27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты

14 январь 2020, 17:30
Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты
Үкімет жанындағы ұлттық комиссияның өкілдері латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасын қарап шықты. Ал орфографиялық жұмыс тобы өз ескертуін жасады. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген комиссия мүшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов әрбір нұсқаны жеке-жеке таныстырды.

1. "Bailatyn" жобасы. Онда классикалық латын әліпбиінің 26 әрпі толық қамтылған. Алайда қазақ тіліндегі барлық дыбысқа таңба берілмеген. Мәселен, "а" мен "ә" дыбысына ортақ бір "а" таңбасы енгізілген, "ү" мен "і" де солай. Ал "ө"-ні мүлдем алып тастаған.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар Тоқаевтың жаңа әліпбиге неліктен көңілі толмағанын түсіндірді

"Мысалы, "сан" деген сөзді жазғанда "сән" емес екенін қосымша режиммен түсіндіру керек. Ал "ә"-мен келетін сөздер көп қой. Жобада "о" таңбасы беріледі, бірақ "ө" жоқ. Сосын "ү" мен "і" мүлдем жоқ. Олардың бәрін ереже арқылы түсіндіреміз дейді. Ал ондай мыңдаған сөз бар ғой", - деді Тілешов.

Оның айтуынша, латын графикасының барынша ықшам әрі оңай нұсқасын жасауға тапсырма берілді. Ал ереже көп болса, жазу керісінше қиындап кетеді.

2. "Kazak Grammar" жобасы. Бұл нұсқаның тиімді бір тұсы – диграфтың жоқтығы. Авторлар умлаутты пайдаланған. Кемшілігі: "г" мен "ғ" дыбысына бір таңба. Сол сияқты "к" мен "қ" дыбысы тек "к"-мен ғана берілген.

"Сонда ертең түріктердегі сияқты "қ" дыбысы жойылып кетпей ме? Барлығы "ақ" деген сөзді "ак", "Ақсуды" "Аксу" деп айтса, таңбамызды жоғалтып аламыз ғой", - деп түсіндірді Тілешов.
Бұдан бөлек, осы жобада әріптер ағылшын әліпбиінің тәртібімен орналастырған. Ал қазақ тілінің төл таңбалары аяқ жағында берілген. Кеңес мүшелері бұны тілге деген немкеттілік деп санайды.

3. Қуантқан Вановтың әліпби жобасы. Маңғыстаулық математик өз нұсқасында математикалық таңбаларды пайдаланған. Оның әліпбиінде 33 әріп бар.

"Бұл кісі ноқат қоймау үшін немесе төменгі жағын сызбау үшін таза математикалық-геометриялық таңбалармен шыққысы келген. Идея дұрыс. Бірақ мәтін жазғанда сөздері түсініксіз болып кетеді. Оған үйрену де оңай емес", - дейді Тілешов.

4. Ескендір Тасболатовтың жобасы. Автор өз әліпбиіне "ц" әрпін енгізген. Бірақ "ғ", "ң", "ш" мен "ч"-ға диграф берген. Сосын "и" мен "і-ні" тағы ортақ таңбамен көрсетіпті.

"Адамдар тағы шатасады ғой. Ол "интернет" пе? "Інтернет" пе? "Діректор" ма? "Директор" ма? Оған тағы қаптаған ереже болады. Ал "і" дыбысы жиі кездеседі. Өйтені тәуелдік септігінің бәрінде осы дыбыс тұрады. Кімнің? Ненің? "Менің", "сенің", осы сөздерді күнде айтамыз ғой. Ертең "мениң", "сениң" деп тағы шатасамыз", - дейді Тілешов.

5. Манас Сапарбаевтың жобасы.
Негізгі кемшілігі: 8 диграф. Онымен мәтінді конвертер арқылы өткізгенде техникалық ақаулықтар шығады. Ал, ең бастысы, түркі халықтарында "бір дыбыс – бір таңба" қағидаты сақталмай отыр.

Комиссия мүшесі Ербол Тілешовтың айтуынша, бүгінде түркі халықтарының ішінде тек қарақалпақ пен қазақтың латын графикасында ғана диграф бар. Одан құтылу қажет. Қазіргі кезде қарақалпақтар да диграфтың ыңғайсыздық туғызатынын ашық айтып отыр.

6. Нұрлан Түлтебаевтың әліпби нұсқасы. Жобада 35 таңба бар, "х" дыбысына бөлек таңба берілген. Автор сирек таңбаларды да ұсынады. Бұдан бөлек, "и" мен "у" әрпін таратып жазу қажет дейді.

Комиссия мүшелері "и" мен "у" әрпін таратып жазуға қатысты мәселенің көптен бері көтеріліп келе жатқанын айтады. Осы уақытқа дейін біраз мақала да жазылды.

