24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ аналарына ескерткіш орнату керек

30 январь 2020, 16:18
Қазақ аналарына ескерткіш орнату керек
"Астананың Атымтай жомарты атанған алтындай Алтынбай інімнің шаңырағындағы кезекті бір отырыста аты алты Алашқа белгілі бір ағамыздың өзінің анасының ерлігі туралы әңгімесін есіткенде қазақ әйелінің не деген данышпан, не деген көреген және ең бастысы не деген төзімпаз екеніне қайран қалып, қатты риза болдым!"

Бірден ойыма Қазақ аналарының даналығы (ішінде әзіз әжелерім, аяулы анам да, асыл жарым, әдепті бауырмал әпкелерім, қадірлі қарындастарым, тәрбиелі қызғалдақ қыздарым, сәлемін үзбейтін инабатты да, иманды келіндерім де бар) ешқандай әлемде, ешқандай елде жоқ қой деп ойладым!

Қазақ аналарына Астанада ғана емес, әр қалада, әр ауданда алып ескерткіш орнату керек деген ой туды!

Иә, ешқашан жат елдің жамылғысын, қап-қара киімді қалың жамылып, тұмшаланып, тұйықталып, , тығылып жүрмеген, қажет кезінде қару алып, шапқыншылықта шалбарланып жауға жапқан, керек кезінде кесімді сөзін хан алдында да кесіп айтқан (Жезбике ана, Домалақ ана, Жиренше шешен жары Қарашаш, Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғынның тб әйгілі хандарымыз, баһадүр батырларымыз бен атақты ақын-жырау, белгілі билеріміздің аналары мен асыл жарлары, қарындастары тб) .

Қылышынан қан тамған қаһарлы Кеңес империясының жаназасын алғаш айтқан әйгілі Қазақ Желтоқсанында да мұзды алаңда мұздай қарулы әскерге аттан салып атқа мінген де Қазақ қыздары! Мен сонда алаңға шыққан алдаспан Алаш Жігіттеріне қайрат берген Ұлттық намыспен бірге ең алдымен Қазақ қыздарының қаһармандығы мен қайрауы деп білемін.

Кешегі нарық дәуіріне өткенде нардай қайрат көрсетіп, базарларда бар еңбегін салып, отбасыларын асырап қалған да Қазақ аналары!
Бүгін де биік сана, білікті де білімді тұлғаларымен тұрмыс түзеуге де, Ел тірлігіне де Ерлермен бірге ерекше үлес қосып отырған да ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ!

Әйгілі тарлан ағамыздың тағылымды әңгімесіндегі өзінің анасының ерлігі неде деп ойлайсыздар?

Қызыр аралаған Қызылдың құмында, шағылы мен шағаласы қатар шулаған Шардарада туған ағамыздың айтуынша, үйіне қонақтар келгенде күтіп жатқан бұларға әлгілер «ішпейсіңдер ме өздерің» дейді екен. Сонда дайын отырған бұлардың алдын ораған анасы: "Әкелеріне тартқан бұлардың ерніне елу грамм тисе болды, еріп кетеді, зорламаңдар!"- дейді екен.

Ағамыз бір күні анасынан сұрапты: «Біз бәріміз ішуге кетәрі емес болып қайдан шыққамыз? Әкеміз ішпейді. Сіз болса да татып алмайсыз?» депті.

Сондағы анасының жауабын естісеңіз қайран қаласыз!

«Әкелеріңнің артын жауып келе жатқан менмін ғой» деп, бәрін жайып салыпты.

Сөйтсе, әкелерінің анда-санда жылына үш төрт рет ішетінін шешесінен басқа бүкіл ауылда ешкім білмейтінінде аналарының алапат еңбегі, көрегендігі, даналығы бар екен!

Ішу дегеніңіз былай тұрсын, күйеуінің көзіне шөп салғанының үстінен түссе де, еріне де, еліне де, балаларына да әкелері өмірден өткенше білдірмей өткен екен.

- Неге ішкенін де, істеген күнәсін де жасырған анаңыз?-деймін ғой ағамызға.

-Балаларының, елдің алдында Менің Ерімнің -отбасымның иесінің абыройы түседі ғой, өз күнәсімен өзін жеп қояды ғой»-деп жауап беріпті Асыл Ана! Не деген Кемеңгерлік!

Ағамыздың әкесі ішетін кезде әйеліне «маған оңаша бөлме керек» дейді екен. Сол кезде оңаша бөлмедегі «духовкаға» әйелі арақты және ішіп-жемін толтырып, бөлменің есігін тарс етіп жауып қояды екен. Кім, қандай қонақ, тіпті құрметті құдалары келсе де, (шәй ішуге келген Шәрбаттарға болса да жол жоқ) «ауырып жатыр» деп есігін ашпайды екен ғой жарықтық.

- Анда-санда дәрет сындыруға далаға шыққанда бет аузы күп болып ісіп, көзі қызарып кеткенін, әжетқанаға әрең тәлтіректеп барып келгенін көріп, «шынында әкеміз қатты ауырып жатыр екен ғой» деп ойлайтынбыз. Ішеді деп кім ойлаған? Оның үстіне әкемізге жабысып, аузын иіскемейміз ғой. Бетіне қарауға да қаймығамыз. Бәрі шешеміздің шектеуі, тәлімді тәрбиесі – «әкелеріңе айтамын» десе, бұзықтығымызды ұмытып, жым боламыз. Әкеміздің ішетінін біз түгіл бүкіл ауыл білмей кетті солай. «Ол енді анамыздың айрықша кемеңгерлігі» деген көкеміз риза болып есіне алады әке-шешесін.

