18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сапарбаев қоластындағыларға алғашқы тапсырмасын жүктеді

14 февраль 2020, 14:13
Сапарбаев қоластындағыларға алғашқы тапсырмасын жүктеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші аппарат кеңесін өткізіп, онда өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең басты талап – мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы қарқынды төмендетпеу керек, - деп атап өтті өңір басшысы.

Облыстың әлеуеті айтарлықтай жоғары, алайда ағымдағы жылдың бірінші айында өнеркәсіп, қайта өңдеу, инвестиция тарту сияқты салаларда төмендеуге жол берілген. Игерілген қаражаттың көлемі бойынша айтарлықтай артта қалуы байқалған. Осы бағытта бюджеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Аймақ басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы өткен жылдың нәтижесінен кем болмауы тиіс екенін баса айтты.

Жұмыссыздық деңгейі-4,8 пайызды құраса, ол республикалық орташа мәннің деңгейінде. Бірақ бұл ретте облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны әлі де көп. Сондықтан "Қазфосфат" ЖШС және "Еврохим" сияқты жергілікті өнеркәсіптің алыптарымен тығыз жұмыс істеу, өңірге ірі отандық және шетелдік инвесторларды тарту қажет.

Облыс аумағы арқылы үш ірі газ құбыры өтеді десек, бұл өңірдегі елді мекендерді газдандаруда зор мүмкіндік береді. Жиынды осы жайтқа назар аудара келе, облыс әкімі Амангелді газ кен орнының да қарқындылығын арттыру үшін салалық министрліктің көмегімен ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Жамбыл өңірі аграрлық аймақ болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығын ілгерілету облыстың жалпы дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша мемлекеттік қолдау аз емес, соны кеңінен пайдалану және оларды пайдалану тиімділігін арттыру қажет.

Басқосу барысында егістіктерді әртараптандыру, рентабельді дақылдарға, майлы дақылдарға көбірек көңіл бөлу, жергілікті қант зауыттарын одан әрі жүктемесін арттыру үшін қант қызылшасының көлемін ұлғайту маңыздылығы да айтылды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелердің бірі – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, ауыл шаруашылығы техникасын уақытында дайындау, жоғары сапалы тұқым сатып алу және отырғызу болды.

Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының міндетті түрде өз жалғасын табатындығын, ол бастапқы қарқынының төмендемеуін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар
жүктеді.

Ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылып, егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуы керек. Бұл орайда пилоттық жобаға бөлінген 7,2 миллиард теңге толық көлемде игерілуі тиіс. Біз жобаның өміршеңдігін көрсетуіміз керек, бұл алдағы уақытта қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және көп адамның материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс басшысы.
Айта кету керек, Жамбыл өңірі өз-өзін көкөністер мен жемістермен, әсіресе маусымаралық кезеңде толығымен қамтамасыз ету үшін әлеуеті жетеді. Бұл орайда көтерме-тарату орталықтары жақсы жұмыс істейтін Қарағанды облысының тәжірибесіне сүйене білу керектігі назар аударылды.

Халықаралық әуежайға ие бола отырып, тек ішкі қазақстандық бағыттар бойынша ғана емес, еларалық әуе қатынастарының санын бірнеше есе ұлғайту қажет.

Сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы тиісті деңгейде жүргізілуде десек, бұл үрдіс өз деңгейінде жалғастырылмақ. Білім беру саласында апатты және үш ауысымды мектептерді жою үшін 17 мектеп ашу қажет.

Сонымен қатар, тауар айналымын ұлғайту үшін облыстың транзиттік әлеуетін кеңінен пайдаланған жөн, баламалы энергетика саласында алты станцияның құрылысын аяқтау және КЭС, ЖЭС-терден алынатын электрэнергиясының жиынтық қуатын 400 мВт-қа дейін жеткізу көзделуде.

Жиында жамбылдықтардың табыс деңгейін арттыру, салық салу базасын ұлғайту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, жалақы бойынша берешектерді жою, медициналық қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтаудағы бюрократия деңгейін төмендету, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту сияқты өзекті мәселелер де жан-жақты көтеріліп, сараланды.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар Қордай ауданында болған оқиғалардан қорытынды шығару керектігін атап өтті.

Бұл жағдай бізге сабақ болу керек. Осы секілді қайғылы оқиғалар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шешім шығара білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, жұртшылық пен интеллигенция өз күш-жігерін біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс, - деп түйіндеді ол.
Просмотров материала: 589

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 452 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 276 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 244 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 180 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 159 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 431 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 195 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 219 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 650 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 780 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 649 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 290 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 459 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 218 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 439 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 369 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930