21 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Bek Air қызметкерлері билікке үндеу жариялады

15 январь 2020, 11:33
Bek Air қызметкерлері билікке үндеу жариялады
Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымының қызметкерлері тексеру жұмыстарын тездетіп, тергеу қорытындыларын шығарса екен дейді. Олар Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялады. Қызметкерлер алдағы уақытта не боларын асыға күтуде. Мамандар Алматы маңында болған ұшақ апатының тексеру жұмыстарын бастаған кезде Bek Air-дің лицензиясы тоқтатылып, рейстердің барлығына шектеу қойылған. Бұған қоса 300-ден астам қызметкер ақысыз жұмыс демалысына жіберіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Bek Air ұйымының қызметкері Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялау үшін әуекомпаниясының кеңсесіне жиналыпты. Апат орын алғанына үш апта болған, осы уақытқа дейін қызметкерлер төленбейтін еңбек демалысында жатыр екен. Әуе тасымалдаушы ұйымының лицензиясына шектеу қойылған, сол себепті мекемеде жұмыс атқарып келген әуесеріктер, инженер мен есепшілер не істерін білмей дал болып жүрген көрінеді. Амалдары таусылған олар биліктегілерден көмек сұраудан басқа шарамыз қалмады дейді.

"Барлығымыздың табыс көзі тоқтаулы, не істерімізді білмей, басымыз қатып кетті. Ұйымның лицензиясы тоқтаулы болғандықтан, жұмыс та жоқ, жалақы да жоқ. Тергеу жұмыстары қашан бітетіндігін бір Құдай біледі. Ал бізге үйдегі отбасымызды асырап, баспанамыздың төлемақыларын жүргізуіміз қажет", - дейді бортсерік-нұсқаушы Тұрсын Ахметов.

Мұрат Сахов бұл мекемеде қызметкер болып жүргеніне 3 жылдан асыпты. Қазір ер азамат Fokker-100 ұшағының апатына куәгер болғандардың қатарында. Ол құлаған әуе кемесінінен басқа да жолаушылардың шығуына көмектескен. Дегенмен істің анық-қанығын ашып айтпады. Алдағы уақытта бәрі де белгілі болады дейді ол.

"Жалақымыз тоқтаулы күйде. Басқа мамандыққа барғымыз да келмейді, өзіміздің жұмысымызға үйреніп қалған едік. Барлығының да бала-шағасы бар, кейбіреулері тіпті көпбалалы. Олардың несиелерін айтпасақ та түсінікті. Мен тезірек тергеу жұмыстарын біткенін қалаймын", - деді бортсерік Мұрат Сахов.

27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғадан кейін әуе компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылған болатын. Ал премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сол уақытта Bek Air-дің әртүрлі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатынан бас тартуға тырысып келгенін де мәлімдеген. Тіпті еліміздің Азаматтық авиация комитеті халықаралық стандартқа сай қауіпсіздік сертификатын алуды міндеттеген кезде «Бек Эйр» басшылары қарсылық танытып, сотқа бергені де белгілі болды.

"Мен ешкім де, ешқашан бірін-бірі қорғап, сөзін сөйлемейді деп сендіргім келеді. Өйткені кеткен кемшілік көп. Халықаралық әуе рейстеріне шығуды жоспарлаған Bek Air компаниясы әртүрлі деңгейдегі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын осы жылдар бойы алмай келген. Бірақ министрлік өрескел заң бұзушылықтарға жол берген жоқ", - деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Bek Air қызметі белгісіз уақытқа тоқтатылды. Осы кезге дейін ұйым ішінде не болғанын, ұшақтардың қандай жағдайда, қашан жөндеуден өткенін, қандай ережелер сақталып, олардың қайсысы бұзылғанын сарапшылар анықтайтын болады. Дегенмен олар да тексерістің қашан бітетіндігін әзірге білмейді. Мәскеулік мамандар борттық жазбаларды шифрлеуден өткізген. Сонымен қатар ұшақты құрастырып шығарған Нидерландыдағы өндіріс орны тексеріледі.
Просмотров материала: 852

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 445 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 966 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 541 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 589 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 909 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 713 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 074 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 328 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 470 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 018 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 168 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 065 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 194 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 177 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 849 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 059 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 566 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 115 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 880 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 157 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 519 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 855 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 919 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 878 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 098 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 242 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031