25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаевқа ашық хат: Қазақстанның флорасы - маңызды гуманитарлық және генетикалық ресурс!!!

Өсімдіктер дүниесінің ғылыми және дүниетанымдық, гуманитарлық және материалдық маңызы - баға жетпес қымбат, асқақ биік. Себебі өсімдік әлемі жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы, бүкіл тіршілігінің тірегі. Жер шарындағы өсімдік әлеміне ғана тән фотосинтез үрдісінің нәтижесінде жыл сайын 465 миллиард тонна органикалық зат түзіледі, атмосферадағы 21% оттегінің (О2) құрамы тұрақты сақталынып тұрады. Ерекше атап өтетін жайт – өсімдік атмосферадағы оттегінің (О2) 99,99 % - ын береді. Сарапшылардың анықтамасы бойынша Қазақстанның өсімдік әлемі атмосфераға жыл сайын 22 млн тоннадай О2 өндіреді. Сондықтан, XVI және XVII Дүниежүзілік ботаникалық конгресс делегаттары Жер Шарындағы мемлекет басшыларына арнап Үндеу жолдады.


Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.К.Тоқаевқа
Биік мәртебелі Президент мырза!
Ардақты Қасым-Жомарт Кемелұлы!


Өсімдіктер дүниесінің ғылыми және дүниетанымдық, гуманитарлық және материалдық маңызы - баға жетпес қымбат, асқақ биік. Себебі өсімдік әлемі жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы, бүкіл тіршілігінің тірегі. Жер шарындағы өсімдік әлеміне ғана тән фотосинтез үрдісінің нәтижесінде жыл сайын 465 миллиард тонна органикалық зат түзіледі, атмосферадағы 21% оттегінің (О2) құрамы тұрақты сақталынып тұрады. Ерекше атап өтетін жайт – өсімдік атмосферадағы оттегінің (О2) 99,99 % - ын береді.

Сарапшылардың анықтамасы бойынша Қазақстанның өсімдік әлемі атмосфераға жыл сайын 22 млн тоннадай О2 өндіреді. Сондықтан, XVI және XVII Дүниежүзілік ботаникалық конгресс делегаттары Жер Шарындағы мемлекет басшыларына арнап Үндеу жолдады.

Бұл халықаралық құжатта Конгресс делегаттары Жер бетіндегі өсімдік жамылғысының мүшкіл халіне, ботаникалық зерттеулерге, ботаника ғылымына деген сұраныстың кеміп бара жатқанына аландаушылық білдіріп, ботаника ғылымына баса назар аударуды сұраған болатын.

XVI дүниежүзілік конгресте Қазақстандық делегацияға ерекше құрмет көрсетілді. 150 елдің ішінен Конгресстің 5 құрметті вице–президентінің қатарына Қазақстандық делегацияның жетекшісі академик И.О.Байтулин сайланды, яғни Қазақстан ботаникаға ерекше мән беретін мемлекет болып танылды.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде еліміздің экологиялық жайын «тағдыры күрделі» - деп бағалағаныңыз белгілі. Осы жанашырлық сөзіңізді БҰҰ – да да қайталап, Париж конференциясының шешімдерін орындаудың маңыздылығын негіздедіңіз, біздің еліміздің ерекше рөлін әлемге паш еттіңіз.

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуы күрмеуі шешілмей келе жатқан экологиялық мәселелердің шешілуіне жол ашып, үміт сыйлады десем артық емес.

Ғылыми-функционалдық және философиялық - әдіснамалық тұрғыдан қарастырғанда – ең қарапайым экожүйеден бастап жалпы Биосфераға дейінгі барлық құрылымдық жүйелерде өсімдік бүкіл тіршілік иелері үшін орта түзуші болып табылады. Ал биосфераның өзі атмосфера (ауа), гидросфера (су), геосфера (жер) деп аталатын құрамдас бөлімдерден тұрады.

2016 жылы Шымкент қаласында өткен ғылыми-семинарда Қазақстан ғалымдары «Өсімдік – су», «Өсімдік – жер», «Өсімдік – ауа», «Өсімдік - биологиялық қауіпсіздік» ғылыми – әдіснамалық константалық тандем концепциясын тұжырымдады.

Бүгінгі күні атмосфераның да, гидросфераның да, геосфераның да түйдектелген мәселелері аз емес. Аталған константалық тандем концепциясы бойынша атмосферадағы, гидросферадағы, геосферадағы түйдектелген мәселелерді және онымен байланысты биологиялық қауіпсіздік мәселесін де өсімдіксіз шешу мүмкін емес.

