27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дариға Назарбаева: Биліктің беделін сапасыз заңдар түсіреді

14 февраль 2020, 9:03
Дариға Назарбаева: Биліктің беделін сапасыз заңдар түсіреді
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламент Палаталарында заң жобаларының қаралу кестесі бойынша кеңес өткізді. Шараға Мәжіліс басшылығының өкілдері, Сенат Бюросының мүшелері, Әділет министрі, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ Парламент Палаталары аппараттарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Матрица.kz. ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дариға Назарбаева кіріспе сөзінде заң шығару процесінің жалпы жақсарып келе жатқанына қарамастан, ұйымдастыру мәселелерін қарау барысында бірқатар шешілмеген мәселелер бар екенін атап өтті.

"Біздің басты міндетімізді орындауға – сапалы заңдарды қабылдауға кедергі келтіретін жүйедегі ақауларды білу үшін барлық тараптарды тыңдау керек", - деп атап өтті ол.

Заң жобаларының 90 пайызы Үкіметтің бастамасымен әзірленетінін атап өткен жөн. Заң жобалары жұмыстарының жоспары жыл сайын бекітіледі, онда заң жобаларының Парламентке әкелу мерзімдері көрсетіледі.

"Дегенмен жоспар іс жүзінде сақталмай отыр, жыл соңына қарай Парламентке заң жобаларын беру мерзімдері үнемі өзгеріп кетеді. Менің ойымша, бұл жоспарлаудың сапасыздығы мен орындау тәртібінің төмендігін көрсетеді. Осыған байланысты заң жобалары жоспарының орындалуын жоспарлау мен бақылауды жақсарту қажеттігіне Үкімет өкілдерінің назарын аударғым келеді", - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасының айтуынша, Үкіметтің Парламентке әкелетін заң жобаларының сапасы да одан кейінгі проблема болып табылады. Үкімет бастамасымен әзірленген заң жобалары бойынша Мәжіліс ауқымды жұмыс жүргізеді, оларға түзетулер енгізіп, кейде заң жобасы қайта жазылады. Депутаттардың кейбір түзетулеріне қаржы шығындары талап етіледі, оған Үкіметтің қорытындысы қажет болады, ал ол уақыт алады.

Үкіметтің қорытындылары келгенше көбінесе тиісті мерзім бұзылады.

"Бір ғана мысалды келтірейін - жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі заң жобасы. 11 қыркүйекте Мәжіліске түсіп, онда үш ай қаралды. Сенатқа 12 желтоқсанда келді. Егер барлық мереке және демалыс күндерін есептен алып тастайтын болсақ, онда 3 жұмыс күнінен кейін оны Палата отырысында бірінші оқылымда, ал 3 жұмыс күнінен кейін – екінші оқылымда қарауға мәжбүр болдық.

Осылайша, Сенат осы заң жобасын Сенат отырысында қарау күндерін ескере отырып 8 жұмыс күні ғана қарады. Бұл қалай болғаны? Бұл біздің жұмысымыздағы алшақтықтың бір ғана мысалы", - деді Д.Назарбаева.

Кездесу барысында сондай-ақ заң шығару үдерісіндегі маңызды буын – Үкімет жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссия атап өтілді.

"Сенат қабылданатын заңдардың сапасына өз өкілдері арқылы қандай да бір әсер ету үшін заң жобаларының тұжырымдамаларын бастапқы кезеңде талқылайтын осы комиссияның жұмысына қарқын берді. Осы комиссияның жұмысы туралы ережеге сәйкес, талқыланатын мәселелер бойынша материалдар комиссия мүшелеріне 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс, бірақ олардың мерзімдері жиі бұзылады. Осындай фактілерге жол бермеуге Әділет министрлігінің назарын аударамын", - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Сенаторлардың заң жобаларына түзетулер енгізу құқығы талқылаудың жеке саласы болды. Мәселен, сенаторлар жобадағы қайшылықтарды анықтағаннан кейін заң жобасын жақсартатын түзетулерді ұсына бастайды, ал жобаны әзірлеушілер сенаторларға осы қайшылықтардың бәрі түзетілетінін, ол түзетулер келесі заң жобасында ескерілетінін айтып сендіреді, ал бұл заң жобасын мерзімінің шектелуіне байланысты түзетусіз қабылдау қажеттігі айтылады.

"Сенаторлар заң жобасын Мәжіліске ешқашан негізсіз қайтарған емес әрі қайтаруды ұсынбайды да. Сенаторлардың түзетулер енгізуі мен заң жобаларын Мәжіліске қайтаруды жұмыс бабындағы істер процесі ретінде қалыпты қарау керек. Біздің барлық ұсыныстарымыз сайып келгенде заң жобаларының сапасын арттыруға бағытталған. Сапасыз заңдар мемлекет билігінің беделін түсіреді", - деді Д. Назарбаева.

Әділет министрі Марат Бекетаев өз кезегінде бүгінгі таңда заң жобаларының тұжырымдамасын әзірлеуге дейін оларды қоғамда халықтың барлық мүдделі топтарымен ашық талқылау үшін негізгі әдіс-тәсілдерді жариялауға арналған тетіктер дайындалып жатқанын баяндады.

Дариға Назарбаева сонымен қатар халықаралық келісімдерді дайындау рәсімдерін өзгертуді, оны әзірлеуге сенаторларды да қатыстыруды ұсынды. Сенат басшысы сондай-ақ Үкіметтің заң жобаларын келісу регламентін қайта қарауға назар аударды және ол бүкіл жұмысты созып жіберетіні әрі тетіктері нашар жұмыс істейтіні атап өтілді.

Сенат Төрағасы заң жобаларының тұжырымдамаларын талқылаудан бастап заң қабылданғанға дейін мекеме мүдделерін ысыра тұрып, ынтымақпен әрі келісіп жұмыс істеуді ұсынды.

"Әрбір заңның артында орасан зор адамдардың, кәсіпорындардың, бизнестің тағдыры тұр. Бұл өте маңызды мәселе. Үкіметті осы жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарын қайта қарауға шақырамын, ол жұмыс істемей тұр", - деді Д.Назарбаева.
Просмотров материала: 527

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 455 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 274 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 247 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 191 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 173 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 747 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 124 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 638 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 786 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930