20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Райымбек ауданында жаңа ғимараттар пайдалануға берілді

Бүгін Алматы облысы Райымбек ауданында бірнеше жаңа әкімшілік ғимараттар ашылып, пайдалануға берілді. Соның ішінде сервистік әкімдік, аудандық әкімдік ғимараты және республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер отыратын ғимарат облыс әкімі Амандық Баталовтың Райымбек ауданына жасаған сапары барысында есігін айқара ашты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Райымбек ауданында жаңа ғимараттар пайдалануға берілді




Облыс әкімі Амандық Баталовтың сапары алдымен Нарынқол ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысудан басталды. Құрылысын «Фуд МС» ЖШС жүргізіп жатқан нысанның аумағы 4 мың шаршы метрден астам. Мұнда күрес, бокс залдары, футбол, баскетбол, гандбол, волейбол алаңдары мен шынығу залы, массаж кабинеті және басқа да қажеттіліктер қарастырылады. Облыс әкімі мердігер компанияға құрылыс жұмыстарына қарқын қосу керектігін ескертті. Нысан құрылысымен қоса айналасын абаттандыруды да атқару керектігін айтты.



Дәл осы кешенге қарсы бетте 83 тұрғын үйдің салынатын орны белгіленіп, құрылыс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Соның ішінде екі кезеңмен 33 үй салынады. Олардың жалпы жобалық құны – 705 млн. теңге шамасында. Амандық Баталов тұрғын үйлердің құрылысымен ғана айналысу аздық ететінін айтты. Оның айтуынша, мұнда жарықтандыру, көгалдандыру, арық жүйесі, үй қоршаулары, жолы мен тротуары бар жаңа көше пайда болып, жаңа құрылыстардың өзі шағын қалашыққа айналуы тиіс.

Мұнан соң облыс басшысы бастаған ресми өкілдер республикалық бағыныстағы мемелекеттік мекемелер отыратын ғимаратқа барды. Жаңадан салынған бұл нысанның ішінде аудандық кірістер, статистика, қазынашылық басқармалары орналасқан. Амандық Баталов мекеменің жұмыс кабинеттерін аралап, жасалған жағдайлармен танысты.

Нарынқол ауылында жаңадан салынып жатқан «Азаматтарға арналған үкімет» ғимараты да назардан тыс қалған жоқ. Мұнан кейінгі нысан сервистік әкімдік болды. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыспен қамту, білім, жер қатынастары, ветеринария және басқа да жалпы саны 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 30 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Амандық Баталов қызметшілермен тілдесіп, жұмыс барысымен танысты. Мәселен, Ел-Аман Аманбек Райымбек ауданы жаңадан құрылған сәтте «Жастар практикасы» бағдарламасымен туған жеріне оралып, осы өңірде орнығып қалған. Ал Азат Исадін Алматы қаласындағы жұмысын тастап, кіндік қаны тамған жерге қайтып, қызмет етуді жөн деп тапқан. «Жаңадан құрылған ауданның аяғынан тік тұруына қызмет етіп, үлес қоссақ деген ниетпен келдік», - дейді жас мамандар.

Аудандық әкімдіктің жаңа ғимаратына барған облыс басшысы Амандық Баталов мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кабинеттерін аралап көрді. Жаңа нысандардың мүмкіндіктерімен танысып болғаннан кейін аудан активімен жиын өткізді.



Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндап берді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жыл соңына дейін 26,7 млрд. теңгеге жетеді деп болжанып отыр. Яғни 2018 жылмен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге артады. Ал 2020 жылы өнім көлемін 29,0 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Аудан әкімі өз сөзінде ет өндірісі, картоп өсіру, инвестиция тарту сияқты маңызды шараларға тоқталды. Мәселен, жыл соңына дейін мұндағы инвестиция көлемі 4,6 млрд. теңгеге жеткізілмек.

Сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасының тарихи шешімімен өз алдына бөлек ірге тіккен Райымбек ауданын қайта түлетуге мемлекет тарапынан барынша көмек көрсетеліп жатқанын атап өтті.

- Бүгін Жаңа жылдың алдында Нарынқолда салынған жаңа ғимараттарды іске қосып, өздеріңізбен жүздесуге келдім. Бұл аяқталған жұмыстар қалпына келтіру ісінің бір белесі ғана. Осы ауқымды жұмысты бастаған Жолан Омаровқа рахмет айтамыз. Не нәрсенің де бастауы қиын. Сол басталған жұмысты ары қалай ауданның қазіргі басшысы Нұржан Құдайбергенов өздеріңізбен бірге оңды жалғастырып келеді. Біз ауданға барынша қолдау көрсетіп келеміз. Нарынқол өңірін дамытуға 7 млрд. теңге бағыттап отырмыз. Оған ауыз су жүйесі, жолдар, әлеуметтік маңызды нысандар салынады. Сервистік-дайындау орталықтарын құрып, ауыл шаруашылығына да тиісті жәрдем көрсетілді. Бұған дейін 20 тұрғын үйді пайдалануға бергенбіз, алдағы уақытта тағы 33 үй іске қосылады. Бұл құрылыстар жас мамандарды үймен қамтуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Біздің ең басты байлығымыз – халық. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жағдай жасау – басты міндетіміз. Осы жолда Нарынқол өңірінің азаматтары да үлкен үлес қосуда. Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстың 60-тан астам азаматы мемлекеттік наградаға ие болды. Солардың ішінде Райымбек ауданының да азаматтары бар. Жаңа аудан бұдан да биік табыстарға жете берсін! Жаңа жыл баршаңызға құт-береке әкелсін – деді А. Баталов.

Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Медетхан Абиров, ардагер ұстаз Балжан Омарова, жас маман Қадыржан Сабырақын және басқа да азаматтар пікірлерін айтып, ауданның қайта еңсе тіктегені үшін Елбасының атына зор алғыстарын білдірді. Сонмен қатар М. Абиров ұсыныс ретінде Мұқағали Мақатаевтың алдағы 90 жылдығы қарсаңында Нарынқолға ақынның ескерткішін орнату, саябақ салу туралы ойын жеткізді.
Жалпы Райымбек ауданына бүгінде 2 мыңға жуық тұрғын қайта оралған. Соның 1 мыңдайы – жас маман. Ауданды қалпына келтіріп, дамыту үшін 2018 жылы облыстық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы қаржыландыру 3,9 есеге артып, 7 млдр. теңгеге жеткен.
Просмотров материала: 2 175

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 699 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 522 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 491 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 426 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 409 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 666 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 736 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 295 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 291 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 441 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930