«Ал енді әйелінің көзіне шөп салғаны туралы не әңгіме» деймін ғой журналистігім қыстап мен де.

О-о, ол енді сұмдық әңгіме!!!

Шардара ауданының әр арығының шетіндегі оман арықтар маңына қауын егеді екен ел. Шайла тігіп алып, ала жаздай қауындықтың шабығын шауып жатады екен елдің еркектерінің бәрі.

Ағамыздың қауын егіп жатқан әкесіне түсте кеспе көже мен шәйін апарады екен апамыз.

Бір күні түсте құдаларының құдайы тамағы болатын болғасын, түсте емес, бір-екі сағат ерте барып қалыпты әдеттегі уақыттан. Сонда күйеуінің күнәлі ісінің үстінен түскен ғой! Бүгінгінің кейбір заңқой заржақ әйелдері болса, бұл сұмдықты суретке түсіріп, фейсбукке жариялап, полиция шақырып, балаларына жайып салып, базар-шу қылатын еді.

Ал біздің асыл да, аяулы апамыз не істеген десеңізші?!

Көрмеген секілді кетіп қалып, Сырдың бойындағы қалың тоғайдың ішінде қамығып отырыпты олар қашан «ісін» бітіргенше. Көрші егістікте қауын егетін жесір әйел күйеуінің шайласынан шығып кеткенде, апамыз енді ғана ауылдан келген болып, еріне ең жақсы көретін (әйелінің әдемі істеген асынан басқа тамақты ішпейді екен ол атамыз) кеспе көжесін келістіріп тұрып беріп, (жарықтық біздің көкеміз де кеспе көжені ерекше жақсы көретін, есіме түсіп кетіп, көзім жасаурап отыр), шәйін ішкізіп, шәй деспей, түк болмағандай кетіпті ғой қайран Қазақ анасы!

- Неге ішкенін де, істеген күнәсін де жасырған анаңыз?-деймін ғой ағамызға.

- Балаларының, елдің алдында Менің Ерімнің -отбасымның иесінің абыройы түседі ғой, өз күнәсімен өзін жеп қояды ғой»-деп жауап беріпті Асыл Ана! Не деген Кемеңгерлік!

Жалаң қылышпен жауға шапқаннан жүз есе артық Ерлік қой бұл! Ең үлкен ерлік -жеке басыңның өрлігі мен өзімпаздық екпінін Ел үшін, Ер үшін, Отбасы үшін тоқтатып, жеңе білуің!

Ең үлкен Ерлік – Еріңнің, сүйіп қосылған жарыңның пендеуи күнәсін періштелік кешіріммен қарап, қасиетті қазақ Отбасының сақталуы үшін кеңдік танытып, кемеңгерлік көрсете білуің!

«Бұл әкеңіздің күнәсін анаңыз қашан айтты ?»-деймін ғой мен Қазақ Анасының айрықша ерлігіне риза болып.

- Әкем өлгесін айтты. Ішкенін де, істегенін де-дейді ағамыз анасына риза болып.

Иә, өзінің асыл жары әлсіздік жасап, еркектік еркелікке- шайтан тірлікке шалдығып жатса, Қазақы Қасиетпен, ұлттық ұстаныммен, иманды да, инабатты ибалықпен, ең бастысы Еріне деген ең үлкен Құрмет, Отбасы басшысына деген орынды сый- Құдіреттілікке деген құзырмен Құдай алдындағы Кемеңгерлік кешірімділік көрсеткен Асыл Ананың даналығы – Қазақ әйелдерінен басқа ешқандай елдің әйелдерінің қолынан да келмейтін, қолына келмек түгілі ойына да келмейтін орасан Ерлік қой бұл!

Асыл анамыз ері қайтыс болғасын он үш баланы орасан еңбек етіп өзі асырап өсірген!

Астанада аузынан ақ май ағып отырған атақты қаламгер ұлына әр күн сайын телефон соғып, «жейтін нандарың бар ма» деп, зейнетақысынан ақша аударып отырған?!

Иә, әлемдегі ешқандай дамып кеткен, тіпті ғарышқа қоныс аударып жатқан (бәрібір алғаш адамзатты Айға ұшырған Бай-Қоңыр Қазақ даласында) елдердің де, ешқандай мемлекет, үкімет, министрлік, штат, облыс, губерния басқарған әйелдердің де қолынан келмейтін, тек Қасиетті Қазақ әйелінің ған қолынан келетін Ерлік!

Тек Қасиетті Қазақ Аналарының, Қазақ әйелдерінің қолынан ғана келетін Ерлік!

Қазақтың қасиетті аналарына әрқашан тағзым – бас иемін!

Қазыбек Иса - ақын

Дереккөз: Қазақ үні.
Просмотров материала: 804

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 094 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 917 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 887 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 827 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 808 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 238 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 264 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 722 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 851 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 993 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 519 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 670 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930