан өзінің сұрағына уақытылы әрі анық жауап алып отыруы керек", - деді педагог-психолог Ольга СОЛОНЕНКО.

Жалпы елімізде былтыр кәмелетке толмаған 180 бала өз өзіне қол жұмсаған. Ал 351 жасөспірім суицид жасауға талпынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 жарым пайызға жоғары. Өліммен аяқталған суицид көрсеткіші бойынша Түркістан, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Просмотров материала: 902

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 559 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 081 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 656 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 705 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 020 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 778 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 899 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 143 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 404 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 548 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 084 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 186 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 309 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 137 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 438 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 386 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 075 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 475 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 209 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 191 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 019 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 861 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 141 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 072 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 572 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 206 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 892 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 170 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 532 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 920 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 869 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 932 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 894 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 114 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 257 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031