26 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бақытбек Смағұл: Менің айтқанымның барлығы 100 пайыз дұрыс деген сөз емес

14 февраль 2020, 12:53
Бақытбек Смағұл: Менің айтқанымның барлығы 100 пайыз дұрыс деген сөз емес
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Facebook парақшасында Масанчи ауылындағы 10 мәселені көтерген болатын. Оның ішінде "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейді" деп жазды. Алайда қорғаныс министрлігі 40-жуық дүнген ұлтының өкілі әскери борышын өтеп жатқанын хабарлап, депутаттың сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Біз комиссия болып бардық. Елдің сөзін тыңдадық. Сол жердің тұрғыны Әбдібек Сейілханов есімді ауыл ақсақалы осы мәселені көтерді. Ол кісі "дүнгендер сауда, егінмен айналысады, әскерге бармайды" деп хабардар етті. Біз осы мәлімдемеге сүйендік. Сол кезде Жамбыл облысынан көктемде 13 адам, күзде 22 адамның әскерге шақырылғаны туралы ақпарат алдым. Ал бұл деректің анық-қанығын қорғаныс ведомствосы қазір беріп жатыр", - деді депутат.

Бақытбек Смағұл әскерге шақыратын арнайы органдарға барып, оқиғаның мән-жайын сұраған. Ол жердегілер дүнген ұлтының өкілдері әскерге бармау үшін сылтау ойлап табатынын айтып шағымданған.

"Мен жергілікті тұрғындардың сөзіне сүйеніп айттым, десек те ақиқатын ашып алуымыз керек. Қорғаныс саласында әскери қызметшілердің мәртебесі заңына сәйкес, әскери қызметке және әскери жиындардан діни ұйымдарда оқитындар мен тіркелген діни бірлестіктердің қызметкерлері босатылады. Бұл әскерге жат ағымдар еніп, қарулы жауынгерлер арасында қауіпті уағызын таратпау үшін жасалғаны жасырын емес. Әскерге бару туралы мәселені көтерудегі мақсат – жігіттердің әскерден негізсіз қашуына тосқауыл қою", - деді Смағұл.

Сондай-ақ, депутат мешіттерде уағыз тек дүнген тілінде айтылатынын мәлімдеген еді. Ол қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесінде екенін ұмытпау керек дейді.

"Дүнгенше сөйлеме деп айту қате. Бірақ мемлекеттік тіл қатынас тілі болуы керек. Егер жергілікті халық үй ішінен үй тіккендей болса, біз қалай қатынасамыз. Бұл қазақтың жері, қазақтың тілі, бұл – мемлекеттік деңгей. Біз соны айтып отырмыз. Ұлт пен ұлысты ұйыстырсақ, бір ортада сыйыстырсақ, бір-біріне туыс қылсақ, керемет елге айналмаймыз ба?!", - деді депутат.

Оның айтуынша, өзі көтерген 10 мәселе – сол жердегі халық айтып, баяндап берген мәселе. Ол жүз пайыз дұрыс болмауы да мүмкін.

"Менің айтқанымның барлығы 100 пайыз дұрыс деген сөз емес. Бұл жығылғанға жұдырық болып, жараны тырнау емес, керісінше уақытында емдеу. Олар шекарада тұрған азаматтар. Шекараны даумен емес таумен, таспен емес доспен қоршаған халықпыз. Арасында оның тау өлсе де жау өлмеуі керек. Дау болмауы керек. Сондықтан осы айтылған мәселелерге көңіл бөлінуі керек", - деді ол.

Бақытбек Смағұлдың айтуынша, осы мәселелер көтерілген соң айтылған әр салада дүмпу болып, оң өзгерістер болып жатыр.

"Мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Бердібек Сапарбаев тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтты. Өртенген үйлерге, қайтыс болған кісілердің отбасына көмек беру жайы қолға алынды. Бұл дүнген үшін ғана емес қазақ үшін керек. Қазаққа дүнгеннің аман болғаны керек. Олар қазақ елінің бір бөлшегі. Талай теперіш, қиындық, қудалау көрген халық. Оны опасыз, жерін сатып кетті деп айтуға болмайды", - дейді ол.

Еске сала кетейік, қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған дүнгендердің әскери қызметтен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз мерзімді әскери қызметін атқарып жатыр. Жалпы 2019 жылы 30 мыңнан астам сарбаз шақырылды, оның ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері бар", - деп хабарлады министрлік.

Просмотров материала: 1 185

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 178 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 784 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 289 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 339 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 707 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 565 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 863 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 377 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 470 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 742 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 528 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 608 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 254 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 756 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 492 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 187 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 383 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 282 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 966 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 276 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 529 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 034 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 648 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 024 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 065 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 381 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930