"Негізгі мәселе мынада, "и" мен "у"-ды ашып жазамыз ба, жоқ па? Мысалы, қазір біз "су" деген сөзді екі таңбамен жазып жүрміз. Ғалымдар екі дыбыстың ортасында естіліп тұрған "ұ" әрпін де жазуымыз керек дейді. Сонда "сұу" болады. Олай болса, екі әрпің үш әріп болады, яғни, біз тағы шұбалыңқылыққа жол береміз", - дейді Тілешов.

Ғалымның айтуынша, "и" мен "у" әрпін таратып жазбасақ та, естіліп тұрған дыбыстар жоғалмайды. Ал таратып жазу мәселесін орфоэпиялық сөздікте де көрсетуге болады.

7. Студент Абзал Дәуренбекұлының жобасы. Автор өз әліпбиінде диграфпен қатар триграф та қолданған. Сосын "у" дыбысына латынның "w" таңбасын берген.

Ербол Тілешов "у" дыбысына "w" таңбасын беруге қатысты мәселенің көптен бері көтеріліп жатқанын жеткізді. Бірақ халықтың көзі оған үйренбеген. Мәселен, "университет" сөзі "wniversitet" деп жазылады.

"Негізі, "у"-дың өзінің халықаралық дыбысы бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбиді жетілдіру керек деп айтты ғой. Сол жетілдірудің бірі "у" дыбысына қатысты. Қазір "u" таңбасын "ұ"-ға беріп жүрміз ғой. Оны өзінің "у"-на қайтару керек деп ойлаймын. Өйткені бұл – халықаралық тәртіп", - деп атап көрсетті Тілешов.

Сондай-ақ, Абзал Дәуребекұлы "ц", "ю", "щ" сияқты әріптерді де енгізіп, кирилл әліпбиін латын графикасында қайталап беру керек деп ойлайды.

Бұдан бөлек, ұлттық комиссияда Жандос Темірғали, Жанат Аймағамбетов және тағы бірнеше автордың нұсқасы қаралған болатын. Барлығына тіл мамандарының қорытындысы берілді.

"Бір таңба – бір дыбыс" керек

Комиссия мүшелері осы уақытқа дейін ұсынылған жобалардың артықшылығы бар екенін де айтып отыр. Соның бәрі қорытындыға енгізілді. Мәселен, "Bailatyn-да" орфоэпия заңдылығын транскрипция арқылы оқытуға болатыны көрсетілген. Диакритикалық таңбалар қолданылмаған. Бұл – оның артықшылығы.

"Сол сияқты Қуантқан Вановтың әліпбиі халықаралық фонетикалық таңбаға сай келеді, диакритикалық таңбалар жоқ. Ол да жақсы ерекшелік. Бұдан бөлек, авторлар седильді пайдаланып, "ш"-ны "ç" деп белгілеген, ол да тиімді ұсыныс. Қазіргі түрікмен, түрік, өзбек мен әзербайжан әліпбиінде седильді қолданады", - дейді Тілешов.

Оның сөзіне қарағанда, жобаларды ұсыну жағынан нақты бір дедлайн жоқ. Президенттің тапсырмасынан кейін тіл комитетінде 20-дан астам жоба түскен. Бірақ қазіргі кезде ұсыныстардың легі саябырсыды.

Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты


"Әліпбиге қатысты басты талап – қазақтың әр дыбысына жеке таңба беру. Біз жаңа әліпбиге көшеміз деп, дыбыстарымызды шашып-төгіп алмауымыз қажет. Біз диграфтан да қашып отырмыз. Себебі "бір таңба – бір дыбыс" принципі сақталуы шарт. Әрине, умлаут, седиль, акут сияқты диакритикалық белгілерді алған аса тиімді емес. Таза латынның әліпбиімен шыққан жақсы. Бірақ қазақ тілінің төл дыбыстарын 26 таңбамен беріп шығу мүмкін емес", - деп атап көрсетті ғалым.

Осы орайда тіл маманы президенттің латын графикасын жетілдіруге қатысты тапсырмасын да түсіндірді. Оның ойынша, қазіргі нұсқаның кейбір кемшін тұстарын түзетсе, біраз мәселе шешіледі.

"Президент Тоқаев ең алдымен қазіргі "акут әліпбиін" жетілдіру керек деді. Иә, кейбір таңбаларды өзгерткен дұрыс. Ол, әсіресе, диграфқа байланысты. Сосын "и" мен "і"-ге ортақ "i" таңбасын беруге қатысты мәселе бар. Біреуі түртілсе, екіншісі түртілмейді. Содан конвертер қазіргі әліпбидің 0,01 пайызын оқымай тұр. Негізі, ол 100 пайызға оқылуы қажет. Осыны түзететін болсақ, конвертер оқиды. Оған елдің көзі де үйреніп келеді", - дейді Тілешов.
Просмотров материала: 1 704

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 420 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 238 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 211 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 154 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 137 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 111 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 625 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 774 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930