Қазақстан өсімдіктер дүниесі 14,5 мыңдай биологиялық түрден тұрады. Оның ішінде жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер 6400 – дей түр, саңырауқұлақтар – 5000 – дай түр, қалғаны мүктер, қыналар және балдырлар. Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің 1000 дай түрі дәрілік өсімдіктер, 700 – мал азықтық, жем – шөптік; 350-400 – азық – түліктік, 700 – 800 –әсемдік, сәндік – декоративтік; 200 – ден астамы – эфирмайлық, 40 – 50 – майлық, 250 – ден астамы –улы, 300 – ден астамы – омарталық, балдық қасиеті бар маңызды генетикалық ресурс болып табылады.

Жалпы алғанда Қазақстанның флорасындағы әрбір 8-түр Жер бетінде басқа жерде кездеспейтін эндемик, Қазақтың эндемигі. Түр құрамының 12% -ы болатын осы эндемиктер алма мен қызғалдақ сияқты біздің ұлттық кодымыздың ботаникалық төлқұжаты деуге толық негіз бар.

Өкінішке орай, осындай нәсілдік қор - генетикалық ресурс туралы,Ұлттық кодымыздың ботаникалық келбетін айқындайтын эндемиктеріміз бен реликттер туралы ғылыми ақпарат ҚАЗАҚ үшін қол жетімсіз болып қалып отыр. Себебі, қазақ тілінде жарық көрген энциклопедиялар, салалық анықтамалықтар мен каталогтар жоқтың қасында, жеткіліксіз.

Ал қазіргі білім алушылардың – студенттердің, магистранттардың және PhD – докторанттардың 90-95 % мемлекеттік ҚАЗАҚ тілінде оқиды. Бүгінгі білім алушылардың университет бітірген соң маман ретінде жұмысқа араласқан кезде де мемлекеттік ҚАЗАҚ тіліндегі ақпарат пен ғылыми – технологиялық тұжырымдарға арқа сүйейтіні белгілі.

Бұл тұрғыдан алғанда ботаника саласында ҚАЗАҚ тіліндегі энциклопедиялық – анықтамалықтар дайындау және жеткілікті таралыммен шығарылып, цифрлануы да өте өзекті, әрі оның ғылыми – әлеуметтік маңызы да өте жоғары екені сөзсіз.

Ең бастысы – бүгін дайындалып, жарық көрген қазақ тіліндегі салалық энциклопедиялық – анықтамалықтар елімізде дайындалып жатқан мамандардың сапасын арттырып, жарқын болашағының кепілі болар еді. Ботаника саласындағы осындай энциклопедиялық құралдың бірі, әрі бірегейі – «Қазақстан флорасы» көптомдығы болмақ.

Еліміздің бір топ ғалым-ботаниктері 1996 жылдан бері «Қазақстан флорасы» көп томдық энциклопедиялық анықтамалығын дайындау туралы бастама көтеріп, осы бағытта ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен ізденістер жүргізіп келеді.

Бүгінгі күні осы мәселе төңірегінде:
- ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, РһD докторлары мен магистрлерден тұратын 25-30 кісілік ғылыми-творчестволық ұжым қалыптасты;
- «Қазақстан флорасы» энциклопедиялық анықтамалығының концепциясы жасалынды;
- Қазақстанның жаңа флористикалық аудандау жобасы дайындалды;
- Қазақстан өсімдіктерінің заманауи номенклатурасы жасалынып, жарық көрді.

Осы уақыт ішінде бұл проблема бірнеше рет мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама ретінде ҚР БҒМ конкурстарына да қатысты. Өкінішке орай қолдау таппады. Сол себепті жоғары атап өткен ғылыми-творчестволық ұжымның бір жерде шоғырлануы мүмкін болмай тұр.

«Қазақстан флорасы» энциклопедиялық анықтамалығын дайындайтын 25-30 маманның бір ғылыми-зерттеу орталығына шоғырлануы бұл істің жемісті болуының кепілі және маңызды алғышарты екені анық. Осындай жағдайда бұл творчестволық ұжымның жыл сайын 1-2 кітап дайындап шыгаруға жететін потенциалы бар деп айта аламын.

Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі халықаралық конвенцияның 4 алғышартында мемлекеттердің өз биологиялық ресурстарына егемендік құқықтары бар екені толық мойындалған. Бұл ретте «Қазақстан флорасы» энциклопедиялық анықтамалығы «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, «Қазақстанның географиялық атласы» сияқты біздің мемлекеттігіміздің символы болатынына сенімдімін.


Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Осы айтылғандардың негізінде «Қазақстан флорасы» энциклопедиялық анықтамалығын дайындау идеясын өз қамқорлығыңызға алып, қолдау білдіруіңізді ғылыми-творчестволық ұжымның атынан өтініп сұраймын.

Құрметпен, Нұғман Аралбай,
ҚР биоалуантүрлілікті сақтау және парықты пайдалану және ҚР шөлденуге қарсы күрес ұлттық стратегияларын дайындаған авторлар ұжымының мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор


Просмотров материала: 4 063

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 216 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 037 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 009 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 951 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 933 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 859 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 037 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 316 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 313 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 560 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 708 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930