2 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Туған қызы мен қарындасын күнде зорлайтын": елордалық әйел күйеуінен 20 жыл бойы қорлық көрген

"Туған қызы мен қарындасын күнде зорлайтын": елордалық әйел күйеуінен 20 жыл бойы қорлық көрген
Сұмдық оқиға! 20 жыл құлдықта болған елордалық Шолпан Көшербаева басынан өткен жантүршігерлік жайттарды айтып берді. Ол 3 адамның өлімін өз көзімен көріпті. Енді дәл қазір оны да өлтіреміз деп артынан қалмай  қорқытып жүр. Басынан өткенін айтсаң, адам нанғысыз. Көзін қышқылмен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлетіп ішкіздіріп, зәбір көрсеткен. Сорақысы мұның бәрін  істеп жүрген бөтен адамдар емес, күйеуі мен оның туысқандары. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған адам айтса нанғысыз, сұмдық  оқиғаның басты кейіпкері - Шолпан Көшербаева бұл. Денесінің сау жері жоқ.  Тағдыры тым қиын болыпты. Ажырасқан, қолында екі баласы бар Шолпан екінші рет күйеуге шығам деп ойламапты. Бірақ, бір жыл өтпестен тағы ғашық болады. Сонысы үшін әлі күнге дейін өкінеді.

Шолпан Көшербаева, жәбірленуші:

"Менің сол кезіме қышқылды сеуіп жіберді. Не үшін деп сұрадым. Жай деді. Одан бөлек қолым кеудеме пышақ сұққан кездері болған. Жалпы, ішіп алып істемегендері жоқ".

Күйеуінің тұрақты жұмысы болмаған. Үйге күніге бөтен біреулерді ертіп, ішеді дейді. Ал арақ- шарабының ақшасын ұрлықпен тапқан көрінеді. Алайда көрмегенді Шолпан ғана көрген жоқ. Күйеуі олармен бірге тұрған туған қарындасы мен оның 5 жасар қызын күніге зорлапты. Өзі ғана емес, сырттан келген алқаш достары да.

Шолпан Көшербаева, жәбірленуші:

"Тамақты апталап бермеген кездері болған. Туған қызын да зорлайтын".

20 жыл бойы осымен қоятын шығар деп шыдап келген  Шолпанның шыдамы былтыр қазан айында таусылды. Бәрі ұйықтап жатқанда қашып кетті. Алайда полицияға бірден арыз жазса да, оны әлі күнге қабылдамапты. Өйткені полицейлер таныс-тамырым жоқ  мені емес, ауылдық әкімдікте жұмыс істейтін күйеумнің  әпкесін тыңдайды дейді Шолпан. Ал қарсылық білдірсе болды,  жындыханаға жатқызамыз деп қорқытыпты.

Талас Сағымбаев, құқық қорғаушы:

"Ол 20 жыл бойы құлдықта өмір сүрсе де, әлі күнге дейін арызымды қабылдаңызшы деп бәріне жалынып жүр. Бұл не деген масқара?  Қылмыстық істі қозғамаған. Ешқандай шара да қолданбай келеді".

Жантүршігерлік  қылмыстар жасалды делінген тұрғын үйге өзіміз де бардық. Алайда үйден ешкімді таппадық.

Ал көршілері Шолпан қашып кеткелі бері, оларды мұнда көрмедік, соған қарағанда полиция келеді деп қорыққан  ғой дейді.

Әсем көршісі:

"Иә, бұл пәтерде тұрған, бірақ міне 2 ай болды  оларды көрмедік. Үнемі айқай-шу болатын осы үйде. Бөтендер көп келетін. Бірге тұратын кішкентай балақайлары бар. Үнемі қараусыз, бет-қолы жуылмаған болып жүреді әйтеуір. Талай рет шағымдандық, бірақ нәтижесі болмады".

Шолпанның азаматтық некедегі жұбайынан тапқан екі баласы бар. Бірақ оларды көрмегеніне көп болды оның. Күйеуінің әпкесі өзіне алып кетіп, Шолпанды ата-ана құқығынан айырған көрінеді.

Ал қазір әбден қорқып, күйеуінен тығылып жүрген оның бар арманы қалған өмірін балаларымен бірге бақытты сүру.

Просмотров материала: 4 447

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 225 132 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 834 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 330 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 369 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 732 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 990 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 018 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 359 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 052 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 073 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 271 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 933 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 062 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 683 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 567 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 609 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 797 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 556 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 965 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 747 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 409 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 253 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 626 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 984 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 312 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 545 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 292 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 231 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 375 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 308 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 683 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30